Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 ж. шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады. Газет сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы болған Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығып отырған. Бұл газеттен басқа да
мерзімді басылымдардың бар екені баршаға аян. Олар ұзақ жылдар бойы ұлттық мерзімді басылымдардың тарихын зерттеуші, олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап, мəтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердинаның еңбектері арқылы мəлім. Ғалымның «Айқап» энциклопедиясындағы «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты кіріспесін оқи отырып [2; 6–9], алғашқы басылымдарды жарық көрген мерзімдеріне байланысты былайша көрсетуге болады:ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар — «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902); ХХ ғ. басындағы газет-журналдар — «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911– 1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913– 1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917).Бұл басылымдарды ұстанған бағыттарына байланысты ресми жəне бейресми газет-журналдар деп жіктеуге де болады. Ресми бағытты ұстанған газет-журналдарға «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» басылымдары жатады. Өйткені бұл газеттер патша үкіметінің ресми органы еді. Оған дəлел бұл басылымдарда барлық патшалық губерниялық газеттердегідей ресми жəне ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде үкімет жəне əкімшілік органдардың жаңалықтарымен қатар, олардың жарлықтары, түрлі нұсқаулары мен бұйрықтары басылып отырған. Сонымен бірге «ақ патшаға» арналған немесе оған деген адал берілгендікті білдіретін мақалалар да жарияланған.Бейресми бағыт ұстанған мерзімді басылымдар «Үш жүз», «Тіршілік» тəрізді газеттер болды. Бұл басылымдардың барлығы да жалпы халыққа өз заманының саяси ахуалы, əлеуметтік- экономикалық дамуы, оқу- ағарту жайлы мағлұматтар беріп отырды. Сонымен бірге қазақтың жазба əдеби тілінің дамуына үлкен ықпалын тигізді.Аттары аталған мерзімді
басылымдардың беттерінде жарияланған материалдар əр түрлі тақырыптарды қамтыған. Ендеше газет беттеріне жарияланған мақалалардың авторлары кім болды екен? деген сұрақ туындайды. Оған жауап беру үшін осы мерзімді басылымдарды қарастырып шығу керек.Отандық ғалымдардың ерен еңбектерінің арқасында «Дала уалаятының газеті» (1994), «Қазақ» газеті (1998) жəне «Айқап» журналы (1995) жеке-жеке
жинақ болып құрастырылып шыққан болатын. Ал 2014 ж. Орал қаласында «Ұран газеті. 1917–1918 жыл» жинағы бысылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |