Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет85/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

 
Раушангүл Авакова 
 




Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
201 
ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ 
Раушангүл Авакова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркітану 
және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі 
филология ғылымдарының докторы профессор 
e-mail: r_avakova@mail.ru 
⸹1 Қазақ фраземикасындағы ұлт мәдениетінің көрінісі 
ХХ ғасырдың соңына қарай мәдениетке ерекше көңіл бөлініп, 
мәдениет пен ұлт сабақтастығы, мәдениет пен әдет-ғұрып 
сабақтастығы қатынастарына орай зерттеудің жаңа тәсілдері мен 
жаңа нысандары қолға алынуда. 
Бұрынғы гуманитарлық ғылымдарда орын алған үйреншікті, 
дәстүрлі зерттеулер мен көзқарастардың орнына, жаңа танымдық 
мақсаттар жүзеге асырылуда. Тіл біліміндегі эволюциялық даму – 
тарихилық пен сипаттамалықтан жүйелілік пен құрылымдылыққа 
дейін немесе коммуникативтік пен функционалдылықтың өзі 
біржақтылықты ғана керек етпейтін, көп аспектілі, сан қырлы 
қасиеттерге ие тілдің универсалды теорияларымен түсіндіру 
жеткіліксіз, қандай да бір формулаға бағындыруға бола 
қоймайтын және толыққанды топтастыруларға келе бермейтін 
құбылыс екені дәлелденді. 
“Әлемдегі бірбүтін дамудың орталығы деп танитын мәдениет 
іспетті тіл де бізге өзінің қырлары мен сырларына, жұмбағы мен 
құпиясына толы шексіз қасиеттерін ашуда. Әлемді қалай көреміз, 
қалай түсінеміз, қалай сезінеміз деген мәселелер ғылымда көп 
зерттеле қоймаған, әлі де толықтырулар мен ізденістерді талап 
ететін зерттеулердің бірі болып табылады. Қарапайым тілдің 
логикалық жағы, әсіресе, эмоцияны, “сезімдік ойлауды” талап 
етпейтін жағдайда қасиеттері өте шектеулі”[Р.А. Авакова, 2013; 30 
б.]. . 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
202 
Адамның шығармашылық қызметі мәдениетпен, әдебиетпен, 
тілмен қалай сабақтасады деген мәселемен семиотика ғылымы 
айналысады. Семиотика әдістері тіл білімінің фразеология 
саласында жиі қолданылады, яғни фразеологиялық фактілерді 
реконструкциялау негізінде – ұлттық мәдени дәстүрлерді анықтау 
(ұлттық мәдени архаиканың “консерванты” болып табылатын 
фактілердің тілдің фразеологиялық жүйесіндегі орны). 
Соңғы жылдары тіл білімінде кеңінен құлаш алған
фразеологиялық қорды диахрондық тұрғыдан талдайтын 
этнолингвистика саласы кешенді түрдегі зерттеулер болып 
табылады. Белгілі бір халықтың ертедегі мифологиялық 
түсініктері, әлем моделдерінің дәстүрлі ерекшеліктері, ертедегі 
культтік сана-сезімдер мен дәстүрлері және т.б. тілдік дерек 
ретінде қарастырылады. Бұл салада Ресей ғалымдары, Н.И. 
Толстой 
еңбектері 
“Славян 
лексикологиясы 
және 
семасиологиясы” мен оның шәкірттері және Қазақстан тіл 
білімінде академик Ә.Т. Қайдар мен оның мектебі еңбек етуде. Бұл 
тұста фразеология этнолингвистикалық мағлұматтың қажетті 
ерекше деректері ретінде қарастырылады, оның табиғатындағы 
халықтық мәдениет (халықтық онотология, психология, ұлттық 
көзқарас және т.б.) тілде көрініс табады. 
Ертедегі мифологиялық кодтардың көріністері (стихиялық, 
анималистік, вегативтік және т.б.) тіл фактілерін талдауда тарихи-
генетикалық негіздерін анықтаумен қатар жүргізіледі. Қазақ тіл 
білімінде фразеологиялық “мифопоэтиканы” (әлем бейнесінің 
дәстүрімен байланысты тұрақты бейнелі бірліктер мен 
мифометафоралар) талдау арнаулы зерттеу нысаны болған емес.
Орыс тіл білімінде осы тұрғыдағы зерттеулерді В.М. Мокиенко 
мен оның шәкірттері қарастыруда. Бұл мектеп зерттеулерінде 
әдеби тіл фразеологиялық бірліктерге синхрондық және 
диахрондық тұрғыдан сабақтастыра талдау жасап, олардың 
құрылымдық-мағыналық модельдерін анықтап, ол модельдерді 
фразажасам принципі және мәдени таңбаның көрінісі деп 
дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет