Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет25/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Ербол  мен  Баймағамбет  бір  бөлек  келеді  (М.Әуезов).  Махаббат,  қызық,  мал 

мен бақ, Көрінуші еді досқа ортақ (Абай). Ол да Байжанға ауданның қазіргі және 

болашақтағы шаруасын білетін адам боп көрінеді (С.Мұқанов). Ырғақ – ой мен 

сезімнің, жан мен тәннің қосылып салар әні (Ғ. Мүсірепов). 

§81.  Да  шылауы  қайталамай,  екі  бірыңғай  сын  есім,  үстеулерден  болған 

мүшенің арасында келсе, үтір қойылмайды.  Мысалы: Тәжік – қатал да тағы 

табиғаттың  бермесін  еңбегімен  еріксіз  алып  өскен  ел.  Дененің  бар  қозғалысы 

белгілі  бір  еңбек  ырғағын  тауып,  тез  де  өнімді  қимылдайды  (Ғ.Мүсірепов). 

Қызғанышқа  жеңгізген  жас  жүрек  кінәшыл  да  әділетсіз  (М.Әуезов).  Даусы 

ащы да қатал, зілді де кекті шығады (Ғ.Мүсірепов). 

§82.  Әдетте  шартты  бағыныңқылы  сабақтастың  жай  сөйлемдерінің 

арасына үтір қойылады. Ал баяндауышы шартты райдан жасалған бағыныңқы 

сөйлемге ерекше мән беріле айтылса, немесе басыңқыдағы іс шұғыл, күтпеген 

уақиғаны  білдірсе,  сызықша  қоюға  болады:  Ұрса  –  құлашы,  сыбанса  –  білегі, 



ашылса – жүрегі, түйсе – жұдырығы көз тойдырады (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлем 

–  төрт  сабақтастан  құралған  құрмалас.  Әр  сабақтастың  өзі  толымсыз  бір 

бағыныңқылы, бір басыңқыдан құралған. Ол ұрса – құлашы көз тойдырады, ол 

сыбанса – білегі көз тойдырады...Тағы бір мысал: Көзімнің оты жарқ ете қап, 



дуылдай жөнелген мұрнымды алақаныммен тоса қойып ем, жып-жылы бірдеме 

сорғалай жөнелді, байқасам – шұбырған қан! (С.Мұқанов). 

§83. Бір мағынаны беретін, бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі 

етістіктің арасында келген да шылауынан кейін үтір қойылмайды. Ол етістіктер 

бірыңғай мүшелер болып табылмайды: олардың соңғысы өз алдына лексикалық 

мағынасы  жоқ  көмекші  етістік  болады  да,  алғашқысын  көсемше  тұлғасына 

салып айтуға келеді. Мысалы: Сол кезде сен егеуді ал да жөнел. – Сен сол кезде 

егеуді ала жөнелЖат та қой, бар болғаны сол. – Жатып ал, бар болғаны сол. 

Шал  шанасынан  секіріп  түсіп,  жүгіре  басып,  жаяу  жүрді  де  отырды.  –  Шал 

шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып жаяу жүріп отырды. Мың жылқым қатар 

тұрып су ішетін суат ойылды да қалды. – Мың жылқым қатар тұрып су ішетін 

суат ойыла қалды (барлық сөйлемдер «Ертегіден»). Дауыл көтерілді де, төңірек 

ұйытқыған қалың қар болды да кетті (С.Мұқанов). – Дауыл көтерілді де, төңірек 

ұйытқыған қалың қар болып кетті. 

§84. Не, немесе, я, яки, әрі, әлде жалғаулықтары қайталанбай, екі бірыңғай 

мүшенің  арасында  тұрса,  үтір  қойылмайды.  Мысалы:  Есін  жиғанын  не 

оянғанын  Асқардың  өзі  де  білмейді  (С.Мұқанов).  Бұл  жердің  топырағы  – 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет