ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет15/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124
Ынталандыру сыйлығының иегері
Айнұр Сарбала,
Алматы қаласы.
 
ТілсіЗ ЕмЕс ТАбИғАТ
Табиғатты кім айтты саған тілсіз деп?
Сыр шертіп тұр ғой, өзіңе ғана үнсіз кеп.
Сыбдыр қағып,  сыбырлайды  сезімге,
Сезеді оны, сезеді иман бар жүрек.
Тауларды жерге қазық қылып қадатқан,
Ал жерді тегіс төсеніш етіп жаратқан,
Қойнында сансыз тіршіліктерді таратқан,
Тілсіз емес, әрине,
Тілсіз емес табиғат – Иесін бізге танытқан.
Қарлығашқа қанат беріп ұшырған,
Сан-түрлі гүлге сұлулықты жасырған,
Мөп-мөлдір бұлақ, алысқа жырғап  –
Алланың бізге сәлемін жолдап – Танытуға асыққан.
Кім айтты саған табиғатты тілсіз деп?
Кеудеңде сенің жүрегің тұрса дүрсілдеп,
Ақылға салып, саралап көрші жан-жақты –
Иманның терең тылсымына бір сүңгіп.
Тамылжып бойы, талшыбық тұрса бұралып,
Жап-жасыл түске жапырақтары боялып,
Моншақ боп тамып жаңбырдың әрбір тамшысы –
Сыр шертіп тұр ғой, Раббысынан үн қатып.
Арайлап таңның атуы,
Бозарып күннің батуы ,
Күннің де сәуле шашуы – 
Алласын саған танытып,
Осы ғой,  тіл қатуы!!!


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет