«Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен»



Pdf көрінісі
бет32/40
Дата22.12.2016
өлшемі5,89 Mb.
#32
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40

Резюме 
На  сегодняшний  день  развитие  и  так  же  прекращение  использования  некоторых  языков  
затрагивает  каждый  этнос.  Всем  нам  известно,  что  завершение  употребления    определенного 
языка в итоге приводит к исчезнавению одной целой культуры.  И семейство тюркских языков в 
том  числе  входит  в  эту  категорию.  Известно  что  из  более  200  млн.  тюрков  как  государство 
основались всего лишь 75%, не смотря на это только пять государств сохранили свой родной язык 
на  уровне государственного. В числе тюркских народов  имеются этносные объединения, число 
населения которых даже не превышает и 100 тысяч. Если эти языки сравнивать с сегодняшними 
стандартами лингвистики, то имеется опасение их вымирания. На ровне с этим в числе тюркских 

народностей имеются и развитые языки (турецкий, азербайджанский, узбекский). Их развитие на 
прямую  связано  с  историческими,  политическими  и  экономическими  фактороми.  Этот  проект 
ставит своей целью определения причин исчезновения и развития этих языков, а так же опираясь 
на различные исследования выявить их общественно-политическую роль. 
 
Resume 
Currently, the development and also stop the use of some language affects every ethnic group. We 
all know that the end of the use of certain language in the end leads to the vanishing of a whole culture. 
And the family of Turkic languages, including included in this category. It is known that more than 200 
million Turks established themselves as a state only 75%, in spite of this, only five states have retained 
their  native  language  at  the  level  of  the  state.  Among  the  Turkic  peoples  are  etnosnye  association,  the 
number of people who even does not exceed 100,000. If these languages  compared to today's standards 
of linguistics, there is a fear of extinction. On a level with that among the Turkic peoples have developed 
and  languages  (Turkish,  Azeri,  Uzbek).  Their  development  is  directly  related  to  the  historical,  political 
and economic factors. This project aims to determine the cause of the disappearance and the development 
of these languages, as well as drawing on a variety of research to identify their socio-political role. 
 
Тіл  –  адам  баласын  күллі  жаратылыс  атаулыдан  ерекшелеп  тұрған  құбылыс.  Тіл  –  адам 
санасының айғақты дәлелі. Адамзат қалай дамыса, әлем қалай өзгерсе, тіл де солай өзгеріп, дамып 
отырады.  Тіл  мәселесіне  бойлап,  оған  мән  бере  түсу  үшін  «тіл»  ұғымына  берілген 
анықтамалардың ішінен төмендегісін лайық дептаңдап алдық: 
Тіл  –  адам  қауымында  стихиялы  түрде  туындаған,  қатынас  мақсаттарына  арналған  және 
адамның  әлем  туралы  білімдері  мен  ұғымдарының  барлық  жиынтығын  бейнелеп  жеткізуге 
қабылетті дискретті (жіктелмелі) дыбыстық таңбалардың дамымалы жүйесі.
[1]
 
Бізге  керегі  де  және  бұл  ұғымға  тиісті  тиянақты  тоқтам  да  осы  анықтама  да  қамтылған  деп 
ойлаймыз.  Қысқасы,  тіл  –  адамаралық  қатынастың  белгілі  бір  жүйесі.  Бұл  жағынан  қарағанда, 
жүйе  ретінде  тіл  өлуі  де,  қайта  тірілуі  де,  тіпті,  жасалуы  да  әбден  мүмкін.  Мұның  мысалдары 
жеткілікті. Мысалы, қайта тірілген ебрит тілі шын мәнінде тілдік жүйе ретінде өлген емес, оның 
заңдылықтары мен жүйелік сипаттары сақтаулы болатын. Алайда сол «өлген» тілдің қолданысқа 
түсуі шын мәнінде тілдің қайта туылуы емес, лингвистика тілімен айтқанда «сөйленімге» айналуы 
болатын. Қарапайым ұғымдағы тілдің «өлуі» дегеніміз – ғылымша айтқанда, тілдің  қолданыстан 
шығуы  ғана.  Егер  де  әлгі  тілдік  жүйеге  қажетті  жағдай  жасалса,  ол  қолданысқа  түсіп,  тіл 
«тіріледі».
[2]
Ал дамыған, жетілген тіл мемлекеттік немесе тіпті халықаралық дәрежедегі қатынас 
құралына айналады. 
Мемлекеттік тіл– мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар 
осы  тілде  жүргізіледі.  Әдетте  мемлекет  негізін  құраушы  әрі  жердің  байырғы  иесі  болып 
саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін 
ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген. 
Мысалы:  Үндістанда  мемлекеттік  тіл  ағылшын  тілі  болса,  хинди  тілі  тек  тұрмыстық  тіл 
деңгейінде  қалып  қойған.  Марокконың,  Алжирдің  мемлекеттік  тілі  араб  тілі  болғанымен,  ресми 
тіл  ретінде  француз  тілі  онымен  бірдей  дәрежеде  қолданылады.  Біздің  елде  1993  жылы 
қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып 
бекітілді.  Ал  1995  жылы  қабылданған  Конституцияда  да  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  болып 
бекітілді,  алайда  сонымен  қатар  орыс  тілі  ресми  түрде  мемлекеттік  тілмен  қатар  қолданылады. 
1996  жылы  4  қарашада  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығымен  “Қазақстан 
Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы” мақұлданды. 
[3][4]
 
Сондай-ақ тілдің қолданылуында шешу рөл атқаратын ресми тіл деген ұғым бар. 
Ресми  тіл—  заң,  сот,  оқу  орны,  т.б.  ресми  кеңсе  қызметінде  мемлекеттік  тілмен  қатар 
қолданылатын негізгі тілдердің бірі. Әдетте, көп ұлтты елдердің конституцияларында кейбір тілге 
ресми мәртебе берілгені белгіленіп отырады. 
Мысалы,  Испания  конституциясында  (1978)  кастиль  наречиесі  Ресми  тіл  ретінде 
қабылданған, сонымен қатар испан тілінің басқа да наречиелері автономиялық аймақтарда Ресми 

тіл  деп  жарияланған.  Кей  елдерде  (Азия,  Африка)  жергілікті  ұлт  тілімен  қатар  бұрынғы 
метрополия  тілдері  де  (ағылшын,  француз,  т.б.)  ресми  тіл  деңгейіндегі  күшін  жоймаған 
(Үндістан). Бұған біздің елдегі жағдай да айқын мысал ола алады. Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, 
Түркия,  Ресей  секілді  мемлекеттерде  Ресми  тіл  мен  мемлекеттік  тіл  ұғымдары  бір-біріне  сәйкес 
келіп, ауысып қолданыла береді. Кей елдерде бұл ұғымдарға жеке түсініктер беріліп, дараланған, 
мұндай жағдайда Ресми тілдің мемлекеттік тілден айырмашылығы: 
мемлекеттік тіл конституция бойынша мемлекеттің қамқорлығында болады; 
мемлекеттік  тілді  меңгеру  мектепке  дейінгі  оқу-тәрбие  мекемелерінде,  орта,  арнайы  және 
жоғары білім беретін оқу орындарында міндетті деп саналады. Ресми тіл кейбір ұлт-ұлыстардың 
бір аймақта шоғырланып өмір сүруіне байланысты белгіленуі де мүмкін. 
Кез  келген  тіл  –  мемелекеттік  не  ресми,  не  болмаса  халықаралық  тілге  айналуы  үшін  оның 
әдеби нормасы дамыған, стильдік тармақтары жетілген болуы тиіс.  
Әдеби тіл – жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен түрлі жазба және 
ауызша  әдебиеттің  негізінде  қалыптасқан  тұрақты,  стильдік-жанрлық  тармақтары  бар,  сол  тілде 
сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті тіл. 
Осы тұста бүгінгі таңдағы ұсақ және қолданушылар саны аз тілдердің жойылуна себеп болып 
отырған  –  сол  тілдің  өмір  сүру  дағдысындағы  жоғарыда    айтылған  нәтижелерге  алып  баратын 
қарқынды процестің болмауы деп бір қорытынды түйіп алсақ қаталеспеген болармыз.  
Бүгінгі  таңда  тіл  мәселесінің  өрши  түсуі  жайдан  жай  емес.  Жер  бетіндегі  барлық  тілдерге 
қатысты  статистикалық  зерттеулердің  нәтижесінде  қол  жеткізген  қорытынды  бойынша  әлемде 
6000-нан  астам  тіл  болса,  солардың  600-не  ғана  жойылу  қаупі  төнбейді  екен  (2700  –  негізгі  тіл, 
4000-ға  жуығы  –  сол  тілдердің  диалектісі).  Кейбір  болжамдарға  сенер  болсақ  XXI  ғасырдың 
аяғына таман үркердей топ – негізгі тілдер ғана қалып, қалғандары жойылып кетпек екен. 
Бірде-бір  адам  сөйлемейтін  тіл  өлген  тіл  болып  саналады.  1995  жылы  қарашаның  5-і  күні 
Момбила  ауданында касаба  тілінде сөйлейтін  ең  соңғы  Богон  есімді  азамат  дүниеден  өтті. 
Қарашаның 4-і күні касаба тілі тірі болса, қарашаның 5-і күні ол тіл өлді. 
Қатер  төнген  тілдер  қорының   Англияның  Единбург  қаласында  өткен  II  конференциясында 
(1998  жыл)  Оле  Стив  Андерсен  деген  лингвист  1992  жылы   қарашаның  8-інде  Батыс 
Кавказдағы обух тілінде сөйлеген ең соңғы адам Тефлик Есенщ дүние салғанда, обух тілі де бірге 
өлгенін  айтады.  Бұл  оқиғалар  тілшілер  қауымының  осы  мәселеге  тереңірек  үңілуіне  себеп 
болғандай.
[5]
 
1980 жылғы есеп бойынша, тірі тілдердің саны 6000-мен 7000-ның аралығында. 1992 жылы 
шыққан халықаралық лингвистикалық энциклопедияның мәліметіне сенсек, 6300 тірі тіл бар деп 
жазылған. «Әлем тілдерінің жартысы өледі» деген тұжырым дұрыс болса, ол – 3000 тілдің ажалы 
деген сөз. Тілді ажал аузында деп қай кезде айтуға болады? Сол тілде сөйлейтін жас ұрпақ  одан  
безінген кезде. 
         Бүгінде  жер  бетіндегі  «тірі  тілдердің»  4  пайызында  әлем  халықтарының  96  пайызы 
сөйлейді екен. Сөйлеушілері 10000-нан аспайтын тілдердің саны 6000 болса, оның жартысының 
1000-нан  аспайтын  ғана  сөйлеушісі  бар.  Мәселен,  500  тілдің  әрқайсысының  небәрі  100  адамнан, 
ал 1500 тілдің сөйлеушісі 1000 адамнан да аз. Сөйлеушісі 10000-ға жетпейтін тілдер саны – 3340 
екен. Егер 20000 сөйлеушісі ғана қалған тілдерді қатер төнген тілдер деп атасақ, дәл қазір әлемнің 
4000  тіліне  тікелей  қара  бұлт  үйіріліп  тұр.  Соның  ішіндегі  51  тілде  тек  бір-бір  адам  ғана 
сөйлейді.Оның  28-і  –  Австралияда,  8-і  –  Америкада,  3-еуі  –  Оңтүстік  Америкада,     3-еуі  – 
Африкада, 6-уы – Азияда, 3-еуі Тынық мұхит аралдарында екен. 
Лингвист  Майкл  Краустың  пікірінше,  адамзат  тілінің  90%-ы  өледі.  Әлемде  толық  негізін 
сақтаған 600-дей ғана тіл қалады. Ал осы ғасырда тілдердің 50%-ы ғана қалмақ. Қалған 3000 тіл 
өмір сүруін жалғастырады. Оның айтуынша, 100 жылда 1200 ай болса, әр айда 2 тіл өледі екен. 
Майкл Краус: «Солтүстік Америкада 187 жергілікті тіл бар. Сол 187 тілдің бәріне қазір ағылшын 
тілі қауіп төндіруде. Яғни олар жойылғалы тұр» дейді. 
Жойылу қаупі төнген тілдерді Краус 5 санатқа бөледі. 


 
Біріншісі, қауіп  төне  бастаған  тілдер. Олар  әлеуметтік  және  экономикалық  тұрғыдан 
қажетсіз  деп  табылған,  үлкен  тілдердің  қыспағына  түскен  тілдер.  Басты  белгісі  –  алдымен  бұл 
тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды. 

 
Екіншісі, қауіп-қатер  төнген  тілдер. Бұл  халықтың  жас  ұрпағы  өз  тілінде  сөйлегісі 
келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беруге болады. 

 
Үшіншісі, қатер  тым  төнген  тілдер. Бұл  тілде  жақсы  сөйлейтіндер  –  жасы  елуден 
асқандар. 

 
Төртіншісі, өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар сөйлейді. 

 
Бесіншісі, жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл. Әлемдегі 
5 мың тірі тілдің ай сайын 2-еуі өледі.
[5]
 
Тілдер  рухани  және  материалдық  құндылықтарымызды  сақтаудың  ең  негізгі  құралы. 
Мамандардың айтуы бойынша, тілдердің өмір сүруі үшін ол тілде кемінде 100 000 (жүз мың) адам 
сөйлеуі  керек  екен. ХХ  ғасырдағыдай  тілдердің  өте  қарқынмен  жойылуы    бұрын-соңды 
болмаған.Жойылуға  бет  алған  тілдерді  сақтап  қалу мәселесі  ретіндебүкіл  әлем  бойынша 
атқарылып жатқан шаралар қатарында Халықаралық ана тілі күнін атауға болады.   
Халықаралық  ана  тілі  күні (International  Mother  Language  Day)  –  1999  жылдың  17 
қарашасында  болған  ЮНЕСКО-ның  басты  конференциясының  30-сессиясындағы  қаулысымен 
2000 жылдан бастап әр жылдың ақпан айында тілдік және мәдени ерекшеліктер мен көптілділікті 
сақтау  мақсатында  бекітілген.  Бұл  күн  1952  жылдың  21  ақпанында  шығыс  Пәкістанның  (1971 
жылдан Бангладеш)  Дакка қаласында (қазіргі Бангладештің астанасы) болған өздерінің ана тілі - 
бенгал  тілін қорғау  үшін  елдегі  ресми  мемлекеттік  тілдің  бірі  ретінде  тануын  талап  еткен 
демонстрацияға қатысушы студенттерге қарсы қолданылған қатаң жазаға байланысты белгіленді. 
Бұл күн Бангладеште сол қанды оқиғаны еске алу күні ретінде аталып өтіледі. 
«Не 
себептенанатілгесондайкөпмәнберіпотырмыз? 
Себебі, 
тілдерқабылдау 
мен 
ойлаудыңжәнеқатынастыңқұралыболуменқатар, 
әлемгедегенкөзқарасымыздыжеткізудіңжолы, 
өткен 
мен 
бүгінніңжәнекелеркүнніңарасындағыбайланыс» 

дегенболатын 
2003 
жылдың21ақпанында  ЮНЕСКО-ның  бас  директоры К.Мацуура.Өзкезегінде,  БҰҰ-ның  Бас 
Ассамблеясы 
2008 
жылды Халықаралықтілдержылы деп, 
ал 
2010 
жылдымәденижақындасужылыдепатады.
[6]
 
Бүгінгі  таңда  ұлттық  тілдердің  жойылуына  бірден-бір  себеп  болып  отырған  факторлар 
ішінде:  әлемдік  жаһандану,  ұлттық  ерекшеліктер  мен  дәстүрлердің  жойылуы,  халықтың 
тіршілігінде өзіндік мінез-құлықтардың жойылуы және т.б. жатады. Бір орталыққа бірігіп, өзіндік 
тіршілік  ортасы,  біртұтастығы  қалыптаспаған  адамдар  тобына  мәжбүрлі  түрде  келесі  бір, 
барлығына  ортақ  тілде  сөйлеуге  тура  келеді  және  сол  ортақ  тілде  ақпарат  таратылып, 
телебағдарламар  жүргізіледі,  іскерлік  қатынастар  жасалады.  Бұл  жағдайда  сол  халықтың 
балалары  кем  дегенде  екі  тіл  үйренуге  тиісті  болады  –  барлығына  ортақ  мемлекеттік  тіл  және 
күнделікті  тұрмыстағы  ата-анасы  сөйлейтін  тіл.      Шамамен  екі  ұрпақ  ауысқан  соң  ата-
бабаларының тіліне деген қажеттілік жойылып, бірте-бірте тағы да бір ұлт тілі құрып тынады. 
Адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауында  бір  тілді  пайдалануға  әкеп  соқтыратын 
экономикалық  факторлар  да  бар.  Әртүрлі  тілдерді  қолдану  өзара  байланысты  қиындатып, 
көптеген аудармашылар штатын құруды талап етеді. Күшті тілдерге аудармашылар табылуымен 
бұл  мәселе шешілмейді.  Себебі  тұтынушылар саны аз ұсақ тілдер бірте-бірте назардан тыс қала 
береді. Институттар бүгінде ұсақ әрі қолданыс аясы тар тілдерді меңгерген мамандар дайындап, 
әуре болып жатпайды. Бұл бүгінгі экономикалық поцестердегі заңды құбылыстар. 
  Алайда  тілдердің  жойылуына  себеп  болатын  жалғыз  ассимиляция  ғана  емес,  кейбір  тілдер 
өкілдерінің физикалық тұрғыдан әлсіздігі, яғни жаңа өмір  құбылыстарына бейімсіздігі де ықпал 
ететіні  дәлелденіп  отыр.  Ресейде  жүргізілген  халық  санағы  дәлелдегендей,  мұндай  ұлттардың 
саны  барған  сайын  азаю  үстінде  екені  белгілі.Осы  тұста тарихтың  өзі  куәгер  болып  отырған 
бір  шындық  құбылысты  амалсыз  мойындаймыз  –  баларды  өз  ана  тілінде  оқыту 
тоқтатылған сәттен бастап, ол тіл құрып бара жатқан тілдер қатарына жатқызылады. Бірақ 
кейбір лингвистер бұл процес қайтымды деген пікір айтады.
[7]
Жоғарыда аталып өткен тілге әсер 
етуші құбылыстардың барлығы экстролингвистикалық факторлар қатарына жатқызылады.  

Тіл өзінің өміршеңдігін жоймай, одан әрі дамуы үшін оған лингвистикалық факторлар тікелей 
әсер етеді. Оған тіл ұстармандардың, яғни сол тілде сөйлеушілердің өз ана тілін меңгеру дәрежесі 
де маңызды ықпал етеді. Осыған орай өз ана тілінде сөйлеуші адамдарды әдеби тілді қаншалықты 
игеру деңгейіне байланысты мынадай төрт топқа бөлуге болады: 
1.
 
Элитарлық – ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саяси тұлғалар. 
2.
 
Орта  –  ЖОО  білімгерлері,  жалпы  халықпен  жұмыс  істейтін  мекеме 
қызметкерлері:мұғалімдер, дәрігерлер, халыққа қызмет көрсету органдарының  мамандары, т.б. 
3.
 
Қарапайым – тұрмыстық қатынаста ғана сөйлеушілер (диалект, арго, жаргондардың 
қолданылуы). 
4.
 
Қарапайымнан  төмен  –  варваризмдерді,  төмен  лексиканы,  арго,  жаргондарды  жиі 
қолданушы топ.  
Егер  осы  таптастыру  бойынша  салыстыратын  болсақ,  жалпы  халық  арасында  орта  топтың 
басым  болуы  тілдің  қолданыс  аясын  кеңейтуші  алғышарттардың  бірі  болып  саналды.  Ал 
қолданыс  аясы  кеңейгенде  қоғамның  барлық  салары  қамтылады.  Бірақ  элитарлы  топтың  болуы 
мен  оның  белсенділігі  дешешуші  рөл  атқарады.  Мәселен,  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін 
жариялап, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып бекітілген тұста ел ішінде қазақ тілінде сөйлеушілер 
саны елу пайыздың айналасында ғана еді. Қазақ тілінің сол дәрежесін сақтап, одан әрі дамытуда 
элитарлы топтың қызметі орасан зор болуының арқасында және әдеби тілді классикалық деңгейге 
көтерген  әлемге  танымал  ақын-жазушылардан  (А.  Құнабайұлы,  М.  Әуезов,  Ғ.  Мүсірепов,  т.б.) 
қалған бай мұраның болуы өте маңызды рөл атқарды.  
Тілдің жойылып кетпей тұрақты дамуы үшін жоғары да айтылған факторларға негіз болатын 
бірнеше  себептер  бар.  Олардың  қатарына  белгілі  бір  тілде  сөйлейтін  халықтың  географиялық, 
әкімшілік-шекаралық орналасуындағы бірегейлік пен сол халықтың өз ішіндегі ұлттық тұтастығы 
да жатқызылады. Бұл адами факторлар қай кезеңде де маңызын жоғалтпаған. 
Бұған  қарапайым  ғана  бір  мысал:  Ресейдегі  қарашай-балқарлар  мен  қарашай-шеркестерге 
жүргізілген қоныстандыру саясаты бола алады.  
Бір  тіл  –  бір  мәдениеттің  адамдар  санасындағы  көрінісі,  және  сол  белгілі  бір  мәдениет 
өкілдерінің  өмірге  деген  көзқарастар  жиынтығы  сақталған  ақпараттық  айналымы.Егер  бір  тіл 
жойылса,  онымен  бірге  толық  бір  мәдениет,  толық  бір  дүниетаным  жүйесі  жойылады.  Ал  бір 
тілдің  дамуы  –  келесі  бір  тілдің  әлсіреуіне  алып  келетінін  тарих  дәлелдеді.  Ендеше  бүкіл  әлем 
тілшілерін толғандырып отырған осы құбылыс адамзат өркениетінің бір бөлшегі болып саналатын 
түркі  халықтарын  да  айналып  өтпеді.  Саны  200  млн-нан  асып  жығылатын  түркілердің  бүгінде 
75%  ғана  дербес  мемлекет  ретінде  күн  кешіп  отырса,  олардың  ішінде  тек  бесеуі  ғана  өз  ана 
тілдерін мемлекеттік тіл деңгейінде сақтап қалған. Ал қалған топтары ұсақ этностар ретінде түрлі 
мемлекеттер  құрамында  автономды  немесе  жай  ғана  аудан  көлемінде  күн  кешуде.  Түркі 
халықтарының  ішінде  саны  100  мыңнан  аспайтын,  тілдік  қолданыс  аясы  тарылған  этникалық 
топтар  өте  көп.  Жоғарыда  айтылып  өткен  қазіргі  таңдағы  тіл  біліміндегі  стандарттарға  сай 
салыстыратын болсақ, бұл тілдерге де жойылу қаупі төніп тұрғаны айқындалады. Сонымен қатар, 
түркі  тілдерінің  ішінде  даму  сатысы  жоғары  тілдер  де  бар  (түрік,  өзбек,  әзірбайжан).  Олардың 
дамуы тікелей тарихи және саяси-экономикалық факторларға байланысты. 
Еуразияның  қақ  ортасындағы  қоңыр  белдеуге  жайылып  жатқан  түркілердің  бүгінгі  ара-
қатынасы,  түрлі  салалардағы  байланыстары  бір  қалыпты  дей  алмайыз.  Осы  жағдай  бауырлас 
халықтардың  өзара  ынтымақтастығы  мен  бір-біріне  қол  ұшын  созуда  да  оң  әсерін  тигізер  емес. 
Бұл олардың ұлт ретіндегі өміршеңдігі мен тілдерінің жойылмай сақталып қалуына да кері әсер 
етуде. Мәселеге тереңірек бойлау үшін статисткалық көрсеткіштерге көз жүгіртелік.
 
М
емлекеттік тіл дәрежесіне ие түркі тілдері:  
1.
 
түрік - 80 млн.Түркия 75 млн., Балқан 2,5 млн., Кипр 180.000, Ресей 300.000, 
Алмания 2,5 млн., батыс және орта Еуропа 700.000 
2.
 
әзірбайжан- 41 млн. Иран 30 
млн., Әзірбайжан 9млн., Түркия 500.000, Ирақ 500.000, Ресей 2 млн., 
Грузия 500.000, Армения 200.000 

3.
 
өзбек - 28 млн. Өзбекстан 24 млн., Ауғанстан 1,5 млн., Тәжікстан 1 
млн., Қырғызстан 750.000, 
Қазақстан 400.000, Түрікменстан 300.000 
4.
 
қазақ - 12 млн. Қазақстан 10млн., Қытай 1млн.,  Өзбекстан 800.000,  Ресей 650.000,  
Моңғолия 100.000 
5.
 
түркімен - 8,5млн.Түрікменстан 3,8 млн., Иран 2 
млн., Ауғанстан 500.000, Ирақ 250.000, Өзбекстан 250.000 
6.
 
қырғыз - 5,2 млн.Қырғызстан 3,7 млн., Өзбекстан 200.000, Қытай 200.000 
Жергілікті автономиялық тіл деңгейінде: 
 
1.
 
ұйғыр тілі - 20 млн. Қытай (Шыңжән немесе Шығыс Түркістан) 20 
млн., Қырғызстан 500.000, Қазақстан 300.000 
2.
 
татар-
8,8млн.Ресей 5.500000 Өзбекстан 470000, Қазақстан 330.000, Қырғызстан 70000, 
Тәжікстан 80.000, Түрікменстан 50.000, Украина 90.000, Әзірбайжан 30.000 
этникалық татарлар: 6,6 млн. 
3.
 
башқұрт - 2,2 млн Ресей 2,0 млн., Өзбекстан 35.000, Қазақстан 20.000 
4.
 
шуаш - 1,8 млн. Ресей (Шуашстан) 1,8 млн., Қазақстан 22.000 
5.
 
құмық - 280.000Ресей (Дағыстан) 
6.
 
башқұрт - 2,2 млн Ресей 2,0 млн., Өзбекстан 35.000, Қазақстан 20.000 
7.
 
якут - 363.000Ресей (Саха-Якутия) 
8.
 
қарашай-балқар - 250.000Ресей (Қарашай-Черкес, Кабардино-Балкария) 
9.
 
тыуа - 200.000Ресей (Тыуа) 170.000, Моңғолия 30.000 
10.
 
алтай - 75.000Ресей, (Алтай) 
11.
 
Ноғай – 72. 000 Ресей (бірнеше автономды аудандарында) 
12.
 
хақас - 65.000Ресей (Хакасия) 
Аталмыш  тілдердің  арасындақоғамның  тек  қарт  буыны  ғана  сөйлейтіндері  де  бар.Олар: 
Оңтүстік  Сібірдегі  тофалар  мен  қарашайлар,  Литва  мен  Полониядағы  қарайымдар,  Қырым 
татарлары.Бұдан  бөлек  сөйлеушілер  саны  мыңға  әзер  жететін  тілдер  де  бар:  Ирандағы 
айналлулар, Солтүстік сібірдегі долғандар, Оңтүстік Сібірдегі чұлымдар, Қытайдағы йұғырлар.
[8]
 
Келтірілген  дәлелдерден  байқағанымыздай,  бір  қатар  тілдерден  мүлдем  үміт  үзілген,  ал 
бірнеше  тіл  құрып-біту  қаупі  төнген  тілдер  қатарында.  Осылардың  ішінде  бір  ғана  ноғай  тілін 
мысалға алатын болсақ, жойылуға себеп болатын біршама факторларды анықтауға болады.  
Ноғай тілі – ноғай халқының ұлт тілі. Дағыстан, Шешенстан, Ингушития, Қарашай-Черкес, 
Қарашай-Балқар республикаларында тарала өмір сүруде. Небары 72 мың ноғайлардың 89,9 % ғана 
ноғай тілін ана тіліміз деп санайды. (1970 ж – 52 мыңнан 46 мыңы ғана (89,8%)) 
Ноғай  тілінде  бастауыш  мектептере  ғана  сабақ  өтіледі.  Мектеп  оқулықтары,  көркем  және 
саяси-қоғамдық әдебиеттер, жергілікті газет шығарылады.
[9] 
Күрделі  тарихи  факторлар  бұл  халықтың  әлсіреуіне  алып  келді.  Ноғай  ордасы  құлағаннан 
кейін  оның халқы  да  бір  тұтастығын  сақтап  қала  алмады.  ХІХ  ғасырдағы  Ресей  империясы  мен 
Осман  патшалығы  арасындағы  қақтығыстар  нәтижесінде  ыдырап  кеткен  ноғайлықтар  Кубань 
және  Анапа,  түгел  Солтүстік  Кавказға,  Каспи  жағалауындағы  аймақтар  және  төменгі  Еділге 
дейінгі  өлкелергетарала  қоныстанды.  700  мыңға  жуық  ноғай  Осман  патшалығына  ауып  кеткен. 
1853-1856  жылдардағы  Қырым  соғысынан  кейін  ноғайлар  тағы  да  Түркиямен  байланысқа  түсті 
деп айыпталып, оларды елден қудалау басталды. Тоз-тозы шығып елде қалған ноғайлардың Қара 
теңіздің  Солтүстік  жағалауларын  мекендеген  топтары  қырым-татарларының  құрамына  сіңісіп 
кетті.  Ал  қудалауға  түскен  негізгі  тобы  Анадолыда  түріктер  тарапынан  ассимиляцияға 
ұшырады.
[10]
 
Ноғай  халқының  саяси-әлеуметтік  жағдайы,  тарихи  қалыптасу  кезеңдеріндегі  кедергілер, 
саяси-географиялық  орналасуының  қолайсыздығы  және  ең  бастысы  –  қоныстануындағы 
бірегейліктің  жойылуы,  ғылым-білім,  ағартушылық  саласындағы  қалыпты  дамудың  болмауы 
және  аталмыш  факторлардың  халық  санына  әсер  етуі  –  тікелей  тілдің  жойылу  қаупін  төндіруге 
алып  келді.  Бұл  кері  үрдіс  жойылу  қаупі  төнген  түркі  тілдерінің  көбісіне  тән.  Бірақ  мәселе 

мұнымен бітпейді. Түркі тілдері де бір-біріне өзара ықпал жасап, бірі жойылса, орнын келесі тіл 
басып жатыр.   
  Түркі  тілдерінің  арасында  өзіндік  даму  сипатына  ие  болып  отырғандары  да  жоқ  емес. 
Бүгінгі таңдағы сөйлеушілер саны мен қолданыс аясының кеңдігін есепке алып, ол топқа: түрік, 
әзірбайжан және өзбек тілдерін жатқызуға болады. Осылардың ішінде түрік тілінің бүгінгі даму 
тенденциясын  бақылай  отырып,  тілдердің  қолданыс  аясы  артуына  себеп  болатын  факторларды 
анықтауға тырысып көрелік.  
Түрік тілі — дүние жүзі бойынша 80-85 миллион адам сөйлейтін тіл, түркі тілдерінің ішіндегі 
ең көп тарағаны.   Түрік  тілі  —  түрік  халқының  және  шамамен  30  елде  тұратын  түрік 
диаспорасының ана тілі. Түрік тілді азшылық топтар бұрын толығымен немесе жарым-жартылай 
Османлы  империясының  иелігінде  болған  Болгария,  Кипр,  Грекия  (әсіресе  батыс  Тракияда), 
Македония республикасы, Румыния және Сербия сияқты елдерде бар. Екі миллионнан астам түрік 
тілділер  Алманияда  тұрады,  Франция,  Недерланд,  Аустрия,  Белгия,  Швейцария  және  Құрама 
Патшалықта да үлкен-үлкен түрік тілді қауымдастықтар бар. 
Түркиядағы түрік тілін ана тілі ретінде сөйлейтіндердің саны 60-67 миллион шамасында, бұл 
бүкіл халық санының 90-93%-на тең, дүниежүзі бойынша болса түрік тілі 65-73 миллион адамның 
ана тілі болып табылады. Түрік тілін ана тілі немесе екінші тіл ретінде Түркияның барлық дерлік 
азаматтары  сөйлей  алады,  қалған  бөлігі  күрд  тілінде  сөйлейтіндердің  үлесіне  тиеді  (1980  жылы 
шамамен 3 950 000 адам). Алайда Түркиядағы азшылық  этникалық топтардың  өзі  де түрік тілін 
ана тіліне тең деңгейде біледі.Осындай дәрежеге жетуіне себеп болған  алғышарттарының біріне 
жатататын ХХ ғасыр басында жүргізілген тіл реформасына тоқталып өтсек.  
Түркия республикасының негізі қаланған соң және жазу реформасы басталған соң 1932 жылы 
Мұстафа Кемал Ататүріктің пәрменімен Түрік тілі қоғамы (ТДК) құрылды. Оның мақсаты ретінде 
түрік тілі бойынша зерттеулер жүргізу болып белгіленді. Жаңадан құрылған осы қоғамның қолға 
алған  алғашқы  істерінің  бірі  —  араб  және  парсы  тілдерінен  кірген  кірме  сөздерді  түрік 
баламаларымен алмастыру болды. Баспасөзде кірме сөздердің қолданылуына толығымен тыйым 
салу арқылы қоғам тілден бірнеше жүз сөзді аластатты. Қоғамның түрік тіліне енгізген сөздердің 
көпшілігі  түркі  түбірлеріне  негізделген  жаңа  сөздер  болса  да,  жаңадан  енгізілген  сөздердің 
кейбіреулері ғасырлар бұрын қолданыстан шығып қалған көне түркі сөздері болатын. 
Тілдің  осы  кенет  өзгеруінің  арқасында  Түркиядағы  кәрі  және  жас  буындардың  сөз 
қорларының арасында айырмашылық пайда болды. Дүниеге 1940-шы жылдарға дейін аяқ басқан 
буындар  араб  және  парсы  сөздерін  көбірек  қолданатын  болса,  одан  кейінгі  буындар  жаңадан 
енгізілген ұғымдарды пайдаланатын болды.  
Соңғы  бірнеше  онжылдықтың  ішінде  ТДК  (ТТҚ)  жаңа  ұғымдарды  және  жаңа 
технологияларды  білдіретін  жаңа  сөздерді  тілге  енгізумен  айналысып  келеді.  Олардың  көбі, 
әсіресе ақпарат технологиясына қатысты ұғымдар.
[11]
 
  Түрлі  мәліметтер  бойынша  түрік  тілінде  сөйлеушілер  Түркиеден  басқа  34  елде  бар.  Кеңес 
Одағының  ыдырауы,  және  жуық  арада  өткен  әлемдік  маңызды  оқиғалар,  мәселен  Парсы 
шығанағындағы, Түркиенің өз ішіндегі қақтығыстар бұл елдің саяси аренадағы және халықаралық 
қатынастардағы маңызын арттырды.  Осы оқиғалардан кейін түрік тілін үйренуге деген талпыныс 
күшейді.  Жалғыз  Түркиеде  ғана  емес,  әлемнің  басқа  да  елдерінде  түрік  тілі  курстары,  жаңа 
кафедралар, білім беру органдарын ашуға мүмкіндік туғызды.  
  Түрік  тілі  бүгінде  орта  мектеп  деңдейінде  әлемнің  87  тілінде  оқытылады.  Олардың 
қатарында  алты  құрлықтың  да  халықтары  бар:  Ауғанстан,  Алмания,  Ангола,  Аргентина, 
Аустралия,  Албания,  Аустрия,  Әзірбайжан,  Бангладеш,  Бельгия,  Бенин,  Босния  және 
Герцеговина,  Бұлғария,  Бразилия,  Буркина-Фасо,  Бирма,  Чад  ,  Чеш  Республикасы,  Дания, 
Экваториальды  Гвинея,  Индонезия,  Эфиопия,  Марокко,  Кот-д'Ивуар,  Филиппины,  Франция, 
Габон,  Гана,  Гвинея,  Оңтүстік    Африка,  Оңтүстік  Корея,  Грузия,  Индия,  Нидерланды,  Ирак, 
Ұлыбритания,  Жапония,  Камбоджа,  Камерун,  Канада,  Қазақстан,  Кения,  Қырғызстан,  Конго, 
Косово,  Лаос,  Латвия,  Либерия,  Литва,  Венгрия,  Мадагаскар,  Македония,  Малави,  Мальдив, 
Малайзия, Мали, Мексика, Монголия, Молдова, Мавритания, Мозамбик, Непал, Нигер, Нигерия, 
орталық  африка  Республикасы,  Пакистан,  Папуа-Жаңа  Гвинея,  Польша,  Румыния,  Россия, 

Сенегал,  Сербия,  Шри-Ланка,  Судан,  Сауд  Арабиясы,  Тәжікстан,  Танзания,  Таиланд,  Тайвань, 
Того, Түркменстан, Уганда, Украина, Иордания, Вьетнам, Йемен. Аталмыш елдердің 46-сы орта 
мектептерде, арнаулы курстар ретінде оқытылады. Және де тоғыз елде түрік университеттері бар: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет