Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
220
фраземалардың тақырыптық топтастырылу үрдісі
көптеген
тілдерге ортақ, универсалды құбылыс болып табылады. Мәселен,
орыс, ағылшын, неміс және т.б. тілдер материалдары бойынша
ғалымдар топтастыруларына сүйенсек, жоғарыдағы үрдістердің ол
тілдерге де тән екенін көреміз.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласының негізін салушы
ғалым академик Ә.Т. Қайдар, этнолингвистикалық арналарға
тоқтала келіп былай дейді: “Тіл тамыршысы” бола білу деген сөз
– “тіл байлығын өз білгенімен ғана өлшеп, шектемеу. ... көпшілік
қауымның білетіні лексикалық бірліктердің бойына ғана тән толық
ауқымы емес, жарым-жартысы ғана, яғни көбінесе күнделікті
өмірде өзара қарым-қатынас жасауға қажетті “үстіңгі қабаттағы”
лексикалық мағыналары ғана. Ал,
олардың екінші деңгейдегі
“ауыс, туынды, келтірінді, идиомалық, фразеологиялық” т.б. деп
аталатын мағыналары тобына келсек, олар көбінесе тілдік ортада
қалыптасқан дәстүрлі “мағыналық символ” ретінде сөйлеу
контектісіне қарай қолданылғанымен түп-төркіні баршаға айқын
емес” [Ә.Қайдар, 1998; 21 б.].
Академик Ә.Т. Қайдар лексикалық немесе фразеологиялық
бірліктердің ішкі формасы, яғни “екінші деңгейдегі” мағыналарын
этнолингвистикалық мағыналар деп атаған.
Қазақ
тілінің
лексикология
саласының
мамандары
Ә.
Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы фразеологияның шығу арналарын
бөліп қарап, олардың негізгілері деп төмендегі құбылыс, ұғым,
түсініктерді атап көрсетеді. “Көптеген фразеологизмдердің
жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы
бейнесі болған. Мысалы, Жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры
шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп арқасы жара
болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты
шыққанмен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта
жасалынып, адамға байланысты айтылады. … Сол сияқты т.б.
фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында
қорытылған құбылыстардың нақтылы себеп болғандығын танып
білуге болады” [Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы, 1997; 208-212 бб.].
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
221
Тілдік фактілер көрсетіп тұрғандай фразеологизмдердің
біріншілік уәжділігін және олардың ішкі формасына жасалынған
таңдаулар экстралингвистикалық факторлардың шығу көзін ашуға
мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған еңбектер негізінде
фраземалардың ішкі
формаларының туындау көздеріне шартты түрде топтастырулар
жасайық:
•
адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл
қозғалыстарына байланысты туған фраземалар;
•
жануарлар (зооморфтық фраземалар) әлемі;
•
өсімдіктер (флора) әлемі;
•
табиғат құбылыстары;
•
өлшем бірлік (метеорология);
•
сандық (нумеративтік) фраземалар;
•
түр-түстік және сындық;
•
алғыс және қарғыс мәнді;
•
мифтік және діни;
•
тарихи кезеңдермен және тұлғалармен
байланысты туған
фраземалар және т.б.
⸹3.1 Адамның дене-мүшелеріне және қимыл-қозғалыстарына
байланысты фраземалар
Лексикографтардың пікірінше, кез келген тілдің фразеологиялық
қорының 30% соматикалық тіркестер құрайды. І. Кеңесбаев
сөздігінде 630-дан аса соматикалық фраземалар тіркелген. Түркі
тілдеріне ортақ фраземалық қордың басым көпшілігі соматикалық
фраземалар болып табылады. Башқұрт фразеологиясын зерттеуші
ғалым, академик З.Г. Ураксин “Фразеология башкирского языка”
еңбегінде башқұрт тілінің фраземаларына лексика-семантикалық,
құрылымдық-морфологиялық,
синтаксистік
тіркесімділігі
тұрғысынан лингвистикалық
анализ жасай отырып, соматикалық
фраземалар туралы былай дейді: “Фразеологизмы, общие для
большинства
современных тюркских языков, образуются чаще
всего от названий тела, которые в сочетании с другими словами в