146
Аллаға мадақ
Фәни деген бірдей ғана түсіңмен,
Бақилығын ойлар мұны түсінген.
Ақыретте куәлікке тұрады,
Басқа түгіл шығарған сөз тісіңнен.
Ой
- сананы адалдыққа жеккейсің,
Адал өтсең тозақта азап шекпейсің.
Дәл өзіңдей көргеніңше басқаны,
Мұсылмандық деңгейіне жетпейсің.
Нағыз сайтан - қас тәкаппар өр пенде,
Мінезің мен тұрмысыңды көркемде.
Бейшараға
тауфиқ тіле құдайдан,
Шариғатқа шет болғанды көргенде.
Сүйген құлын шын бөлейді нұрға Алла,
Бес парызды өтеуіңнен құр қалма.
Мәңгіліктен үміт етсең кеш емес,
Дүние мен нәпсіге еріп ырғалма.
Ар
- иманды зердеңе сап, ойға артып,
Оңдырмайтын нәпсіден жүр бой тартып.
Арамдықпен тапқан байлық, шаттықтан,
Ар - ұжданың адал тартқан қайғы артық!
Достарыңызбен бөлісу: