Азаматтыќ ќўќыќтаєы объектілер



бет1/9
Дата25.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#127394
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 �j���

  • Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасы
  • Азаматтық құқық объектілері
  • 6В04201-«Құқықтану», 6В04202 - «Бизнесті заңдық қамтамасыз ету» 6В040204-«Соттық және прокурорлық қызмет» мамандықтарына арналған
  • Дайындаған:
  • аға оқытушысы Тоқатов Р.А.

Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар

  • Аза-тық құқықтық объектілерінің түсінігі, түрлері және оларды жіктеу.
  • Мүлік азаматтық қатынас объектісі ретінде.
  • Ақша. Құнды қағаздар.
  • Ақпарат азаматтық құқық объектісі ретінде.
  • Жеке мүліктік емес құқықтар.

Аза-тық құқықтық объектілерінің түсінігі

  • Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады.
  • Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Аза-тық құқықтық түрлері және оларды жіктеу.

  • Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген:
  • а) мүліктік игіліктермен құқықтар
  • ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
  • а) мүліктік игіліктермен құқықтарға жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интелектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
  • ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атағы, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құықтар.

Заттардың ұғымы және оны жіктеу

  • Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған,оның ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.
  • Затты заңдық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи қасиеттеріне (физикалық немесе экономикалық) немесе қоғамдық маңызына негізделеді және әр құқық субъектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет