ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет27/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124
Ынталандыру сыйлығының иегері
Серік Сейітман,
Алматы қаласы.
бАУЫРЫмА бАЗЫнА
Қарман деп құлға қол берген,
Жалған деп перзент-төл берген.
Құранды Көктен түсіріп,
Адаспай жүрер жол берген.
Сол жолдан неге айныдық?
Қамығам қатты қайғырып.
Хақ дінім кетті-ау бүгінде
Тармаққа талай айрылып.
Оқуға Құран, көз берген,
Айтуға уағыз, сөз берген.
Әуретің жабық жүрсін деп,
Барқыт пен бүліш, бөз берген.
Қараймын-дағы көп қызға,
Боламын бірден етқызба.
Жалаңаш тәнді сән етіп,
Ұяттан безген жоқпыз ба?!
Ішуге дайын ас берген,
Ойлауға ақыл-бас берген.
Бет бұрып, намаз оқы деп,
Кағбадай асыл тас берген.
Санамен көрсек ұғынып,
Алланың ісі – ұлылық.
Құбылаға қойдық жүз бермей,
Сайтанның суын сіміріп.


62
Аллаға мадақ
Ұшына тілдің дәм берген,
Дәмменен бойға нәр берген.
Асыңның басы осы деп,
Қауашақ жарып, дән берген.
Иманнан бойды таса ғып,
Доңыздың етін асадық.
Халалдан харам өндіріп,
Бидайдан арақ жасадық.
Өкпеңе ауа-дем берген,
Дертіңе дауа-ем берген.
Босқындай босып кетпеуге
Далитып дала-ел берген.
Қалтаға қаржы қымқырдық,
Астауға биік ұмтылдық.
Отанды сүю тек тұрсын,
Нәсібін елдің жымқырдық.
Шам етіп ортақ Күн берген,
Ол үшін алмай құнды елден,
Тынықсын бір сәт жаның деп,
Қараңғы мақпал Түн берген.
Адалды алдап бағамыз,
Жазықсыз көзін таңамыз.
Қараңғы Түнді неліктен
Ұрлыққа пайдаланамыз?!
Дәретпен жүр деп тән берген,
Тәніңе азиз жан берген.
Кірлетпей қайта тапсыр деп,
Кіршіксіз аппақ ар берген.


63
Таңдаулы діни өлеңдер
Сол Арды неге былғаймыз?
Жүректі қашан тыңдаймыз?
Танымайтұғын Иесін
Тас керең, соқыр құлдаймыз.
Кеудеңе берген жанды да
Алады Алла, 
Қалғыма.
Жер шұқып қалып жүрмейік,
Барғанда ертең алдына.
Таңымыз үшін әр атқан
Аллаға болсын мадақ сан.
Сені де, мені, Оны да
Тамшыдан ғана жаратқан!
Келгенде күні қиямет,
Қалайша құрмет, сый алад,
Алланың аманатына
Жасаған пенде қиянат?!
Бауырым, басың көтерші,
Айтпаған жалған еш Елші.
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десеңші!


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет