Азамат соғысы 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болып табылады.
Азамат соғысының басталуына шетел интервенциясы себеп болады.
Азамат соғысының басталуына 1918 жылғы 25 мамырдағы Чехословак корпусының бүлігі үлкен әсерін тигізді.
Чехословак корпусының бүлікшілері ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып Сібірдің бірқатар қалаларын, Оралды және Қазақстанның- Петропавл, Ақмола, Қостанай, Атбасар, Семей қалаларын басып алды.