Мен айтқалы отырған қағида «кедергі теориясы» деп аталады. Кедергі
болатын негізгі себепті анықтау керек. Дөңгелектің арасына тұрып қалған
негізгі таяқты табыңыз, бәрінен де күштірек тежеп тұрған не екенін түсінуге
тырысыңыз. Мақсатқа жету жолындағы жүріп келе жатқан жылдамдықтың
негізгі реттегішінің не екенін түсінуге тырысу керек.
Мен барлық кедергілердің 80%-ы адамның өзінің ішінде екенін таптым.
Тек 20%-ы ғана сыртқы жағдайларға байланысты. Қарапайым адамдар не
істейді? Олар өз бастарындағы қиыншылыққа әрдайым сырттағы біреулерді
кінәлайды. Басқалардан озып шыққан адамдар не істейді? Ол адамдар өз жан-
дүниесіне қарап, сосын: «Менің ішімде мені жібермей тұрған не нәрсе?» деп
сұрайды.
Мүмкін, сіз өзіңізді тәртіпке келтіру үшін, өз уақытыңызды дұрыс
пайдалану үшін белгілі бір қабілетке мұқтаж шығарсыз? Мүмкін, сізге
көбірек күш-қуат керек немесе өмірде басқа нәрселерге әдеттену қажет
болар? Мүмкін, көбірек жұмыс істеу қажет шығар немесе көбірек ойыңызды
жинақтау керек болар? Мақсатқа жету жолында сізді тежеп тұрған не нәрсе?
Мақсатқа жету жолында кедергі болатын нәрселердің 80%-ы сіздің
өзіңізде, олар сіздің қадағалауыңызда.
Өзіңізге бөгет болатын барлық кедергілерді анықтаңыз және олардың сізге
бәрінен де көбірек қолбайлау болатын негізгісін табыңыз. Осының бәрін
анықтап алғаннан кейін толығымен осы кедергілерді туғызатын себептерге
назар аударыңыз. Бұл ашуды қажет ететін құлып. Құлыптың ашылуына,
жолыңызға бөгет болатын кедергілердің жоғалуына қол жеткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: