Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспресивті;
Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу;
Стильдердің тілдік құралдары: Ғылыми стильде ғылыми терминдер жиі қолданылады; көбіне хабарлы сөйлем болып келеді; өткен шақ пен осы шақта жиі қолданылады;
Ресми іс-қағаздар стилінде кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер қолданылады.
Публицистикалық стильде риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану сияқты құралдар қолданылады.
Көркем әдебиет стиліндеауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора т.б.) жиі қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады; көбіне диалог түрінде келеді.