Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультететі: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы: Кадастр және жерге орналастыру
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан мұнайының негізгі экспортталу бағыттарын дамыту мәселелері
Орындаған: Маулет Ақниет
Тексерген: Сандыбай Гүлімшат Сәкенқызы
Алматы 2023 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.................................................................................................................3
Негізгі бөлім.......................................................................................................4
Қорытынды.......................................................................................................6
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................7
Кіріспе
Транскаспий дәлізі – басым бағыт
Қазақстан мұнайының 90 пайызын экспортқа шығарып беріп отырған Каспий теңіз консорциумы (КТК) жыл басталғалы 4 рет мінез көрсетіп, тоқтап қалғаннан кейін балама бағыт іздеу өзекті мәселеге айналды. Сол ретте Транскаспий дәлізі жиі атала бастады. Көп уақыт өтпей Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі осы бағытқа басымдық беретінін анық аңғартты. Транскаспий дәлізі – басым бағыт!
Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. «ҚазМұнайГазға» оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Қазақстан теңіз арқылы тасымалдау әлеуетін толық пайдаланған емес. Қазір заман басқа. Үкіметке порттарымызды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыра отырып, трансформациялау жөнінде стратегиялық міндет жүктедім. Теңіз флотын нығайтып, Ақтау портында контейнерлік хаб құру қажет деген ұсыныспен толық келісемін», деген еді Мемлекет басшысы.
Достарыңызбен бөлісу: |