ЖАҺАНДАНУ
ҮДЕРІСІ
2
Біздің міндетіміз – жаһанданудың дəстүрліктен тікелей бас тартуын
түсіндіру, қоғамға азаматтылықтың қазіргі стандарттарын, қоғам мен
мемлекеттің əлеуметтік серіктестігі түсінігін жеткізу болып
табылады. Осыдан əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен пəндерге,
ең алдымен, саясаттануға, құқық пен əлеуметтануға қазіргі қоғамның
болашағына деген жауапкершілік түсіп отыр. Біздің алдымызда
қоғамның дағдарыстан шығуы посткеңестік кеңістік қоғамының өтпелі
кезеңін теоретикалық қамтамасыз етуді шешу міндеті тұр, біздің
ойымызша, оның дамуы мен жолдары социомəдени негізде жатыр деп
айтсақ та болады. Мұндай методологияға негізделген, дəстүрлі
социомəдени құндылықтардың орталық зонасы қоғамның барлық саяси,
құқықтық, əлеуметтік салаларындағы дəстүрліктің құралдары мен
қазіргі тəсілдерін зерттеу болып табылады.
ЖАҺАНДАНУДАҒЫ
МІНДЕТІ
3
4
ЖАҺАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯ
Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі
әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып
отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек.
Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен
қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте,
ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард
адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық
ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті
әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны
дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу
талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын,
әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы
орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар
жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір
деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен
басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату,
жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық
мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас
ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың
барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды,
қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі
өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық
нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы
ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады.
Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып,
экономикалық дамудың шартына айналуда.
Достарыңызбен бөлісу: |