ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет109/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124
Толымбеков Дастан Наурызбайұлы
Алматы облысы, Алмалы ауылы.
ШЕбЕРді ШЕбЕР дЕгЕнШЕ ...
Ассалаумағалейкум, мұсылмандар!
Жырларын мүшәйраға ұсынғандар.
Беймәлім алты Алаштың арасында,
Тамсантып, талайларды ысылған бар.
Сахна төріндегі сан саңлақты,
Салмақты жырларымен  ысырған бар.
Ат қосқан аламанға атбегідей,
Артында суып, күйіп, ысынған бар.
Сөз салса, ауызға Алла абыройлы,
Қоя бер, аттың басын, қысылмаңдар.
Ассалаумағалейкум мұсылмандар!
*  *  *
Жаратып алты күнде Аспан, Жерді.
Бекемдеп тау, тасымен асқар белді.
Құт қойып асты-үстіне қара жердің,
Қойнына толтырды асыл тастан-кенді.
Бұлт анау, аспандағы қара бауыр,
Нөсерін төгуге алып барады ауыр.
Шаң басқан шартарапты шомылдырып,
Міндетін мінсіз өтеп қалады-ау бір.
Жауыны көгертетін көкті кілең,
Жаратқан жеті қат қып-Көкті, білем.
Топан су жүргіздірді Нұх еліне,
Күнәһар, шектен шыққан-көптігінен.


246
Аллаға мадақ
Ай, Күнді, Жерді есеппен айналдырып,
Арқаусыз бір-біріне байландырып.
Жаратты күллі Әлемді күмән, мінсіз,
Адамзат, ғаламзатты қайран қылып!
Түрлі апат, жіберетін тосын жайтын,
Құдірет күшке ие-Ол, осындай тым.
Қиырда қос теңіз бар, ащы, тұщы,
Сулары бір-біріне еш қосылмайтын.
Шебердің шеберлігін жаздым, әрі:
Мезгілді-күз, қыс, көктем, жаз қылады.
Ананың құрсағында-ақ нәрестенің,
Тағдырын Періштемен жаздырады.
Басына бар байлықты үйіп, төгіп,
Біреуді сынау үшін мәз қылады.
Тақ-тұқ қып, тарықтырып енді бірін,
Ризық, несібесін аз қылады.
Бәрі-сын, құдіреті күшті-Құдай,
Қаласа «тақуа» да, «таз» қылады.
Тірлікте тату, қату жүргіздіріп,
Көріңді бір-біріңе қаздырады...
Шайтанға ерік беріп қойғаны рас,
Әзәзіл  әркімдерді-ақ аздырады.
Адасып, Ібіліске ергендерін,
Қиямет күні жиып, жазғырады...
«Сүттен ақ, судан таза...» - демесек те,
Арқалап жүргеміз жоқ аз күнәні.
Тамшыдан түзіп бізді мүсіндеген,
 Жаратқан бар екенін түсін, -дер ем.


247
Таңдаулы діни өлеңдер
Ақырғы Пайғамбарға үмбеті мен,
Құдай да Құран текке түсірмеген!
Иманды болсаң Иең-сүйер құлын,
Жарылған аяқ-қолың күсіңменен.
Ұқсатпай бір-біріңді еш - жасағанға,
Сансыз мақтау, мадақ айт бас аманда.
Өлтіріп, Қияметте-тірілтетін,
Сәжде қыл күшке ие-Жасағанға!


248


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет