БӨЛІМ 1
ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
АСАНБАЕВА СӘУЛЕ АСАНБАЙҚЫЗЫ
10
ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Асанбаева Сәуле Асанбайқызы
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.Қазақ
ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,
e-mail: asanbaevasaule1970@gmail.com
Әлеуметтік мән-маңызы ерекше саланың бірі-жарнама. Жарнама
- өмірдің қыры-сыры мол, алуан астарлы саласы. Атап айтқанда, оның
экономикалық, әлеуметтік, саяси, психологиялық, лингвистикалық және
басқа астарлары болады. Айталық, көлем жағынан алғанда, жарнама –
сөз және мәтін, шығарма, кино, кітап болуы да мүмкін.
Жарнаманың әсерлілігі, оның ықпалының артуы адам психикасының
ерекшеліктерін ескеріп жасалған кезде ғана артады. Адамды әрекетке
бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл
түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Түрлі жағдайлардың
әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі өзгерістерге түсіп отырады.
Жарнама бірден оқырманның, тыңдарманның, көрерменнің назарын
аударуы керек.
Психология ғылымында ойлы назар және ойсыз назар деген болады.
Біріншісі адам бір нәрсені көру үшін күш жұмсап, тырысуы керек,
ал екіншісі – затты немесе құбылысты адамның ойламаған жерден
байқап оған еріксіз көңіл бөлуі. Жарнама негізінде ойламаған жерден
адам назарына ілігіп, оның санасына әсер ету керек. Ол тұтынушының
қызығушылығын арттырып, көздеген затың сатып алуға итермелейді.
Кейбір жағдайларда жарнама тұтынушының сезіміне әсер еткеннен
Асанбаева Сәуле Асанбайқызы
11
кейін, екінші кезеңде мағынасымен қызықтырып, белгілі бір сезімді
қалыптастырып, оны қуантып немесе таңдандырып, ал кейбір жағдайда
ойламаған жерден шешім қабылдатып, абдыратады.
Жақсы жарнама адам санасында белгілі бір бейне (образ) жасап,
сонымен байланысты нығайтып, қалыптастырады. Мұндай жағдайда
біз «жарнама» образымен танысамыз. Жарнаманың әсері дәлелді болуы
пайдаланған тұжырымдамаларға тікелей байланысты. Егер де мұндай
дәлелдер жарнамада жоқ болса, онда жарнаманың адам санасына ықпалы
әлсіреуі сөзсіз. Жарнаманың тағы бір ұтымды жақтарының бірі – сезімге
тікелей байланысты бір нәрсені көргенде туындайтын ассоциациялар.
Бұл – бір нәрсені екінші нәрсеге ұқсату арқылы белгілі бір сезім ағынын
туғызу.
Кез-келген ортаға байланысты әр түрлі жарнамаларға назар аударта
білу – жарнама компаниялары мен агенттіктерінің жетістігі. Жарнама
хабарлары, мейлі ол газет, журнал арқылы немесе радио, теледидар
арқылы берілсін тұтынушы мен көрермендер арасында психологиялық
байланыс туғызады. Жарнама хабарларының белгілерін қабылдау
маңызды мәселе.
Жарнама белгілерін дұрыс қолдана білу жарнамашының шеберлігіне
байланысты. Жарнаманың қолданылуын адам санасында белгілі бір
уақыт аралығында белгілер (сигнал) жиынтығы ретінде қарастыруға
болады. Осы белгілер арқылы адам өзіне қажетті тауар жөнінде жан-
жақты мәлімет алады. Нәтижесінде адамның ойында психикалық
процесс жүреді. Бұл эмоциялық күйзеліс түрінде өтеді. Жақсы
жарнама – дәл және нақты хабар мен ойдағыдай жаңалықтардың дер
кезінде берілуі. Жарнама жасайтын мамандар бізде әлі өз дәрежесінде
қалыптасқан жоқ. Жарнама жасауға психологтар, социологтар, тілшілер,
экономистер керек. Иә, жарнама мәселесінің айтылатын, жазылатын,
зерттелетін мәселелері жеткілікті. Бұл - Қазақстан Республикасында
шешуін таппаған, соңғы кезде қолға алынып келе жатқан жұмыстың
бірі. Жарнама – алуан арналы ғылым. Сол себепті жарнаматану ғылымы
қалыптасқаны жөн. Оның сүбелі саласының бірі – психологиялық арна.
Жарнама психологиясына байланысты шет ел ғалымдарының
еңбектері баршылық. Мысалы, Американың белгілі ғалымдары
|