Қазақcтан Реcпyбликаcының бiлiм және ғылым миниcтрлiгi Ш. Еcенoв атындағы Kаcпий технoлoгиялары және инжиниринг yниверcитетi Факyльтет



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата24.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#32042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 

 

 

 

 

 


 

3.2. Қабырға мен арақбырғалар 

Ғимараттың қабырғасы  – ғимаратты сыртқы ауарайлық әсерлерден 

қорғайтын және бір мезгілде көтеруші қызметін атқаратын (көлденең және тік 

жүктемелерді қабылдайды, ғимараттың ішкі көлемін жеке бөлмелерге бөледі) 

негізгі қоршау құралымдар. 

Қабырғалар сыртқы және ішкі, көтергіш және өзін-өзі көтергіш қабырғалар 

болып бөлінеді. Қабырғаларды – кірпіш, бетон, ағаш, пластмасс, т.б. 

материалдардан жасайды. 

Біздің ғимаратымызда қабырғалар газобетонды блоктардан жасалады. 

Газоблок өлшемдері - 400*200*600 мм болады. 

Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір ірі 

кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті шешеді. Газобетонды блоктар түрлі 

өлшемдегі ғимараттарды салуға сондай-ақ қала сыртындағы шағын үйлер мен 

аспан тіреген зәулім үйлер құрылысы мен демалыс және сауда орындарының 

каркасты негіздеріне салуға көмектеседі. 

Газоблок ұзаққа төзімді, өртке қауіпсіз, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз

жылуды сақтау сипаттамасы жоғары, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге 

ыңғайлы құрылыс материалы. Көп ретте орта жағдайдағы азаматтардың коттедж 

құрылысын тұрғызуға кететін шығын мөлшерінің қалта құнына сай келеді. 

Бұл материалдан құрылыс технологиясын жүргізу сондай бір қиындық 

тудырмайды. Арнайы құрылыс жүргізу білімі жоқ азамат та өз қолынан шағын 

қабатты үйді немесе қандайма бір құрылысты ешкімнің көмегінсіз өзі тұрғыза 

береді. Осы материалдан құрылыс жүргізу шығынды азайтады, бөлмеаралық 

қабырғалар мен қабырғаларды қалаудағы түрлі құрылыс операцияларды 

оңайлатады, ең бастысы құрылысқа кететін шығын мен уақытты қысқартады. 

Газоблок – қуысты бетон туындылары қатарынан. Бұл туындыға пеноблок 

пен әуеленген жеңіл бетондар да жатады. Аталған бетондардың негізгі 

сипаттамасы – қуысты құрылымды болуы. Материалдың 85% пайызын газды көбік 

құрайды. Сондықтан қуысты бетон жеңіл көлемді салмақта болады.  

Газоблок судан, әктастан, цемент және кварц құмынан жасалады. Барлық 

құрам компьютерлі өлшемнен өтеді. Газобетон қорытпалы бұлғағышта 4-5 минут 

шамасында «қамыр» жасалып, ол барынша ұқыпты рецептілік компонентерімен 

араластырылады. Содан соң алюминий опасы бар шамалы сулы суспензия 

қосылып ол әктаспен реакцияға түседі. Реакция арқылы сутегі 0,5-2мм дейінгі 

үлкен қоймалжын біркелкі шикізатты материал шығарады. 

Заманауи технологияларды қолдану газоблоктың түпкілікті қатаюына, 

абсолютті бірыңғай дайын материал жасалуына әкеледі. Сондықтан Газоблоктың 

тігі мен көлденеңінің қасиеті бірдей. 

Арақабырға – жекелеген бөлмелердегі күрделі қабырғалар арасында жататын 

ғимараттағы іргелес үй-жайды бөлетін ішкі қоршалған құралым. 

Арақабырғада газоблоктан жасалады. Оның өлшемдері 100*200*600 мм 

құрайды.   



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет