Азаматтыќ ќўќыќтаєы объектілер


Бөлінетін, бөлінбейтін және күрделі заттар



бет4/9
Дата25.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#127394
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 �j���

Бөлінетін, бөлінбейтін және күрделі заттар

  • Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе (АК 120-бабы).
  • Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды.
  • Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (шаруаш-қ мақсатын) жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында көрсетілгендей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мысалы, ескерткіш)
  • Егер әр текті заттар бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының коллекциясын және т.б. айтуға болады.
  • Күрделі заттарды бөлу мақсаты АК 121-бабында айтылған: күрделі зат жөнінде жасалған мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның барлық құрамдас бөліктеріне қолданылады.

Басты және керек-жарақ, жемістер, азық-түлік және табыстар

  • АК-те затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі.(АК 122 бап). Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (қосалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруагылық мақсаты бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, басты затқа ілесіп жүреді (мысалы, құлыптың кілті т.б.)
  • АК-ке жемістер, азық-түлік және табыстар деген заттар да қаралған. Бұл-затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т.б. затты пайдаланудан түскен өнімдер б.т.
  • Егер заңда өзгеше көзделмесе, АК түскен өнімді, жемісті, табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдаланылуына құқығы берілуін қамтамасыз етеді.

Жануарлар, интелектуалдық меншік

  • Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға егер заңдарда өзгеше көзделмесе, жалпы ержелер қолданылады.
  • АК-те ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық немесе заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдері жатады. Шығармашылық қызметінің нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет