анықтауыштық қатынас
|
1. Матаса, қабыса байланыс-қан есімді тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қай? қанша? неше? қайдағы? қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
Аянның (кімнің) добы
үйдің (ненің?) есігі
алыс (қандай?) жер
бес (қанша?) қағаз
|
толықтауыштық қатынас
|
1. Меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркес-терге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
сөзге (неге?) шебер
гүлді (нені?) суару
терезеде (неде?) тұр
сенен (кімнен?) алды
көзбен (немен?) көру
|
пысықтауыштық қатынас
|
1. Меңгеру, қабысу, жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда? қашан? қайтіп? қалай? неліктен? т.б. деген сұрақтар қою арқылы анықталады.
|
Мысалы:
ауылда (қайда? ашылды
биыл (қашан?) ашылды
зорға (қалай?) ашылды
|