Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет7/45
Дата14.05.2023
өлшемі248,33 Kb.
#92995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
Тарих 105 сұрақ (15)

Археологиялық ескерткіштер: Мардан- күйік, Қауыншы, Жаушықұм, Жамантоғай, Төребайтұмсық, Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе, Шаштөбе, Қостөбет.б.
16. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. 
Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы деректер 542-інші жылдан бастап кездеседі. Ғұндар империясы ыдыраған соң Орхон аймағында түркітекті теле тайпалар одағы ұйымдасты.
Бесінші ғасырдың ортасында Ашына бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40 мың үйлік бірлестігін бағындырады. Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл атау «киелі қасқыр» деген мағынаны берді. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды.
Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545-інші жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сәттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады. Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. 552-інші жылы жужандар әскерін талқандайды.
Түркілер Солтүстік Моңғолия жерінде Түркі қағанатын құрады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланады. Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді.
Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты – яғбу, шад тағы басқалар құрылды. Түркі мемлекетінде қарапайым халық бұдун аталды.
Түркілердің шыққан тегі бір болғандықтан олардың жерге және соғыстан түскен олжаға құқықтары бірдей еді. Қауым ішіндегі бірлік таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады.
Түркі қағанатының негізін қалаушы Бумын қайтыс болғаннан кейін билікке келген Мұқан қаған жужандарды талқандауды аяқтайды. Мұқан қаған Орталық Азия мен Оңтүстік Сібір, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздарын бағындырды.
Иштеми (Истеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орта Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты.
Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған «Шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды».
Алтыншы ғасырдың 60-ыншы жылдары Түркі қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер – Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады. Түрік қағанаты нығайған кезінде (алтыншы ғасырдың жетпісінші жылдары) Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден парсы еліне (Иран) дейінгі жерді алып жатты.
Түркілерді әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603-інші жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді.
Біртұтас мемлекет Түркі қағанаты 603-інші жылы Шығыс (Моңғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді. Түркі қағанаты 603-інші жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың территориясы анықтала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет