Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениетінің ерекшеліктері
Қолжазба деректері болмаған немесе мүлде аз сақталған тарихи кезеңдерді тануда археологиялық деректер аса маңызды орын алады. Археология - жоғары дамыған кұрал-жабдыкқа ие ғылым саласы. Археологиядағы маңызды мәдени’ белгілерге жерлеу салты мен қыш бүиымдардағы өзгерістер, сондай-ақ қоныстар мен баспаналардың, еңбек қүралдары мен қару түрлерінің өзгеруі жатады
Далалық және көшпелі мәдениет пен өркениетті зерттеуде қорымдар мен қабірлер маңызды рөл
атқарады. Ертеде қайтыс болғандарды белгілі бір салттарды сақтай отырып жерлеген. Құрбандыққа мал шалған, бейітке қарулар мен түрлі заттарды қоса көмген. Осы деректер негізінде материалдық мәдениеттің сипатын, қоғамның әлеуметтік жіктелуін, ежелгі адамдардың дін туралы түсінігін білуге болады. Жер- леу салттарын зерттеу барысында археологтер бейіт үстіне койылған белгіге, жерлеу орнының көлеміне, мүрденің қалай қойылғанына назар аударады. Сондай-ақ қүрбандық шалынғанына, жерлеуде бірге қойылған бүйымдарға және тағы басқаларына көңіл бөледі
Достарыңызбен бөлісу: |