Азаматтыќ ќўќыќтаєы объектілер



бет6/9
Дата25.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#127394
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 �j���

Бағалы қағаздар

  • Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағазлар болып табылады. АК-тің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
  • а) бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
  • ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады.
  • б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады.
  • Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны зат деп те
  • көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты.
  • Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік-құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқ шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады. (АК 131-бап, 2-тармақ)
  • Бағалы қағаз зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне сай бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Бағалы қағаз түрлері: Облигация

  • Облигация – шығару кезінде айналыс мерзімі алдын-ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немес өзге де мүліктік балама тұрдегі нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
  • Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.
  • ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы. (АК 136 бап 1,2,3- тармақтары)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет