Қалшабек Елдос.
Шымкент қаласы.
КөРКЕм мінЕЗ КөРігің
Бойлатпай бәле былығын,
Жолатпай жаман жырығын,
Теңіздің тартар тұнығын –
Тазалық болсын серігің.
Арың мен ақыл ажарың,
Ғұмырлық ғибрат ғажабың,
Бақилық бітпес базарың –
Білімің болсын серігің.
Шайқаста жүрек шайлықпас,
Арыны адым айнытпас,
Тағдырдан қилы қаймықпас –
Батырлық болсын серігің.
Сәлемін берсе иілер,
Кісілік көрсе күйінер,
Жанына жылы жыр үйер –
Кішілік болсын серігің.
Білдірмей қабақ бағатын,
Түнектен жарық табатын,
Санаңа сарай соғатын –
Зеректік болсын серігін.
Жайсандық жасап жұбанар,
Кеңдікті жақын құп алар,
Сауаптар содан құралар –
Жомарттық болсын серігің.
210
Аллаға мадақ
Кәсіпке кілтсіз кіретін,
Алтыннан алқа ілетін,
Ілгері ілбіп жүретін –
Іскерлік болсын серігің.
Асықпай маржан теретін,
Қайғыны шаттық көретін,
Ашуды көрге көметін –
Сабырлық болсын серігің.
Ақыдан артық алмайтын,
Кісіге салмақ салмайтын,
Қадірлі қашық қалмайтын –
Адалдық болсын серігің.
Жолына жәннат жеткізер,
Өкінбей өмір өткізер,
Көңілдің көркін көп түзер –
Жақсылық болсын серігің.
Жылпостық жалған жараспай,
Шыңдарға шексіз таласпай,
Апарар оған адаспай –
Туралық болсын серігің.
Қайырым қыл деп қинайтын,
Жолыңа жауһар жинайтын,
Рухыңа рахат сыйлайтын –
Махаббат болсын серігің.
Нұрына бөлер зердені,
Заманның зәру зергері,
211
Таңдаулы діни өлеңдер
Пәрменсіз өбер пендені –
Мейірім болсын серігің
Нәпсіге ырық бермейтін,
Күпірлік іске көнбейтін,
Орнатсаң мәңгі өлмейтін –
Иманың болсын серігің.
Меңгерсең мұның барлығын,
Сол болмақ сенің сенімді,
Көркем мінез көрігің!
212
Достарыңызбен бөлісу: |