20 билет 1)Шағын станциялардың негізгі электр жабдығы
А)Күш трансформаторларыүш фазалы айнымалы токта электр станциялардан тұтынушыларға жеткізетін, электр қуатын беру мен таратуды қамтамасыз ететін электр қуаттық жүйелердің негізгі электр жабдығы болып табылады. Трасформаторлардың көмегімен кернеу генераторлық мәннен жүйенің электр беруге қажетті мәніне (35…750 кВ) дейін көтеріледі, сонымен қатар, тікелей электр қуатын қабылдағыштарда (0,22…0,66 кВ) пайдаланатын мәндерге дейін кернеу көпсатылы төмендейді. Трансформаторларға анықтамалық мәліметтерде: тип, номиналды қуат, ораманың номиналды кернеуі, бос жүріс және қысқа тұйықталу қуатының жоғалуы, қысқа тұйықталу кернеуі, бос жүріс тоғы туралы айтылады. Жоғарылататын және төмендететін шағын станцияларда үш фазалы және екі немесе үш бөлгіш орамы бар бірфазалы трансформаторлар тобы пайдаланады. Орам санына байланысты трансформаторлар екі орамды және үш орамды болып бөлінеді. Номиналды қуаты 25 МВ—ден үлкен екі орамды трансформаторлар екінші реттік кернеу 6… 10 кВ бөшектенген ораммен орындалады. Жоғары, орта, төменгі кернеу орамдары сәйкесінше ВН, СН, НН деп белгілеу қабылданған.
Б) Авторансформаторлар үлкен емес трансформация коэффиценттерінде қолданылады (2 кем), осы жағдайда ол трансформаторларға қарағанда үнемді. Бұдан басқа автотрансформаторлар кернеуі 220 кВ және одан жоғары желілерде кернеуді реттеу (сызықтық реттегіш) үшін қолданылады.
Бастапқы кернеуі ВН 220 кВ автотрансформаторлар 32, 63, 125 және
200 МВ-А номиналды қуаттары бар.
Автотрансформаторлардың маркировкасы А әрпінен басталады,
Мысалы, АТДЦТН – 2000 000/220 үш фазалы еріксіз циркуляция және газүрлеумен майлы салқындатумен, үш орамды, РПН-мен, номиналды қуаты 200 000 кВ-А, кернеуі 220 кВ автотрансформаторды білдіреді.
Үш фазалы үш орамды автотрансформаторлар ВН (220 кВ) және СН (110 кВ) орамдардың жұлдызға және қосымша орамның НН (6,3… 38,5 кВ) үшбұрышқа қосылуымен жасалады.
2)Ток өткізетін бөлшектерді оқшаулау
Ток өткізетін бөлшектерді оқшаулау
Ток өткізетін бөлшектерді оқшаулау – электр қауіпсіздігі- нің негізгі шараларының бірі. Нормативтік құжаттарға сəйкес электр қондырғыларының ток өткізетін бөлшектерін оқшаулау- дың кедергісі 0,5-10 Мом-нан кем болмауы тиіс.
3)Найзағайдан қорғау кешен процессі
Ашық ауадағы 1 кВ жоғары кернеулі токөткізгіштер найзағай кернеуден қорғалуы тиіс. 1 кА және одан артық ток жағдаыйнда симметриялық жүктемесі бар айнымалы токтың токөткізгіштерінде магниттік өрістің ықпалынан шинаұстағыштарда, арматура мен конструкцияларда электр энергиясын жоғалтуларды азайту шараларын ескеру ұсынылады, ал 1,6 кА және одан артық ток жағдайында ескеру қажет.