Еңбек құқығы туралы түсінік : Еңбек құқығы — меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеум. құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды;
Еңбек құқығының субьектілері:
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі келесі негізгі элементтерден тұрады
Еңбекке құқық қабілеттілігі;
Негізгі (статуттық) еңбек құқықтар және міндеттер;
Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және арнайы кепілдіктері;
Еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік
Еңбек шарты:
1.ШАРТТЫҢ МӘНІ 2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ 3. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 4. ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ 6. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР 7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 8. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ, ТОҚТАТУ ЖӘНЕ БҰЗУ 9. ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ 10. ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАР Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім. Бұл шартқа сәйкес қызметкерлер еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір мамандық бойынша жұмыстарды орындауға, ал кәсіпорын тараптардың келісімі және еңбек заңдарында қарастырылған айлық жалақыны төлеуге және тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндетті болады. Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 Заңында, еңбек қатынастарын реттеуге арналған басқа да нормативтік-құқықтық актілерде жан-жақты қарастырылған
Табиғатты пайдалану құқығы: Табиғатты пайдалану дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық, экологиялық, мәдени-сауықтырушылық, рухани-әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортаның қасиеттерін бөлумен түсіндіріледі.Табиғатты пайдалану құқығының объективтік мағынасы - бұл табиғатты пайдаланушыларды құқықтары мен міндеттерін, табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттары мен тәртіптерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын көрсетеді.Табиғатты пайдалану құқығының субъективтік мағынасы - бұл (экологиялық заңдар) табиғи ресурстарды пайдалану мен билік етудегі нақты табиғатты пайдаланушының экологиялық заңдар мен белгіленген құқытарының жиынтығы болып табылады.