Салалас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – E 6 – D
2 – E 7 – E
3 – B 8 – A
4 – B 9 – C
5 – D 10 – E
«Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Қайсысы себеп бағыныңқының жасалу жолына жатады?
A) қалау райлы етістік пен "келіп" етістігінің тіркесуі
B) ашық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі
C) шартты райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі
D) бұйрық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі
E) тұйық етістік пен «үшін» шылауының тіркесуі
Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A) Аспандағы бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
B) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
C) Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.
D) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған.
E) Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.
Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.
B) Еңбексіз ауырса емі табылмайды.
C) Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді.
D) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.
E) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
A) Қайтпейінше? Не етпейінше?
B) Кашаннан бері? Кайтіп?
C) Не етпек болып? Қалай?
D) Қайтсе де? Қайткенмен?
E) Қайтсе? Не еткенде?
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A) Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
B) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
C) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
D) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
E) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.
Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген.
A) Басыңқы сөйлемнің алдында.
B) Басыңқы сөйлемнен кейін.
C) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
D) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
E) Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.
Сабақтастың қай түрі?
Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады.
А) Мақсат бағыныңқы құрмалас
В) Мезгіл бағыныңқы құрмалас
С) Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас
D) Шартты бағыныңқы құрмалас
Е) Себеп бағыныңқы құрмалас
Олар келсе, сабақ аяқталыпты. – қандай сөйлем?
A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы
B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы
C) Себеп бағыныңқы
Шартты райды жұрнағы қай сөйлемнің жасалу жолына қатыспайды?
A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы
B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы
C) Себеп бағыныңқы
Төмендегі құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.
Ол оянса, терезе жабық тұр екен.
A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы
B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы
C) Себеп бағыныңқы
Достарыңызбен бөлісу: |