Кайдарова Гулайым Қаблақатқызы
85
Қазақ тіліндегі жалаң аралас әуезді үндесімнің түрлері:
-жуан езулік әуез бен жуан еріндік әуезді сөздер: алұу, ауұздұқ т.б.
-жуан еріндік әуез бен жуан езулік әуезді сөздер: олар, тұмау т.б.
-жіңішке езулік әуез бен жіңішке еріндік әуезді сөздер: елүу, кетүу
т.б.
-жіңішке еріндік әуез бен жіңішке езулік әуезді сөздер: күнә, жүдә
т.б.
Соңғы жылдары қазақ фонетикасының
атаулар құрамы жан-жақты
толықтырыла бастады. Соның нәтижесінде көптеген жаңа атаулар пайда
болды, ол атаулар, негізінен, қазақ тілінің төл сөздері негізінде жасалып
жатыр. Сонда да болса, олардың мағына-мәні (ұғымы) көпшілікке әлі
түсінікті бола қойған жоқ. Сондықтан ол атауларға түсініктеме
беріп
кету керек болып отыр.
Бұл тұста біз проф. Ә.Жүнісбек ұсынған атаулар тізбегін ұстанып
отырмыз. Ғалым, мысалы, дәстүрлі фонетикамызда дыбыстың жасалу
орнының да, үндесім әуезінің де бір атаумен аталып келе жатқанын айта
келіп, оны екіге бөлуді ұсынады: дыбыстың жасалу орны қосымшасыз
(ерін дауысты –
губной гласный, ерін дауыссыз – губной согласный
т.б.), ал үндесім әуезі қосымша арқылы (еріндік дауысты – огубленный
гласный, еріндік дауыссыз – огубленный согласный). Сөйтіп қазақ
фонетикасындағы термин-атауларды жүйелеудің
бір тәсілі ретінде
қабылдадық.
Үндесім (сингармонизм)
Үндесім дыбыс
Үндесім
дауысты
Үндесім
дауыссыз
Жалаң үндесім
Аралас үндесім