Қазақ тілінің сөзжасам уәжділігі А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет32/43
Дата01.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#70996
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 2022

-қы, -кі, -ғы,-гі. Себепші негізге жалғанып, мынадай сөзжасамдық мән қоса алады:

  • құралдық сема: сүзгі, бұрғы, шалғы, сыпыртқы, шапқы, шанышқы, қалтқы т.б.

  • қимыл нәтижесі семасы: соққы, түрткі, күлкі, тұрқы, т.б.

  • нысанның мекені семасы: шеткі, сыртқы, тысқы, ішкі, т.б.

  • зат не құбылыстың қасиеті семасы: қуақы, қунаңқы, бұралқы, бұзақы, қырағы, қазақы, т.б.

-ыс, -іс, -с. Ежелгі кезде қимыл атауы қызметінде жұмсалған бұл тұлға тілдің дамуында мағыналық жіктеліске түсіп, әртүрлі семалық сипатқа ие болған.. Негізгі семантикалық құрылымында қимыл есімі мағынасы болғандықтан, қазіргі қазақ тілінде ортақ етіс пен заттық мағына өзінің өзек семасы мен ортақ семасын сақтап қалған. Қимылдық мағынадағы сөз заттану процесі нәтижесінде жаңа сөзжасамдық мағынаға ие болады. Қазіргі қазақ тілі тұрғысында бұл тұлғалар омонимдік емес, көпмағыналы, синкретті форма ретінде танылуы керек. Мысалы:

  • қимылдың атауы семасы: айтыс, тартыс, біліс, келіс, шайқас, соғыс, күрес, отырыс, шегініс, жарыс, т.б.

  • мекендік сема: өріс, қоныс, бекініс, құрылыс т.б.

  • қимылдың өту сипатының атауы: көзқарас, текетірес, жүгініс, тойтарыс т.б.

-у. Қимыл есімі ретінде ХІХ ғасырдан бастап белсенді қолданылады да, кейін заттану процесінің нәтижесінде көптеген заттық атаулардың жасалуына себеп болады:

  • қимылдың атауы семасы: оқу, байқау, қорғау, ағарту, азайту, қосу; айыптау, ақтау, жаттығу, үндеу, хабарландыру т.б.

  • құралдық атау семасы: оқтау, көсеу, сабау, жамау, егеу, бояу, қашау, тұсау, т.б.

  • мекендік сема: жайлау, жағалау, қыстау, күзеу, т.б.

  • абстрактылы ұғым атауы: жүдеу, қату, бітеу т.б.

  • әдет-ғұрып атауы: жасау (қызға берілетін дүние), жоқтау, жылу (жинау), шашу (шаш), т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет