Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер



бет2/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ГЭК НОВЫЙ

Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.

Өнердің көне ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, Жетісу, Баянауыл, Қарқаралы, Маңғыстау, Қаратау, Шыңғыстау, Іле Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларында жиі кездеседі . Орта ғасырлардағы жартасқа сурет салу өнері бұрынғы қалыптасқан дәстүрде дамыды. Бұл заман суреттерін көне петроглифтердің үстіне салу мұнда жиі кездеседі. Кейбір орта ғасырлық петроглифтердің жанында жазулар да бар. Кейінірек қазақтар өмірінің этнографиялық сюжеттерін бейнелейтін петроглифтер пайда болды , Жартастағы суреттерден ертедегі темірқорытушылардың, көшпелі керуеншілердің, малшылардың өмірінен деректер беретін сызбаларды көруге болады. Түйелі керуендер мен салт аттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі. Қола дәуірінің петроглифтері діни нанымдарды, аңшылық сахналарын, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сюжеттерді бейнеледі.Суретшілер нүктелі әдіспен қашап, бояу, сызу арқылы көшпелі тұрмысты, шабандоздарды, жабайы аңдардың бейнелерін – құлан, барыс, бұқа-тұр, қасқыр, жабайы жылқы тағы басқаларды анықтап көрсеткен. Петроглифтердің көп бөлігі қазіргі уақытта адамның аяғы жете алмайтын, шығуға келмейтін биік тік тастарға салынған. Тамғалы немесе Таңбалы деп аталатын петроглифтер Жетісу өңіріндегі ең ескі тарихи мұралардың бірі. Шатқалдағы тастың бетіне түскен керемет суреттердің алғаш табылған уақыты – 1957 жылдың 19-қыркүйегі . Тамғалыдағы петроглифтерді ең құнды тарихи мұра ретінде санауға негіз бар. Таста салынған суреттердің барлығы да пикетаж техникасымен түскен, тек кейбірі тас пен темірдің көмегімен ойылған екен. Бағзы замандағы тас қашаушылар өз суреттеріне мүлде бояу қолданбаған. Ғалымдар мұндағы петроглифтердің ішіндегі ең кереметі орта қола дәуірінде салынғанын анықтап отыр. Олардың эстетикалық, мәдени құндылықтары жоғары. Петроглифтерде күнбасты құдайлар, шоқпар ұстағандар, қасқыр бетпердесін киген садақшылар, қару ұстаған жауынгерлер, мал мен адамды құрбандыққа шалған суреттер, босанып жатқан әйелдер, эротикалық көріністер, арба мен түрлі символдар, жабайы аңдар, жылқы мен түйе, қабан, қасқыр, түлкі, бұғы секілді белгілерді табасыз. Бұл сол кезеңде өмір сүрген адамдардың ойының кеңдігін, қиялының ұшқырлығын көрсететіні анық.Тамғалы шатқалы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде, Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс беткейінде орын тепкен .Тамғалының Таңбалы деп аталуына тікелей жергілікті жұртшылықтың тигізген әсері бар. Себебі, ондағы таңбалардың көптігіне байланысты халық Таңбалы деген атау таққан. Жартылай шөлейтті жердің табиғаты көрген көзге керемет әсер қалдырады. Тамғалыдағы тамаша қырма суреттерден бөлек сирек кездесетін өсімдіктер мен жабайы аңдар жетерлік. Атап айтқанда, қасқыр, түлкі, қоян, жылан, құстардан бүркіт, сұңқарды көруге болады. Мемлекет деңгейінде қорғалып келе жатқан Тамғалыға он энциклопедия арналған, сонымен қатар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мультимедиялық энциклопедия коллекциясына» енгізілді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет