Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары



бет70/79
Дата06.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#113138
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
Байланысты:
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескертк-emirsaba.org

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдықсаяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған тӛртіншібесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, ӛнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын ӛрге бастауға үлкен мән берілді.Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл және тоқыма ӛнеркәсібін одан әрі өркендеуіне көзделді . Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңілбүлінді. Өнер кәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендетунегізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бӛлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гӛрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Түртіншібесжылдықта бүкіл елде ӛнеркәсіп ӛнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту көзделді. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5, мұнай-1,5, газ-1,9, электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.


Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды iрiлендiрушаралары iске асырылып, республикада соғысқа дейiнгi6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Тӛртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шепшабатын және басқа машиналар істеді. Бұлардың басым кепшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейді . 1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек ӛнімділігі тӛмен еді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге ӛнім бӛлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы тӛмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы тӛлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда ӛндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр жағдайды ӛзгертумәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін кӛңілбӛлінген жоқ. Сайып келгенде, ӛнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге кӛтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің өзгеруіне әсер етті. Тың игеру кезінде Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп отырған қазақтарды келтіру мүмкіндігі туды, қазақ зиялылары сондай пікір де көтерді , бірақ бұл пікір ескерілмеді. Қазақстанға тың игеруге көптеген басқа ұлттың адамдары келді. Олардың ішінде басшы қызметкерлер, мамандар келді. Олар жергілікті кадрларды ығыстырды. Жергілікті жерлердегі қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тілінде оқытты. Қазақ тіліндегі газеттер жабылды. Мұндай көріністеринтернационализм мен ұлттар достығының белгісі деп бағаланды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен кӛлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс кӛбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектепинтернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым кепшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның ӛзі, бір жағынан, қазақ жастарының ӛз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне кӛшірілді. Мұндай орыстанупроцесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл үдеріс соның ӛзінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі бӛлігін ӛз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ күйінде қалдырды. Осындай саясаттың салдарынан қазақ халқы ӛз республикасында азшылыққа айналды. 1959 жылғы сынақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы (табиғи ӛсуіжоғары болса да) 8% кеміп, жалпы халықтың 29 пайызына түсіп қалды. Солтүстік облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан кӛп тӛмен болды. Жер, су, қала, қыстақ аттары орысшаланды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет