ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет100/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124
Құрбан қажы Ыбрайұлы, 
ОҚО, Темірлан селосы.
КөРКЕм мінЕЗ – КөРКіміЗ
Көркем мінез келтірер жігіт сәнін,
Сұлулық жоғалтады онсыз мәнін.
Өзіңе үлгі етіп ал Пайғамбардың
Мінезін, өнегесін – бәрін-бәрін .
Өмірден өтірікті айтпай өткен,
Жоғары қоймаған еш, өзін көптен.
Адалдық, тазалығы, әділдігі,
Үлгі боп сол заманнан бізге жеткен.
Сөз берсе тұра білген уәдесінде,
Болмаған Пайғамбардай ешбір пенде.
Адамы сөз байласқан келмей қалып,
Тұрыпты үш күн күтіп, сол бір жерде.
Өмірін өткізіпті қанағатта,
Қиянат жасамаған аманатқа.
Мал-мүлкін Расулға тапсыратын,
Жол жүрсе Мекке халқы ұзақ жаққа.
Кешіргіш, кең пейілі аңыз болған,
Сол кезден бұл әңгіме бізге қалған.
Бір әйел күнде тікен шашады кеп,
Хақ Елші жүретұғын жалғыз жолға.
Жаралы боп қалатын аяғынан,
Шөңгені ап тастайтын табанынан.
Бір күні сол тікендер шашылмай қап,
Іздепті, сол әйелді маңайынан.
Ауырып сөйтсе әйел қалған екен
Расул көңілін сұрап барған екен
«Кешіріңіз – деп жылап жіберіпті, –
Шайтанның қол шоқпары болғам екен».


224
Аллаға мадақ
Сол әйел қабылдапты дін исламды,
Аңыз боп бұл әңгіме бізге қалды.
Кең пейіл мінезінен Пайғамбардың,
Қаншама үмметтері үлгі алды.
Мінездің көркемдігі жігіт сыны,
Жігіттің нашар мінез үлкен міні.
Иманның алғы шарты көркем мінез,
Есінен шығармасын ешкім мұны.


225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет