Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Барыс септігіне қатысты дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б



бет26/91
Дата12.12.2022
өлшемі408,98 Kb.
#56768
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91
Барыс септігіне қатысты

дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б.

Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.

Шығыс септігіне қатысты

кейін, соң, әрі, гөрі, бері

Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.

Көмектес септігіне қатысты

бірге, қабат, қатар

Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.

1. Жалғаулық шылау
Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Оның 6 түрі бар:

түрі

шылауы

мысал

Ыңғайластық жалғаулық

мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те

Қыста және көктемде күн суық болады.

Қарсылықты жалғаулық

бірақ, дегенмен,
алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен
т.б.


Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады.

Себеп-салдар жалғаулық

өйткені, себебі,
сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б.


Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды.

Талғаулықты жалғаулық

не, немесе, я, я (не) болмаса,
яки, әлде т.б.


Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің.

Кезектес жалғаулық

кейде, бірде, біресе.

Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді.

Шартты жалғаулық

егер, егер, де.

Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.


3. Демеулік шылау
Демеулік шылау тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Мысалы, ма, ме демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (Бұл кітап па?). Оның 6 түрі бар:

түрі

шылауы

мысал

Сұраулық мағына беретін демеулік

ма, ме,ба, бе,па, пе, ше

Қазір жаңбыр жауып кетсе ше? Есенсің бе?

Күшейткіш мағына беретін демеулік

-ақ, -ау, -ай, да, де, та, те

Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің.

Белгісіздік мағына беретін демеулік

-ау, -мыс, -міс, кейде

Ертеректе бір әулие кісі болыпты-мыс.

Болымсыз-дық мағына беретін демеулік

түгіл, тұрсын, тұрмақ

Сен түгіл мен де бес алған емеспін.

Шектік мағына беретін демеулік

ғана, тек, -ақ

Ол кеше ғана келді.

Нақтылау мағына беретін демеулік

ғой, қой
-ды, -ді, -ты, -ті

Бұл оқиға бұрын болған-ды. Бұл менің ағам ғой.

ОДАҒАЙ
Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.

  • Одағайдың ерекшеліктері:

  1. Одағайда дербес лексикалық мағына болмайды. (пәлі, әттең, ойпырмай т.б.)

  2. Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. (Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді.)

  3. Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды, яғни сөйлем мүшесіне талданбайды. (Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой.)

  • Одағай мағынасына қарай 3-ке бөлінеді:

1. Көңіл-күй одағайы

2. Жекіру, бұйыру
одағайы

3. Шақыру одағайы

Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз

Жекіру, тыйым салу мәнін білдіретін сөз

Мал, ит-құсты шақыру не қууға байланысты айтылатын сөз

алақай (қуану),
әттең (өкіну), шіркін (таңдану) т.б.

тәйт, жә, тек т.б.

шөре-шөре,
құрау-құрау,
моһ-моһ т.б.


СИНТАКСИС
Синтаксис (грек. "құрау, біріктіру, рет") – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы. Оны төмендегі кестеден көруге болады:





СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ
4 түрлі тәсілмен байланысады:

  1. Жалғаулар арқылы (сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады. Мысалы: Балаға берді. Үйдің есігі)

  2. Шылаулар арқылы (сөздер шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: сабақ туралы сөйлестік, отан үшін отқа түс.)

  3. Орын тәртібі арқылы (Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз байланысады. Мысалы: алыс жер, атақты адам)

  4. Дауыс ырғағы арқылы (Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады. Мысалы: Бұл – біздің мұғалім. Асан – белгілі ақын.)

СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ

  1. Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың байланысуы. Олар сөйлем болады. Мысалы: Мен жазушымын. Біз барғанбыз.

  2. Матасу – ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: баланың үйі, біздің гүліміз.

  3. Меңгеру – атау, ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы. Мысалы: Суды төкті. Ағасына берді.

  4. Қабысу – ешбір жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуы. Мысалы: қара қалам, алтын сағат, әдемі қыз.

  5. Жанасу – Үстеу мен етістіктің байланысуы. Мысалы: кеше болды, сол арқылы білдім. СӨЗ ТІРКЕСІ

Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

  • Сөз тіркесінің айрықша белгілері:

  1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады

  2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады.

  3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

  • Сөз тіркесінің бірінші сыңары бағыныңқы сөз, ал екінші сыңары басыңқы сөз деп аталады:

  1. Бағыныңқы сөз – тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз. (әдемі киіну)

  2. Басыңқы сөз – сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз. (үш бала)

  • Сөз тіркестерін сөйлемн жасалады:

Сөз тіркесі

Сөйлем

бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады.

сол қол, қолына ұстаған,
үлкен шортан, отырғандарға көрсетті, мақтана көрсетті,
ұстаған шортанды

Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті.

Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.



түрі

Есімді сөз тіркесі




Етістікті сөз тіркесі

ереже

Басыңқы сыңары
есім сөзден болған сөз тіркесі.




Басыңқы сыңары
етістіктен болған сөз тіркесі.

мысал

бағыныңқы

басыңқы




бағыныңқы

басыңқы

жаңа
айтуға

киім
құмар




жел
соғыс

соқты
аяқталды




Сөз тіркесіне ұқсағанмен, сөз тіркесі бола алмайтындар




Тұрақты тіркес

Күрделі сөз

ереже

Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін әрқайсысы дербес мағыналы екі сөз керек.
Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана бола алады.

Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін дербес мағыналы екі сөз керек.
Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары болады.

мысал

қоян жүрек (қорқақ)
көзді ашып-жұмғанша (тез)

келе жатыр, қара торы,
он бес



Сөз тіркесі және тұрақты тіркес пен күрделі сөздің
айырмашылығы



Сөз тіркесі

1. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағыналы болады.
2. Бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары болады.
3. Әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді.

Мысалы:
қандай? не?
кең бөлме
оған мұрнын шүйірді
он үш күн
ол бара жатыр

Тұрақты тіркес

1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
2. Тұрақты тіркестер бірнеше сөзден тұрғанмен, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді.
3. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.

Мысалы:
кімнің? несі?
Су жүректің амалы

су жүрек (қорқақ)


ит өлген жер (алыс)
жүрек жұтқан (батыр)



Күрделі сөз

1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
2. Екі немесе одан да көп сөз-ден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді.
3. Күрделі сөздер сөз тіркесі-нің тек бір сыңары болады.

Мысалы:
қандай? кім?
қара торы бала

күрделі сын есім: ақ ала


күрделі сан есім: он үш
күрделі етістік: бара жатыр



Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынасы

анықтауыштық қатынас

1. Матаса, қабыса байланыс-қан есімді тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қай? қанша? неше? қайдағы? қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.

Мысалы:
Аянның (кімнің) добы
үйдің (ненің?) есігі
алыс (қандай?) жер
бес (қанша?) қағаз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет