Қазақша нұсқасы Орта бойлы, қолаң шаш



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата30.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#40992
1   2   3
Байланысты:
Қыз-Жібек

Сырлыбай
Уағалейкүмассалам, жаным балам, 
Жүріпсіз ат сабылтып сары табан, 
Жұмысыңыз бізде болса сөйлей бергін, 
Айта бер, көңіл сізде, құлақ салам. 
Төлеген: 
Келе жатып ойлаймын ақыл-айла, 
Ойлаған ақылым жанға пайда. 
Ат сабылтып алыстан келген себеп, 
Жібек сұлу дегеннің аулы қайда? 
Сырлыбай: 
Ғашықтық сəулетпенен жүргеніңіз, 
Ержүрек азаматтай сөйлесіңіз. 
Жібек сұлу дегеннің аулы жақын, 
Бар еді онда қандай жұмысыңыз? 
Төлеген: 
Сөйлесіп сүйген едім Жібек қызын, 
Бітпеген ешбір пенде аңдап ішін. 
Қыз Жібек Төлегенге тимек болған, 
Қаршыға арасында жүрмек болған, 
Жүреміз ат шаршатып соның үшін. 


Сырлыбай ойланып: «Жібек өзіне лайық теңін тапқан екен ғой» – деп, 
Қаршығаға разы болады. 
Сырлыбай: 
Кешегі саудагердің өзі қандай, 
Жалын көз қырық шілтеннің көзі қандай! 
Бекерге Төлегенді жамандаған, 
Көп дұшпан көре алмаған кегі бардай!.. 
Төлеген Сырлыбайға: «Сөздің қысқасы, құр аяққа бата жүрмес, 
жоралғыға не аласыз?», – дейді. «Аа, бергеніңізді аламыз», – деп жауап берді 
Сырлыбай. Төлеген екі жүз жорғаны түгел берді. Сырлыбай Жібекті бермекке 
мақұл болып, Төлегеннің келбетіне көңілі толып, ойын-күлкі, тамашасын 
құрып, өзі басында тұрып, той қамына кірісті. Жібек сол уақытта Төлегенге 
көрінбей, өзінің ақ отауында жата береді. Жеңешелері Төлегенге жеңгетай 
даулап келіп жатты. Төлеген қыздың жеңешелеріне бір жамбыдан беріп тұрды. 
Сол елдің ішінде Бекежан деген жігіт Жібекке сыртынан ғашық болып жүреді, 
бірақ Жібекпен сөйлесе алған емес. Сөйлесуге құмар болып, ебін таба алмай, 
іші толып, күпті болып жүрген еді.
Бекежан сол тойға келіп, жігіттерімен кеңеседі. «Ей, жігіттер, осы 
Жібекті жалғыз атты бір жолаушыға беріп, қоя береміз бе? Ең болмаса, 
Жібекпен ертелі-кеш сөйлесіп, көріп тұрғанымыз жақсы болар еді ғой, бізге де 
намыс керек қой», – дейді. Сонда көре алмай жүрген жігіттер Бекежанның 
сөзін қоштап: «Тура айтасыз. Төлегеннен біз кем бе екенбіз? Қолдан келсе, 
бермейік», – десті. «Олай болса, қандай тосқауыл жасаймыз?», – деді бірі. 
Сонда Бекежан айтты: «Əрекет қылсақ, алып қаламыз. Ептеп Төлегенді 
өлтіреміз, əйтпесе, болмайды. Бір жеңешесін қолға алып, Төлегенді Жібекке 
алып бармақшы болған кезде жайғаймыз», – десіп мақұлдасты. Бұл жігіттердің 
сөзін естіп тұрған бір қария дереу Төлегенге жетіп, айтып берді. Төлеген секем 
алып, Қаршығаны шақыртты. Төлегеннің түрін көріп, Қаршығаның айтқаны: 
Ей, көлге біткен құрағым, 
Қандай Төлен шырағым. 
Ақ отау болды кіргенің, 
Қызық дəурен сүргенің. 
Ешбір пенде көрген жоқ, 
Бірін де сенің көргенің. 
Неге қапа боласың? 
Айтшы сырың, Төленім? 
Төлеген сонда сөйлейді, 


Сөйлегенде бүй дейді: 
– Ой, Қаршыға, Қаршыға, 
Мен сырымды айтайын. 
Құдай басқа салған соң, 
Айтпағанда қайтейін, 
Жібекке ғашық көп екен, 
Айдар аңдыған неме екен.
Еліңде қанша жігіт бар, 
Іші толған кір екен. 
Төлегендей мырзаңды, 
Өлтірейік дер екен. 
Жалғыз жатқан жерімде, 
Жазым болсам қайтемін?.. 
Қаршыға сонда сөйлейді: 
– Төлеген деген мырзаны, 
Өлтірем деген кім дейді? 
Осы отырған Қаршыға, 
Алдырып атын мінеді, 
Шаңқай түсте аулына, 
Төлегенді ертіп, 
Тоқталмастан жөнеді. 
Ерлігін енді білгізді, 
Жиренбай деген үйіне, 
Жаңа отау ішіне, 
Ертіп барып кіргізді. 
Қаршыға Жібектің ағасы Жиренбайдың үйіне Төлегенді кіргізіп, көңілін 
жайлап кетпекші болды. Сонда Төлегеннің Қаршығаны жібермей, сөз айтып 
тұрған жері: 
Асу, асу бел дейді, 
Аса бір соққан жел дейді. 
Айналайын, Қаршыға, 
Жібекті ертіп кел дейді. 
Кеше бердім қос жорға, 
Берейін бүгін үш жорға. 
Кереметің бір көрсет, 
Жігіт болсаң сен дейді. 
Жүрген осы Қаршыға, 
Епті жігіт, ер еді.
Төлегендей мырзаның, 
Бұл сөзін мақұл көреді. 


Жібекке жетіп келеді. 
– Ой, Жібекжан, Жібекжан, 
Тілегем сені құдайдан, 
Басыр, басыр, басыр-ды, 
Аққа құлпы жасыл-ды, 
Қаршыға келді қасыңа, 
Көтергін, Жібек, басыңды, 
Ат байлаған ақыр-ды 
Көз түзкендер жакыр-ды, 
Жиренбай əкең үйінде, 
Жаңа түскен жеңешең, 
Қарағым, сені шақырды. 
Жібек сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді: 
– Ой, Қаршыға, Қаршыға, 
Өзің шешен, батырсың, 
Шешендікпен айтарсың. 
Кеше алдың қос жорға, 
Бүгін алдың үш жорға, 
Нысап қылмай құдайға, 
Тоймаған бір кəпірсің, 
Ой, Қаршыға, Қаршыға, 
Мінген атың қарагер, 
Барайын өзім, бара бер. 
Шақырғанда бармасам 
Ақыры бір күн боламыз, 
Сол жігітке қызметкер, 
Жібек жайын сұрасаң, 
Асыл туған анадан, 
Шайы жібек кісі еді. 
Кісі бойы кереует,
Алтын тақтың үстінен, 
Қояндай орғып түседі. 
Ақ маңдайы жарқылдап, 
Танадай көзі жалтылдап, 
Алтын сəуле жүзінде, 
Құнан-тайдай бой тастап, 
Жан-жағын қарап кылжақтап, 
Сары майдай еріліп, 
Кер маралдай керіліп, 
Тəңірім берген екі жас, 


Бір басқанға ерініп, 
Көрінген көзге дүниенің, 
Баршасынан бөлініп. 
Сүмбіледей жылтылдап, 
Сылдырап Жібек жөнелді. 
Асыл жарын көрмекке, 
Қызмет қылып бермекке. 
Шайы жібек Қыз Жібек, 
Жалт-жұлт етіп келеді. 
Сол уақытта қарасаң, 
Қыз Жібектің екпіні 
Өрден самал ескендей, 
Қыз Жібекті бір көрген, 
Шыбын жаннан кешкендей, 
Сылдырап Жібек жөнелді. 
Неше түрлі сəулетпен, 
Іңірде шайтан көшкендей. 
Құланнан атты қодықты, 
Көлден тартты борықты. 
Жиренбай аға үйінде 
Асыл туған қыз Жібек, 
Төлегенге жолықты, 
Молдалар басы қосылса, 
Насихат кітап оқыр-ды, 
Шайы заттай қыз Жібек, 
Төлегеннің мойнына 
Асыла барып отырды. 
Төлеген сонда сөйлейді, 
Сөлегенде бүй дейді: 
– Келдің бе, Жібек, қасыма, 
Тиісе кеттің асыла. 
Кешегі сөзің қай жақта 
Күнəні қойсаң басына? 
Жібек сонда сөйлейді: 
Қына бешпент қынадым, 
Төлеген қайтер екен деп, 
Асылым, сені сынадым. 
Екі ғашық қосылып, 
Əңгіме-дүкен құрады. 
Екі перінің келбеті 


Лəйлі-Мəжнүндей болады. 
Екі бекзат қосылып, 
Күндей балқып толады. 
Екі бекзат нұрына 
Көргендер қайран қалады, 
Топырлаған қыз-келін 
Ел жатқанша отырды, 
Ұйқы келген уақытта, 
Жаңа түскен жеңгесі 
Күйеуге төсек салады. 
Төсекті жайлап салған соң, 
Екеулеп оңаша қалған соң, 
Бұрынғы сөздің қысқасы, 
Айтушы елдің нұсқасы, 
Шабыттанып ақ берен 
Қалаған жерден ұрады. 
Қаршыға ілген үйректей, 
Толғана мойнын бұрады. 
Тебетейін түсіріп, 
Көңілдері тынады. 
Жібек сынды апаңыз, 
Əрең деп зорға тұрады. 
Сөйтіп Төлеген үш ай тұрып қалды. Төлеген ел-жерін аңсап, ата-анасын, 
туысқанын сағынып, өз еліне барып келмекші болды. Сол уақытта қыз Жібек 
түс көріп, жеңешесін шақыртып, түсін айтып тұрған жері: 
– Ой, жеңеше, жеңеше, 
Мінезің сенің өзгеше. 
Мен бір жаман түс көрдім, 
Түсімде жаман іс көрдім, 
Төлеген мінген көк жорға ат, 
Ер-тоқымсыз бос көрдім. 
Ел жайлаған Ақ Жайық, 
Жағалай біткен бидайық, 
Маңдайда жанған шырағым, 
Біреулер келіп өшіріп, 
Көзімнен болды сол ғайып. 
Қолымдағы тұйғынды, 
Саулап келіп аспаннан 
Желкесін қиды бидайық. 
Пендем десе құдай-ай, 


Бұл түс емес еді ғой. 
Көрсетер маған ылайық. 
Айналайын, жеңеше, 
Төлегенді мен білдім 
Бір кеткен соң келмесін, 
Жарық дүние опасыз,
Білдім көзге ілмесін. 
Айналайын, жеңеше, 
Төлегенге айтып көр, 
Тіліңді алса, жүрмесін. 
Ата-анасы бар ма екен, 
Жал-құйрығы жал ма екен, 
Иə болмаса Төлеген, 
Қаңырап өскен қу ма екен? 
Атасының аты кім болар, 
Апасының аты кім болар? 
Сұрап көргін, жеңеше, 
Қандай заман күн болар? 
Жеңешесі Төлегенге келіп, ары-бері сөйлесіп, ата-тегін сұрап, содан соң 
Жібектің түсін айтып тұрған жері: 
Базарбайдың Төлеген, 
Жеңгесі келсе алқынып, 
Не айтып тұрсың демеген. 
Жеңгесі сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді. 
– Айналайын, күйеужан, 
Бикешжан түнде түс көрді. 
Түсінде жаман іс көрді. 
Астыңдағы көк жорға ат, 
Ер-тоқымсыз бос көрді. 
Ел жайлаған Ақ Жайық, 
Жағалай біткен бидайық, 
Маңдайда жанған шырағым, 
Саулап келіп өшіріп, 
Көзімнен болған сол ғайып. 
Қолымдағы тұйғыным, 
Саулап келіп аспаннан,
Желкесін қиды бидайық, 
Пендем десе, Құдай-ай, 
Көрсеткен бұған ылайық, 


Айналайын, күйеужан, 
Тілімді алсаң жүрмегін, 
Құдайдан тілеп жылайық. 
Төлеген сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді: 
– Ой, жеңеше, жеңеше, 
Түс – түлкінің боғы дер, 
Жаратқан өзі жар құдай, 
Өліп кетсем көңіл жай. 
Атамның атын айтайын, 
Алпыс жаста қарт еді, 
Байлығы асқан Базарбай, 
Анамның атын айтайын, 
Елу жаста марқа-ды. 
Олай-бұлай болып кетсем, 
Сансызбай атты інім бар, 
Жібекжан неге қорқады? 
Шын тілесе пендеге, 
Тəңірім тілек береді, 
Қорықпасын Жібек түсінен, 
Ендігі жазда келеміз. 
Көрмей қалсам Жібекті, 
Елімізде Шеге бар, 
Сансызбайды ертіп, 
Аулыңызға келеді. 
Не қылса да Құдайың 
Берер маған райын. 
Жібекке дұғай сəлем де, 
Деп осылай Төлеген 
Енді атына мінеді, 
Алла деп елге жөнеді. 
Төлеген неше күн, неше түн жол жүрді. Көк тұлпар атының күшімен 
еліне, жеріне аман-есен келді. Ата-анасы ұлының аман келгеніне қуанып, ел 
шақырып, той жасайды. Елдің көзінше Базарбай: «Төлеген, қарағым, 
қайындарыңа қашан барасың?», – деп сұрайды. Төлеген: «Жазға таман 
барамын», – дейді. Сонда Базарбай Төлегенге қарап: «Қарағым, мен бір тілек 
тілейін, бересің бе?», – дейді. Төлеген байқамай тұрып: «Берейін», – деп 
қойды. «Берсең, ұлым, жолыңа басым – құрбандық. Сол тарапқа бір жылға 
дейін ат ізін салма», – деді. 


Төлеген: – Ата, барма десеңіз, бармай-ақ қояйын, – деді атасының 
көңілін аулап. – Олардың елі-жері бізден артық бола қояр ма? 
Төлеген қыстады. Қыс өтіп, жаз келді. Күндердің бірінде аспаннан алты 
қаз қаңқылдап ұшып бара жатқанын көріп, «жаз келіп қалған екен ғой. Мен 
Жібекке уəде беріп едім. Жолға шығайын... », – деп ешкімге сырын айтпай, 
Төлеген саймандарын сайлап алып қалады. Інісі Сансызбай біліп қалып, 
артынан іздеп, Төлеген қай жерге қонғанын, қайда тоқтағанын іздестіріп, 
сұрап жүріп, тауып алады. Екі бауыр бірін-бірі қия алмай қоштасқан жері: 
Жағалбайлы елінен 
Жалғыздап атын мінеді. 
Жолдас алмай елінен, 
Тіл алмастан жөнеді. 
Ғашықтықтың зарынан 
Кетіп бара жатқанда, 
Сансызбайды көреді. 
Сансызбай келді қасына, 
Базарбайдың Төлеген 
Уайым түсті басына. 
Шүу деп қамшы ұра алмай, 
Қу бауырды қия алмай, 
Қайрылып келді қасына. 
Алдына жылап келген соң, 
Көтеріп алды алдына. 
Қабырғасы сөгіліп, 
Көзінің жасы төгіліп. 
Төлеген айтты: – «Е, қарағым, неге жылайсың, жылама. Мен жеңешеңді 
алып келмекке бара жатырмын». Сонда Сансызбайдың айтқаны: 
Жыламайын, көкежан, 
Өзің-дағы жылама. 
Көзіңнің жасын тый дейді. 
Сөгіп жатыр ата-анам, 
Сапарыңды қой дейді, 
Көп жолдаспен барсаңшы, 
Ел-жұртыңды жи дейді. 
Жалғыздық ісі қиын-ды, 
Жалғыз қайтіп барасың, 
Сен кеткен соң, мен қайтем? 
Танымасаң ешкімді 


