Қазақстан- ресей медициналық


Ферменттердің практикалық маңызы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#70031
1   2   3
Ферменттердің практикалық маңызы
Микроорганиздермен ашу процессі практикада 
тамақ, алкогольді сусындар өндірісінде немесе 
консервілеу кезінде қолданылады. Барлық ашу 
процестері пируваттың түзілуімен анаэробты ортада 
өтеді. Амилазалар нан, сыра өндірсінде крахмалды 
ыдырату кезінде; Протеазалар: пепсин дайын 
ботқалар, трипсин балалар тағамдарының, 
бактериалды протеазалар ақуызды гидролизаттар 
дайындауда; Глюкозооксидаза глюкозаны немесе 
оттегіні бөліп шығару кезінде; Каталаза сутегі 
пероксидін кетіру үшін; Целлюлаза мен пектиназа 
жемістер шырындарын тазарту үшін қолданылады. 


ҚОРЫТЫНДЫ 
Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде əсер 
ететін белоктік табиғатыбар қосылыстарды айтады. 
Əдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализатор деп 
атайды. Ал ферменттер — өсімдіктер мен жануарлар жəне микроағзалар жасушаларынан бөлінетін 
белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды шапшаңдататын қабілеті бар зат. 
Оның қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған сəйкес ферменттерді 
биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі 
ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей атсалысады. Фермент (латынның тілінде fermentum – ашу 
деген мағына береді) деген терминмен қатар əдебиетте энзим (грек тілінде –enaym, en –ішкі, zyme 
ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады. 
Ферменттерді жəне олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп 
аталады. Тірі жасушада зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. 
Зат алмасу процесі дегеніміз — белгілі бір тəртіппен кезектесіп келіп отыратын əртүрлі химиялық 
реакциялардың жиынтығы. 
Мұндай реакциялар жасушадан тыс жерде өте қиындықпен жəне мейлінше баяу жүреді. Ол үшін 
қатаң шарттар (жоғары температура, күшті қышқылдар, сілтілер жəне т.б.) қажет. Тірі жасушада бұл 
реакциялардың жылдамдығы тірі жасушалардан тысқары жердегіден миллиондаған есе артық. 
Ферменттер – ағзадағы химиялық реакциялардың жылдамдығын жүздеген жəне мыңдаған есе 
өзгерте алатын белокты заттар, атап айтқанда, жекелеген қосындылардың синтезі мен ыдырауын, зат 
алмасу процестерін жəне тағы сол сияқтыларды шапшаңдататын заттар. 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Сеитов З.С. “Биохимия”, Алматы, 2010.
2. Северин Е.С. (қазақ тіліне аударған Сейтембетов А.Ж.) «Биохимия», Москва, ГЭОТАР-Медиа, 
2014.
3. Плешкова С.М. и соавт. “Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии”, 
Алматы, 2009, 2 том, стр.90-103
4. Тесты по биологической химии для самостоятельной подготовки студентов (учебное пособие), 
Алматы, 2007
5. Аблаев Н.Р. “ Биохимия в рисунках и схемах ”, Алматы , 2005
6. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Ерджанова С.С., Петрова Г.И «Практикум по биологической 
химии», Алматы, 2003 г 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет