Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
236
құдайындай, тайын тәңіріндей, нар атандай, нар еді ердің құны,
нардың пұлы, ауызыңа май, астыңа тай және т.б.
Қазақ тіліндегі фраземаларды жіктеп талдау, көшпелі халықтың
төрт түлік мал туралы ұғым-түсініктері бейнелеу немесе
ассоциациялы салыстырулар түрінде тілдегі фраземаларда
сақталғанын көрсетеді. Мұндай ассоциациялы салыстырулар мен
ұқсатулар бейнелі-реңктік негіздер арқылы жүзеге асады.
Сондықтан фраземалардың күрделі табиғатын анықтаудың кілті
тілдің бай фактілерінде – халықтың рухани байлығының
сақтаушысы.
Фраземалар халықтың өмір-тіршілігімен, жалпы қоғаммен,
тарихпен, материалдық және рухани мәдениетімен тығыз
байланысты болып келеді. Бұл байланыстар бүгінгі тілдік
қолданыста ұмытылған, тек олардың астарлы, бейнелі
мағыналары ғана сақталған. Қазақ халқының күнкөрісі, тұрмыс-
тіршілігі төрт түлік малға байланысты. Жесе – азық, кисе – киім,
мінсе – көлік дегендей, көшпелі жағдайда өмір сүрген қазақ халқы
үшін төрт түлік мал тіршілік тірегі болды.
Өзінің тұрмыс-тіршілігінде осындай ерекше орын алған пайдасы
тиіп, қызметі сіңген төрт түлік мал жайында қазақ халқы ерте
заманда-ақ неше түрлі әңгіме, жыр, аңыз, өлеңдер шығарған.
Бұлардың бәрінде де мал арманы, тілек-мүддесі көрініп отырады.
Қазақ мәдени өмірінде адамдар жаратылыс сырын түсіне алмаған
кездің өзінде-ақ төрт түлік малға байланысты шығармалар туа
бастаған.
Ш. Уәлиханов “Шамандықтың қазақтардағы қалдығы” дейтін
еңбегінде төрт түлікке байланысты шығармалардың алғашқы
үлгілері ертеден адамның ой-өрісі төмен сатыда тұрған кезінде
шыққандығын айтады. Жаратылыс сырын түсіне алмаған ол
кездегі адамдар әлем дүниесіндегі әрбір құбылыстарды өзінше
жорыған, бұларда жаратушы күш бар деп сенген, соған табынған.
Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлардың алғашқы үлгілері
осындай ескі наным-сенімдерге байланысты туған. Онда әрбір
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
237
түліктің жаратушы құдайы бар деп білген. Мәселен, қазақта
“Қазығұрт тауы” деген әңгіме-жыр бар. Осы жырда халық төрт
түлік малдың қалай пайда болғанын ескі діни ұғымдарға
байланыстыра былай баяндайды: Баяғы бір заманда дүние жүзін
топан-су қаптап кетеді. Тек Қазығұрт тауы аман қалады және осы
таудың ығына Нұқ дейтін әулиенің кемесі тұрады. Топан-су
қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Кеме ішінде
төрт түлік малдың әрқайсысынан тұқым бар. Бұл түліктерді сақтап
қалған олардың жаратушысы, иелері болады. Жылқының иесі –
жылқышы ата (Қамбар ата), қойдың иесі – Шопан ата, түйенің иесі
– Ойсыл қара, сиырдың иесі – Зеңгі баба, ешкінің иесі – Сексек ата
деп әрқайсысына жекелей ат қояды [М. Ғабдуллин, 1974; 37
б.]. “В так называемый магико-мифологический период развития
этноязыковых
общностей
люди
глубоко
верили
в
чудодейственную силу слова, они или с блоговеннием или со
страхом говорили о технологических, мияологических понятиях и
усматривали в названиях предметов и явлений нечто
таинственное. В силу этой веры любой мог обратиться к Зенгибабу
(покрывателю рогатого скота), Ойсылқару (покрывателю
верблюдов), Камбарату (покрывателю лошадей), Шопанату
(покрывателю овец), Шекшекату (покрывателю коз) с просьбой
оберегать его скот от падежа и других стихийных бедствий” [Ә.
Қайдаров, 1998; 44 б.]. Төрт түлік малдың өз алдына иелері
болуына, әрқайсысына жекелей ат қоюына қарағанда, “Қазығұрт
тауы” сонау ерте заманда, көп құдайға табынған шамандық
дәуірде туған деген жорамалдар бар. Бертін келе, қазақ арасына
ислам діні тарап, көп құдайға табынушылық біртіндеп жойыла
бастайды. Өйткені ислам дінінің шарты бойынша, жаратушы
құдай біреу ғана деп айтылады. Бірақ қазақтар ислам дінінің
шартына да жан-тәнімен беріліп кете қойған жоқ.
Қазығұрт тауы туралы ел арасында мынандай аңыз сақталған:
Дүниені топан су қаптағанда, Нұқ пайғамбар жан-жануар,
жәндіктердің барлық түрінен тұқым алып, кемесінде сақтап
қалған. Нұқтың кемесі аңыздарда Қазығұрт тауына келіп іліккенін
айтады. Ал жоғарыда аталған төрт түліктің иелері мен иесінің
|