Атаң кəрі, інің жас, 
Көзімді кімге саламын? 
Бұл барғаннан келмесең, 
Қайғыменен қан жұтам. 
Домбыра алып қолыма, 
Тартамын сонда күй дейді. 
Төлеген сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді: 
– Қалықтап ұшар қанатым, 
Соңымнан орын басарым.
Көзінің жасын бұлама, 
Жібек сынды жеңгеңді, 
Алып келмекке барамын, 
Пендесін Алла қолдаса, 
Қабыл болар тобасы. 
Асықтырып, састырған – 
Ғашықтықтың жорасы. 
Айтып келгем Жібекке 
Жақындап қалды уағдасы. 
Үйде, түзде жүрсе де, 
Қайда қашып құтылар, 
Адам Ата баласы, 
Мен кеткен соң, қарағым, 
Тілек тіле Алладан, 
Ақылменен іс қылғын, 
Көзіңді кімге сатасың? 
Разылығын əкем бермеді, 
Əкемнен қорқып елімнен 
Көкешің жалғыз жөнеді. 
Тірі болсам, қарағым, 
Алып қойдым үстіңе 
Оқ өтпес сауыт-жарағың. 
Жылқыда бурыл бір ат бар, 
Былтыр құлын, биыл тай, 
Ат болғанда мінбейсің. 
Сабы алтын ақ семсер, 
Жасатып қойдым өзіңе, 
Беліңе байлап ілмейсің. 
Жау дегенде қолға алып, 
Пендесіңмен жүрмейсің, 
Алай-бұлай болып кетсем, 


Асыл туған Жібекті, 
Біреулерге қор қылмай, 
Өзің бір алып сүймейсің.
Балиғатқа жеткенде, 
Алтын сауыт кілемге, 
Жау дегенде жайнатып, 
Толғамалап қолыңа ал. 
Сапар шегіп жол жүрсең, 
Жолдасын жауға алдырмас, 
Басшы қылғын Шегені. 
Адамның айтқаны болар ма, 
Алланың болар дегені, 
Осыны айтып Төлеген, 
Сансызбайдың бетінен, 
Екі-үш рет сүйеді, 
Құшақтасып, қоштасып, 
Иə, Алла деп жөнеді. 
Сансызбай сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді: 
Ерлер мінер сұр қасқа, 
Таба алмасқа құр қасқа, 
Батырлық, байлық кімде жоқ, 
Əр адам жөні бір басқа. 
Ақ Жайықпен арасы, 
Үш айшылық жол екен, 
Үш айшылық жер ортасы 
Атырабы деген шөл екен. 
Шөл даланың ішінде, 
Қособа деген көл екен. 
Ұры, кəззап, қарақшы 
Мекен қылған жер екен. 
Атаңа нəлет Бекежан, 
Арғын елі ішінен, 
Əккі болған қу екен. 
Қыз Жібектің сыртынан 
Көп ғашықтың бірі екен.
Баяғы ұйысқан алпыс жігіт, 
Қособаның көлінде, 
Қасында жүрген кезі екен. 
Төлеген қашан келер деп, 
Жолын тосып жүр екен. 


Төлеген сол күн келмесе, 
Азықтары таусылып, 
Кетер күні сол екен. 
Құланнан атты қодықты, 
Көлден тартты борықты, 
Арада неше қоныпты. 
Тұлпар туған көк жорға ат 
Жүз күншілік жолында 
Он жеті күн су ішпей, 
Жүрмей жолдан зорықты. 
Мұны көріп Төлеген, 
Атынан көңілі торықты. 
Жүрмей қалған жерінде, 
Базарбайдың Төлеген 
Шұбалған шаңға жолықты. 
Шаңға таман салады, 
Қасына жетіп барады. 
Тұс-тұстан шығып алпыс ит 
Төлегенді қамады. 
Базарбайдың Төлеген 
Алды-артына қарады. 
Бесінде жаумен алысып, 
Намаздыгер болғанша 
Алдырмай кетіп барады. 
Атынан күш кеткен соң, 
Жау ортаға алады. 
Жақындап жау келгенде,
Жамандатқыр көк жорға ат 
Қаталаған су ішпей, 
Басын жерге салады. 
Жау қаумалап келген соң, 
Атынан қайрат кеткен соң, 
Базарбайдың Төлеген 
Тəңірге қылды наланы. 
Құдіреті күшті құдай-ай, 
Батар күнмен батайын. 
Ең болмаса мен-дағы 
Бекежанды өлтіріп, 
Жастығымды ала жатайын. 
Мұсылман болса осылар, 
Жақсылап жауап айтайын, 
Қайратым енді жазылды, 


От боп жанған көңілім 
Су сепкендей басылды 
Жаудыр көзді жұмбаққа. 
Он сегіз жаста алмаса, 
Жазыпты тəңірім жазымды. 
Осыны айтып Төлеген, 
Қорамсаққа қол салды, 
Қол салғанда мол салды. 
Садақты қолға алады, 
Толғап тартып қалады. 
Зымырап оғы кетеді, 
Топ арғынға жетеді. 
Бəлсеніп келген бесеудің 
Үшеуін жайпап кетеді. 
Тағы да оғын алғанша, 
Қорамсаққа қол салғанша, 
Атаңа нəлет Бекежан, 
Арғыннан шыққан қу екен,
Əккі болған сұм екен. 
Төлегеннің артынан, 
Жеткен екен жағалап, 
Бір қурайды паналап, 
Жақындап келіп тұр екен. 
Мылтыққа білте басады, 
Төлегендей мырзаның 
Қанын судай шашады. 
Қой құмалақ қорғасын, 
Ажал болып жабысты. 
Атаңа нəлет Бекежан, 
Жіберген жоқ намысты. 
Бекежан атқан жалғыз оқ 
Маңдайдан келіп ұрады. 
Атынан құлап Төлеген 
Алданып қалған қорлығы-ай, 
Иттердің қылған зорлығы-ай, 
Толықсып жерге құлады, 
Атаңа нəлет алпыс ит 
Жаны өзі шықсын деп, 
Жанына келмей тұрады. 


Төлеген есі ауып, шалқасынан түсіп, аспанға қараса, өзімен қоса келген 
алты қаз айналсоқтап, көлге қона алмай, айналып ұшып жүр екен. Сонда 
Төлеген құс та болса осы қаздарға арманын айтып тұрған жері: 
Əуелеп ұшқан алты қаз, 
Етің – шекер, сорпаң – баз, 
Қонар болсаң қайрылып, 
Міне майдан, міне саз. 
Сіздер түгіл мен өлем, 
Өлмеген жанға, Құдай-ай, 
Болып қалды міне жаз.
Қайыра қайтып барғанда, 
Қартайған атам Базарбай 
Алдыңнан шығып кеп сұрап, 
Көкешім менің, Төлеген, 
Көрдің бе десе, не дейсің? 
Бір төсекте жатысқан, 
Таласып емшек еміскен, 
Тай-құнандай тебіскен 
Жалғыз інім бауырым, 
Алдыңнан шығып Сансызбай, 
Көкешім менің Төлеген, 
Көрдің бе десе не дейсің? 
Ғашықтықтың зарынан, 
Қособаның көлінде, 
Төлеген өлді дегейсің. 
Төлегеннің шамасы, 
Осы сөзге келеді, 
Екінші сөзге келмеді. 
Атаңа нəлет алпыс ит, 
Обал-сауапты білмеді. 
Бір адамды опат қып, 
Алпыс адам бөгелді. 
Мал опасыз деген рас, 
Төлеген мінген көк жорға ат 
Су ішіп қанып алған соң, 
Бір қарақшы алдында 
Ойнақтай басып жөнелген. 
Сөйтіп Төлегенді өлтіріп, ат-тонын тонап алып, сүйегін жасырмай, еліне 
кете барды. Ендігі сөзіміз Қыз Жібектің ауылы туралы болмақшы. Бекежан 
аулына жетті, көк жорғаны жабулап, сылап-сипап, елге көп көрсетпей, бағып 


жата берсін. Арада бір жыл өтті. Күндердің бірінде Сырлыбай ханның 
бейхабар жатқан елін қалың қалмақ қаптап басып қалды. Бұлардың басшысы 
Қорен қалмақ екен. Ел дүрлігіп, естері шығып қалды. Қорен хан Сырлыбай 
ханға жігіттерін жібереді. Жендеттер Сырлыбайға келіп: «Біздің ханымыз 
сізге жіберді. Қызы Жібекті бере ме екен, əлде бермей ме екен? Бермесе еліңді, 
жеріңді шауып алғалы келдік», – десті. 
Сырлыбай хан есі шығып, еліне не дерін біле алмай қалтырап: «Əй, 
жігіттер, кішкене аял қыла тұрыңдар, кеңесіп барып жауабын берелік», – деді. 
Жігіттер ханына жүріп кетісті. 
Сырлыбай хан қыз Жібектің ордасына келіп: «Жібекжан, Түптен Қорен 
қалмақ келіп, қызыңызды бересіз. Бермесең, еліңді шауып кетеміз деп жатыр. 
Не істейміз?», – деді. 
Жібек: «Ата, зорлыққа айла бар ма? Мақұл деңіз. Бірақ мені алам деген 
Қореннің салты бар ма екен? Болса, қырық күн тойын жасап алсын», – дейді. 
Сырлыбай Қаршығаны шақыртып: «Сен барып айт, қыз Жібекті қырық күн 
тойын жасап алсын», – дейді. Қаршыға мəн-жайды айтқан соң, Қорен хан 
мақұлдап, той жасайды. 
Тойын жасай берсін. Осы той кезінде Бекежан көк жорғамен көсілтіп, 
Жібекке бір көрінейін деп келе жатыр. Жібек Бекежанның келе жатқанын 
көріп, секемденіп: 
– Ай, Бекежан, андағы көк жорғаны қайдан алдың? – дейді. 
Бекежан: «Қайдан алушы едім. Өзімдікі», – деп тұрып, Жібекке тиісіп 
қалады: 
Бекежан əуелетіп əнге əуен салды, 
Жібек қыз соны тыңдап, құлақ салды. 
Бір жылдан асып кетті кеткеніне, 
«Сол жездең Төлегеннен хабар бар ма?» 
Жібек: 
Төлегенім бұл дүниеде жүрген шығар, 
Жібегі күнде етегін түрген шығар.
Бекерге меніменен байланыспа, 
Онымен қандай жұмыс, ісіңіз бар? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет