80
Аллаға мадақ
Өзен жатыр арнасымен сылдырап,
Көк теңіздер көрінеді бұлдырап.
Шеберлігі емей несі Алланың
Сарқырама ағатұғын құлдырап?!
Әсемдік бар жеткізілмес сөзбенен,
Ұғасың ба Айдың сырын Күнменен?
Шеберлігі емей несі Алланың
Басқалардың бұйрығымен жүрмеген?!
Жәндіктер де
өз өмірі иесі,
Жұғылмаған жамандықтың күйесі.
Шеберлігі емей несі Алланың
Құран кітап – кітаптардың киесі?!
Көк аспанның құбылысы өзгерген,
Мұны қалай суреттейміз сөздермен.
Шеберлігі емей несі Алланың
Қарапайым найзағайы көз көрген?!
Жерде аңның,
көкте құстың самғаған,
Қайталанбас түрлеріне таң қалам.
Атағанша шеберлерді шебер деп
Алланы ата, Алланы ата, жан балам.
Ол өрнекші болса – біздер өрнегі,
Бар тіршілік иесі Алла жердегі.
Таныса да
шеберлерді біреулер
Бір Алланың шеберлігін білмеді.
Шеберлігін айтар болсақ – мына біз,
Мұны қашан түсінеміз, ұғамыз?
81
Таңдаулы діни өлеңдер
Кейбірінің жетпес оған өресі
Алла – жұмбақ, Алла дара Ол – жалғыз.
Бұл
жұмбақтың ашылмауы - шеберлік,
Алла түрін іздеме көз көрерлік.
Адам болып, адал болып жүрсең сен
Алла жолы өз алдыңнан келер, күт.
Сондықтан да шебер деңіз Алланы,
Оны көру бар адамзат арманы.
Ал Алланың көрінбеуі ғайып боп,
Шеберліктің бастапқысы, бар мәні.
Көзді жұмып,
сыйын тағы Аллаға,
«Алла» демей жүректі де жалғама.
Шеберліктің нағыз шебер иесі
Алла ғана, тек тылсым күш – сол ғана!