ТҮСІНІК ХАТ
Оқу- әдістемелік кешен «Мектепке дейінгі педагогика» жоғары педагогикалық оқу орындарының «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқитын студенттеріне арналып элективтік пәндер каталогіне сәйкес жасалған .
«Мектепке дейінгі медагогика» атты оқу әдістемелік кешен студенттерді кәсіби функцияларын біліктілікпен орындауға базалық ғылыми дайындауды-мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу,балалар бақшасы педагогикалық ұжымына жетекшілік етуді қамтамасыз етеді.
Оқу әдістемелік кешен 3 кредит көлеміне сәйкес 15 дәріс, 30 практикалық сабақ , 45 ОБСӨЖ, 45 СӨЖ сабақтар бойынша білім беруді көздейді.Кешендегі өзіндік жұмыс теориялық,аксиологиялық,технологиялық,зерттеушілік және заманауи мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін тұлғалық көзқарастардың жиынтығы ретінде біріктірілген.
Мектепке дейінгі педагогикада практикалық сабақтарда педагогикалық пәндер циклін оқу барысында менгерген білімі мен біліктерін ары қарай қалыптастыру жүмысы жалғастырылады:мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін және бағдарламаларын құру, мектепке дейінгі педагогикалық үдерісті диагностикалау және мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту.
Кешен бойынша практикалық сабақтар жүйесі мектепке дейін білім берудің қазіргі заманғы теориялары мен тұжырымдамаларының мән-мағынасын саналы түрде түсінудің қажеттілігі,мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өмірдің талабы екендігі, мектепке дейін тәрбие беру практикасында педагогикалық теорияны шығармашылықпен қолдана білу, қойылған мәселені шешуде студенттердің өз көзқарастарын толыққанды негіздей білуі тұрғысынан қарастыруды көздейді.
Практикалық тапсырмаларды студенттер жұмыс топтарында орындайды,ол болашақ педагогтың командада жұмыс істей білу білігін қалыптастыруда, педагогикалық проблемаларды шешудің ұтымды жолдарын табудың бірыңғай стратегиясы мен тактикасын жасауда аса маңызды.
«Мектепке дейінгі педагогика» пәні бойынша әдістемелік нұсқауларды студенттердің қолдануы оларға білімдерін толықтыруға, практикалық қабілеттер мен дағдыларды игеруге ықпал жасайды.
Бұл пән бойынша алған білімдер студенттің тек жалпы құзырлылығын жоғарылатып қана қоймай, барлық жақсы қабілеттері мен сапаларын толық ашуға, шығармашылық потенциялы мен ұмтылыстарын жүзеге асыруға көмектеседі.Студенттердің білігін қалыптастыру түрлі жаттығуларды орындау түрінде,педагогикалық жағдаяттарды модельдеу түрінде асырылады, әрбір жағдайды талқылау пікірталас сипатында өтеді,көпнұсқалы ізденістер қарастырылады.
«Мектепке дейінгі педагогика» оқу-әдістемелік кешен, силлабус, жұмыс оқу бағдарламасы, глоссарийден, ОБСӨЖ, СӨЖ тапсырмаларынан, әдебиеттер тізімінен, оқылатын тақырыптар тізімі мен практикалық тапсырмалар жоспарынан, тесттерден тұрады.
Әрбір дәріс, практикалық сабақ тақырыптары бойынша студенттердін алған білімдерін тексеруге арналған сұрақтар, тапсырмалармен аяқталып соңында әдебиеттер тізімі берілген.
«Мектепке дейінгі педагогика» оқу-әдістемелік кешеннің соңында студенттер өздерінің білімдерін тексеру үшін тесттік тапсырмаларды пайдалана алады.
Пәнаралық байланыс орнату,психологиялық,педагогикалық білім мен жеке тәжірибені интеграциялау-сабақта қарастырылатын мәселе бойынша студенттердің өз көзқарастарын негіздеу үшін аса маңызды.Өзіндік жұмыс "Мектепке дейінгі педагогика" оқу-әдістемелік кешені оқып-үйренуде студенттің дербес білім алу бағытын анықтауға мүмкіндік туғызуды көздейді.
Н.4.02-15
Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
БЕКІТЕМІН
Факультет Кеңесі шешімімен
факультет деканы
_______ _______________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
«___» _____ 20 ____ ж.
.
Достарыңызбен бөлісу: |