Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынас жемісті дамып келеді. Қазақстан – Қытай қатынастары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт» (2002 ж.23 желтоқсан), Қауіптің алдын алу туралы келісім (2002), 2003-2008 жж. арналған «Ынтымақтастық бағдарламасы» (2003 ж. маусым), Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2005) жан-жақты қамтамасыз етуде. Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті. 2011 жылы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа сапалы кезеңі – жан-жақты стратегиялық әріптестікке өтті.