Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет33/43
Дата17.10.2023
өлшемі0,77 Mb.
#116944
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í³? ñ?çæàñàìû À. Á. Ñàë?ûíáàé – ô.?. ä., ïðîôåññîð ².

-қ, -ық, -ік, -ақ, -ек. Тілдің тарихи бастауында қимыл есім қызметін атқарып, қызметтік-семантикалық құрылымы дамуы нәтижесінде сөзжасамдық тұлғаға өзгерген. Сондықтан омонимдік тұлға емес, синкретті жұрнақ ретінде бағалануы керек. Көпмағыналылық нәтижесінде әртүрлі функциялық дамуға ие болған.

  • құрал-жабдық атауы семасы: тарақ, табақ, пышақ, күрек, қармақ, қайрақ, тұзақ, шарық, т.б.

  • нақты зат атаулары: төсек, бөстек, тамызық, сызық, көлік, көрік, т.б.

  • абстрактылы зат атаулары: бұйрық, тілек, сезік, өксік, күйік, қылық, былық, т.б.

-ыш, -іш, -ш. Бұл тұлға да әуелде қимыл есім қызметінде жұмсала келе, қызметтік-семантикалық құрылымы дамуы нәтижесінде, заттық мағынаны таңбалау үшін, заттану процесі арқылы туынды сөз жасау үшін қолданылған. Мысалы: қуаныш, өкініш, өтініш, сүйініш, жұбаныш, т.б.
Байқап отырғанымыздай, тарихи қимыл есім тұлғалары тіл дамуында заттық мән туғызатын сөзжасамдық тұлға ретінде қалыптасқан. Бұл тілдегі тарихи-эволюциялық процесс. Болмыстың ішкі қасиеті мен оны атау заңдылығынан туындай отырып, белгілі іс-әрекет пен құбылыстың және оның атауының есімі бір таңбамен таңбалана келе, кейінгі тіл дамуында заттық мағынаға алмасқан. Мұндай процесс грамматикалық тұлғалардың синкреттілігі ретінде қарастырылады. Тілімізде мұндай қимыл есімінің функциональдық-семантикалық дамуы арқылы пайда болған сөзжасамдық тұлғалар біршама:
- ыт, –іт, -т: бөгет, сарқыт, іркіт т

  • мыс, -міш: тарамыс, қылмыс, болмыс, жазмыш, тұрмыс, т.б.

  • -р, -ыр, -ір: тақыр, жұмыр, үңгір, шұңқыр, т.б.

  • қын, -кін, -ғын, -гін: тасқын, босқын, құзғын, ұшқын, көшкін т.б.

  • асы, -есі: аласы, бересі, көресі, тиесі, т.б.

  • ман, мен: аларман, көрермен, шабарман, жыларман т.б.

  • сын, -сін: бұрқасын, ықтасын, күресін, т.б.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет