Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет66/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың  ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті  өндірудің негізгі жолы екені айқын.


Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»,-деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, «Ойын-баланың рухани дамуының негізі»,-деп Ж. Плаже, К. Левин, Л.С. Выгоский, Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.Ойын-балалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық.

1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.

2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.

3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.

4. Коммуникативтік ойын.

5. Ойынның диагностикалық функциясы.

6. Ойынның емдеу функциясы.

7. Ойынның түзету функциясы.

8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.

Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет