Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет76/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

 
 
 
 
 
 
 
БӨЛІМ 10 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ 
ТІЛІНІҢ (ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ) ӨМІРШЕҢДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ 
 
Ғазиза Шойбекова 
 




Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
179 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ 
ТІЛІНІҢ (ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ) ӨМІРШЕҢДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ 
Ғазиза Шойбекова
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 
қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарынң 
кандидаты 
Техника ғылымының қарқынды дамуының нәтижесінде пайда 
болған технология мен олардың қызметтеріне қатысты атаулар, 
жаһандану мен ғаламтордың, БАҚ қызметі белсенділігінің артуы 
(интернет, компьютер, телефон СМС-тері қызметі, т.б.), ғылым 
мен ғылым тілі арқылы терминдік қабаттың көбеюі, т.б. мәселелер 
адамзаттың өміріне қажеттігін байқатады. Сонымен қатар бұл 
аталғандардың бәрі де тілсіз жүзеге аспайтын, тілсіз 
орындалмайтын категорияларға жатады. Кез келген ақпараттық 
технология құрылғылары арқылы орындалатын әрекеттің сол 
техника тілі арқылы жүзеге асатынын көрсетеді. Мәселен, осы 
мақаланы жазу барысында пандемия кезінде үйде отырған мен 
ноутбугімде бар материалдардан қарадым, интернет желісінен 
оқыдым, скачать етіп алдым, копировать етіп алдым да, сохранить 
етіп, одан кейін оқып отырып, керек жерлерін қажетіме жараттым. 
Осы әрекеттерді орындау үшін гуглға жаздым, найтиға бастым
уикипедияға жүгіндім, т.т. Осылай жалғаса беретін әрбір әрекетім 
ақпараттық технология тілі арқылы орындалып жатыр. Бірақ 
байқасақ, таза қазақ тілінде орындалып жатпағандығын көреміз. 
Бұл әрекетті тек біз (мен) ғана, осындай аралас тілдік бірліктер 
арқылы орындап отырған жоқпыз, қашықтықтан жұмыс істеу 
кезінде онлайн коммуникацияға түскен кез келген адам дәл осы 
әрекетті қайталап отырғанына сенімім мол. Демек, осындай аралас 
тіл арқылы бірнеше адам (яғни қазақ) өзара тілдік байланыс 
орнатып отыр. Осы байланыс күнделікті қайталанғанда сіздің 
пайдаланған лексикалық бірлігіңіздің қаншасы таза қазақша 
сөздер болғанын есептей алдыңыз ба? Міне, егер сіз ойланып 
қалған болсаңыз, ендеше, осы жағдайда қазақ тілінің өміршеңдігі 
туралы айту мүмкін бе? Бұл сұрақтар қазіргі таңда ақпараттық 
технология тілінің қазақыландырылуы (қазақыландырылған ғой, 
негізі, бірақ ол дискурсқа түспей тұр ғой) қажет екенін немесе 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
180 
шеттілдік сөздердің ұлттық тілдің заңдылығына сәйкес өзгеру 
қажеттігін тудырып отыр.
Ақпараттық технология түрлеріне байланысты түрлі ақпараттық 
процестер орындалып жатады. Ақпаратты жинау, ақпаратты 
өңдеу, ақпаратты жеткізу, ақпаратты сақтау, ақпаратты ұсыну, 
ақпаратты пайдалану, ақпаратты қорғау т.б. сынды түрлерін 
орындау барысында қолданылатын лексикалық бірліктер – 
ақпараттық технология тілдік бірліктерін, сонымен қатар 
терминдерін қалыптастырады. Ақпараттық технологиялардың 
негізгі көзі компьютер, ноутбук, смартфон, планшет т.б. болса, 
осы техникалардың қызметтері бірыңғай ақпарат беру, алу болса, 
қызметтері де ұқсас болады.
Әр тілдің сөз жасау жолдары, тәсілдері бар. Кезінде ұлт тілінде 
термин жасаған ұлт зиялыларының тілді жақсы білуімен қатар, 
тілдің заңдылықтары мен сөзжасам тәсілдерінен хабары мол 
болғанын байқауға болады. Оған Ахмет Байтұрсынұлының, Елдес 
Омарұлының, Нәзір Төреқұлұлының, Мағжан Жұмабайұлының, 
Жүсіпбек Аймауытұлының, Халел Досмұхамедұлының, Жұмахан 
Күдериннің, Сұлтанбек Қожанұлының, Телжан Шонанұлының 
т.б. өткен ғасыр басындағы қазақтың ғылым тілінің қалыптасуына 
атсалысқан алаш азаматтарының жасаған терминдері мен жазған 
еңбектері дәлел бола алады. 
Кеңес одағы халықтарына ортақ терминологиялық қор 
қалыптастыру бағытын ұстанған кезеңде ұлт тіліндегі термин 
шығармашылығы қолдан жасалған дағдарысқа ұшырады. Сол 
себепті тіліміздің сөзжасам тәсілдері іске қосылып, қажетті 
дәрежеде кәдеге жаратылмады. Орыс тіліндегі терминдердің 
тұлғасын сақтап аудару үшін толық және жартылай калька тәсілі 
ғана біршама пайдаланылды. Нәтижесінде терминқорымыздағы 
ұлт тілінде жасалған терминдеріміздің үлесі өте төмен болып 
шықты. Егер отызыншы жылдарға дейінгі алаш оқығандары 
секілді әр саланың терминдерін өз тілімізде жасауға үлкен мән 
беріп, бұл іске белсене араласып отырғанда қазір терминжасамның 
үлгілері орнығып, термин шығармашылығындағы төл тәжірибе 
мен ұлттық дәстүріміз қалыптасқан болар еді деген пікірлерді Қ. 
Шерубайұлының «Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми 
қағидаттары» атты еңбегінен көруімізге болады [1, 2004: 19]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет