Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Саяси сенімсіздікпен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау- ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі



бет37/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
?àçà?ñòàí àóìà?ûíäà?û òàñ ?àñûðûíà ?àòûñòû àðõåîëîãèÿëû? åñêåðòê

85. Саяси сенімсіздікпен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау- ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды: 
этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);
саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті.1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту үшін 2000 жүк машинасы әзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.

86)Кеңестік білім беру жүйесін құру ,Арабтан латынға,кейін кирилицаға көшу .


1918ж шілдеде Түркістан АКСР -інде Халық ағарту комиссариаты ,ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетіне мектеп бөлімі ашылған еді .1919 ж желтоқсанда Ленин РКФСР- халықтар арасында сауатсыздықты жою туралы декретке қол қойылды .1924 жылы ақпанда «Сауатсыздық жойылсын » қоғамының қазақстандық бөлімі жұмысын бастады. 1925 ж қоғамның 882 бастауыш ұғымында 77800 мүше тіркелді. Сол жылдары ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделген араб әлібиін жасады .
714-1929 Араб әліпби
1929-1940 Латын әліпбиі
1940-2022 Крилица әліпбиі
87)Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына ,партизандық қозғалысқа қатысуы.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизан қозғалысы (1941-45) – совет халқының КСРО территориясын уақытша басып алған фашист басқыншаларына қарсы күресі. БК(б)П ОК партизан қозғалысына бағыт беріп, жау тылында жұмыс істеуші жергілікті партия ұйымдарына басшылық етті. Партияның ОК мен КСРО Халкомсовы 1941 ж. 29 маусымдағы Қарарында және БК(б)П ОК 18 шілдедегі «Герман әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» қаулысында жау басып алған аудандарда партизан қауымын ұйымдастырудың, астыртын жұмысын жүргізудің бағдарламасын көрсетіп берді. Соның нәтижесінде 1941 ж. күзінде жау басып алған жерлерде партияның 10 астыртын облыстық, 260 округтық, қалалық, аудандың комитеті, ал 1943 ж. 24 астыртын облыстық, 370-тен аса округтық, қалалық, аудандық комитеттері, 2 мыңға жуық астыртын комсомол ұйымы, комсомолдың 12 облыстық, 280-нен аса аудандық, қалалық комитеттері жұмыс істеді.
Соғыстың басында партизан қозғалысын ұйымдастыру үшін совет тылынан арнайы дайындықтардан өткен коммунистер мен комсомолецтер жау тылына жіберілді. Мұнымен қатар әскери қызметкерлер мен чекистерденқұралған топтар жіберу тәжірибесі кең қолданылды. Осындай арнайы топтардың негізінде партизан отрядтары пайда болды. Мұндай топтар әсіресе Украина мен Белоруссияның батыс аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында зор рөл атқарды. Партизан қозғалысының бүкіл халықтық, интернационалдық сипат алды. Мұнда ерлермен бірге әйелдер де, қарттармен бірге жастар да, көптеген өкілдердің өкілдері болды. Мәселен, Украина партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысты. Толық емес деректер бойынша, Украинада жергілікті және т.б. ұлттармен бірге 1500 қазақ, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Беларуссияның 65 партизан құрамаларында 1500-ден астам қазақстандықтар болды. ПАРТИЗАНДАР:Қ.Қайсенов,Әділ Жәріпов, Құсайынов, Егоров т.б
Жабықбай Сұраншев-Ұшқыш партизан отрядының құрамында Беларуссияда ерлік көрсетеді .
Қазақстандық партизандар -3500 адам .
88) Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі 
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегеровазвенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швальковасоғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр.
Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді.
Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы тиіс. 
89 сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет