Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
153
Қазақ тіл білімінде жалғау, жұрнақтар туралы мақала бастырып
шығару 1930 жылдардан басталады. Х.Басымовтың «Қазақ тілінің
жалғау, жұрнақтары» деген мақаласы 1930 жылы «Жаңа мектеп»
журналының 6 – 7 нөмірлерінде шықты /7/. Бұл алғашқы мақала
болғандықтан оны әдейі атап отырмыз, одан кейін талай мақала
шыққаны белгілі, оларды санамалап, атап жату артық деп санадық.
Бірақ, бұл жұрнақ мәселесінің ғылымы нысанаға ілігуінің айғағы.
Сөзжасам мәселелері зерттеліп, одан біртіндеп диссертациялар да
қорғала бастады. Осы бағыттағы алғашқы диссертациялар
Ә.Төлеуовтың диссертациясы. «Словообразовательные аффиксы
имен в современном литературном языке» деп аталған /8/. Төлеуов
бұдан кейін де есім сөздердің сөзжасамы туралы бірнеше еңбек
жариялады. Соның бірі зат есім мен сын есімнің синтетикалық
тәсіл арқылы жасалуын зерттеуге арналған еңбегі.
Профессор А.Хасенова-Қалыбаева етіс категориясы бойынша
қорғаған диссертация негізінде 1951 жылғы «Қазақ тіліндегі етіс
категориясы» атты еңбегі жарияланды. Онда етіс аффикстерінің
жаңа сөз тудыруда лексикалық қызмет атқаруы жайында сөз болса
/9/, ғалымның 1959 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі туынды
түбір етістіктер» деген еңбегінде қазіргі қазақ тіліндегі аффикс
арқылы пайда болғаны туынды түбір етістіктер сөз етіледі.
1949 жылы Г.Н.Жаркешева «Слитные слова в современном
казахском языке» /10/, ал 1956 жылы Б.Құлмағамбетова
«Аффиксальное словообразование глаголов в современном
казахском языке» деген тақырыпта дессертация қорғады /11/.
Б.Құлмағамбетованың зерттеу жұмысында туынды етістіктерді
жасайтын жұрнақтардың рөлі, олардың өзіндік мағыналары және
өнімділік дәрежесі анықталған. Зерттеуші етістіктер зат есмімнен,
сын есіммен, еліктеуіш сөзден және түбір етістіктерден жасалады
деген қорытындыға келеді.
1960 жылы А.Хасенова «Глагольные основы казахского языка»
(производные глаголы синтетического образования) деген
тақырыпта қазақ әйел ғалымдарының ішіндегі тұңғыш рет
докторлық диссертация қорғаған ғалым.
З.Бейсембаева ғылыми жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі сөз
тудырушы жұрнақтардың белгігі бір тобын зерттейді /12/. Автор
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
154
жұмысында қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы ең
алдымен, сөзжасамдықтәсілдер арқылы жасалған жаңа сөздермен
толығып отыратын ескере келіп, зат есім тудыратын жұрнақтарға
тоқталады, сөзжасамдық аффикстер өнімділігінің дәрежесін
анықтайды.
Кейбір жұмыстарда қазақ тілі сөзжасамының ерекшеліктері басқа
тілдермен салыстыру барысында айқындалады. Мәселен,
Е.Н.Шипова жұмысын орыс және қазақ тілдеріндегі зат есімдерді
жасайтын сөзжасамдық тәсілдерді салыстырмалы түрде зерттеуге
арнайы отырып, осы екі тілдің сөзжасамындағы өзіндік
ерекшеліктерді айқындайды /13/. Сондай – ақ, Б.Қайымованың
диссертациялық жұмысында етістіктен есім тудыратын жұрнақтар
талданады, етістіктен зат есім және сын есім тудыратын ортақ
жұрнақтардың сипаттамасы беріліп, жалпы жұрнақтардың өнімді,
өнімсіз түрлері олардың жаңа сөз жасаудағы рөлі айқындалады
/14/.
Бұл еңбектер қазақ тіл білімінде алғашқы диссертациялар
болғандықтан, оларды тізбелеп атап отырмыз. Сонымен бірге тіл
білімінде алғашқы ғылымы зерттеулердің нысаны сөзжасам
жұрнақтары болғанына назар аудартпақпыз.
Сөйтіп, қазақ тіл білімінде ғылыми зерттеу сөзжасамдық
жұрнақтардан басталып, жекеленген зерттеулер аналитикалық
сөзжасамды да қамтығанын байқаймыз. Бұл тақырыптарды
зерттеушілер сын есім, зат есім, етістік жұрнақтарын анықтады,
олардың мағыналарын ашты, олар арқылы жасалған туынды түбір
сөздерге талдау жасады. Сонымен бірге, аналитикалық тәсіл
арқылы жасалған біріккен сөздер, олардың құрамы, мағынасы,
жасалу тәсілдері анықталды.
1950 жылы А.Ысқақов үстеу, ал 1953 жылы Ж.Шакенов сын есім
мәселесі бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Екі
диссертацияда да сол сөз таптарының сөзжасамы қарастырылды
/15,16/.
Ж.Шакенов 1961жылы шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім
категориясы» деген еңбегінде сын есімнің сөзжасам мәселесін
кеңінен қарастырады. Автор сан есімдердің синтетикалық,
|