Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан Малғажұлының



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#6785
1   2   3   4   5   6
§4 ИМАНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Сәлем – сөздің анасы

Қазақтың  қанға  сіңген  дәстүрі  бойынша 

екі  кісі  жолыға  қалғанда  алдымен  жасы  кішісі 

«Ассалаумағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. 

Жасы үлкені «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. 

Содан соң мал-жан амандығы сұралады. Мұсылманша 

сәлемдесу бір-бірін  танымайтын  бейтаныс  адамдар 

үшін де міндетті саналған. Кейіннен атеизмді ту еткен 

коммунистер  қоғамы  сәлемдесудің  бұл  түрін  ұлт 

жадынан  өшіріп,  архаизмге  айналдыруға  тырысты. 

Алайда дегендері болмай, өздері құрдымға кетті.

Қазірде  біз  сәлемдесуге  аса  мән  бермейтін 

ұрпақ  қалыптасты.  Қоғамда  қалыптасып  бара  жатқан 

сәлемдесу  үлгілері  бір-біріне  тілек  тілеуден  гөрі,  бір-

біріне  жауапсыз  сұрақ  қойғандай  әсерде  қалдырады. 

Мысалы,  «сәлеметсіз  бе?»  жауабы  «сәлеметсіз  бе?» 

немесе «қалайсың?» жауабы «қалайсың?»

Қазақ  халқындағы  амандасу  үлгісі  нағыз 

мұсылманша болатын. Кездескен кезде оң қолын жүрек 

тұсына  қойып:  «Ассалаумағалейкум!»  −  деп  дауыстап 

сәлем берген. Оң қолын беріп, қос қолдап амандасқан. 

Жас  үлкенге,  жалқы  адам  жалпы  көпшілікке  бірінші 

болып  сәлем  берген.  Ал  әйел  кісілермен  «Есенсіз 

бе?»  деп  хал  сұрасқан.  Осылай  сәлемдесу  әдебін 

балаларына да үйреткен. Сол тәрбие арқылы шынайы 

мұсылманшылық  болмысын  сақтай  алған.  Бұхар 

жыраудың мынадай үлгілі нақыл сөзі бар:

Өзек қуа ағады,

Өзен судың сағасы.

Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы.

«Ассалаумағалейкум» 

арабша 

«Ассаламу 



алейкум»  –  «сізге  Құдайдың  тыныштығы  болсын» 

деген  мағынаны  білдіреді.  Демек,  мұсылманшылықта 

сәлем  берудің  негізі  –  тілек,  екі  мүмін  кездескен 

жерден  бір-біріне  Тәңірінің  тыныштығын  тілеп,  дұға 

етеді.  Мұсылмандардың  сәлемдесу  формуласы  Құран 

аяттарымен  және  Пайғамбар  (с.а.с.)  хадистерімен 

бекітілген.

Жаратқан Ие мұсылмандарға бір-бірінің үйлеріне 

барғанда  жақсылап  амандасуларын  бұйырады. 

Есендеспей кірмеуді ескертеді.



 ْمُكِ�وُيُب� َرْبيَغ اً�وُيُب� اوُلُخْدَ� لا اوُنَمآ َن�ِذَّلا اَهُّب�َأ اَ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

 ْمُكَّلَعَل  ْمُكَل  ٌرْبيَخ  ْمُكِلَذ  اَهِلْهَأ  ىَلَع  اوُمِّلَسُ�َو  اوُسِ�ْأَ�ْسَ�  ىَّ�َح

﴾َنوُرَّكَذَ�

Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! 



Өздеріңнен  үйлеріңнен  басқа  үйлерге  қашан 

үйренісіп,  иелеріне  сәлем  бермейінше  кірмеңдер. 

Солай  еткендерің  өздеріңе  жақсы,  бәлкім,  үгіт 

аларсыңдар».

99

 

Сондай-ақ, ардақты аяттарда сәлем берген адамға 

сәлем қайтарудың маңыздылығы айтылады.

 اَهوُّدُر ْوَأ اَهْبنِم َنَسْحَأِ� اوُّيَحَف ٍةَّيِحَ�ِ� ْمُ�يِّيُح اَذِإَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

﴾اً�يِسَح ٍءْيَش ِّلُك ىَلَع َناَك َهَّللا َّنِإ

99 Нұр сүресі, 27-аят.



96

97

Алла  Тағала  былай  дейді:  «Және  егер  сендерге 



сәлем  берілсе,  одан  да  жақсы  сәлем  беріңдер  не 

солай  қайтарыңдар.  Шындығында,  Алла  әрбір 

нәрсені есептеуші»

100

Мұсылманша  амандасудың  түп-төркіні  атамыз 

Адамнан  басталған.  Хақ  Тағала  әу  баста  оған  осылай 

сәлемдесуді үйреткен. 

 ىَلَع َمَدآ َّلَجَو َّزَع ُهَّللا َقَلَخ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق

 ىَلَع ْممِّلَسَف ْمبَهْمذا :ُهَل َلاَق ُهَقَلَخ اَّمَلَتف ،اًعاَرِذ َنوُّتِس ُهُلوُط ِهِ�َروُص

 ،َكَنوُبيُِي اَم ْمعِمَتْمساَو ،ٌسوُلُج ِةَكِئ َلاَمْملا ْمنِم ٌرَفَتن ْممُهَو ،ِرَفَّت�لا َكِئَلوُأ

 :اوُلاَقَتف ،ْممُكْميَلَع ُم َلاَّسلا :َلاَقَتف َبَهَذَف :َلاَق ،َكِتَّ�ِّرُذ ُةَّيَِتَو َكُتَّيَِت اَهَّتنِإَف

.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ِهَّللا َةَْمحَر ُهوُداَزَتف ،ِهَّللا ُةَْمحَرَو َكْميَلَع ُم َلاَّسلا

Алланың  Елшісі  (с.а.с.)  былай  дейді:  «Даңқты  да 



ұлық Алла Адам атаны алпыс шынтақ бейнесінде жаратты. 

Жаратып болған соң оған: «Ана отырған топқа бар да, сәлем 

бер.  Олардың  өзіңе  не  деп  жауап  қайтаратынын  тыңдап 

көр. Бұл сенің және ұрпақтарыңның сәлемдесуі», − дейді. 

Ол жерде бір топ періштелер отырған болатын. Адам ата 

оларға барып: «Ассаламу алейкум!» − деп амандасады. Олар: 

«Ассаламу алайка уа рахматуллаһ!» − деп, «рахматуллаһ» 

сөзін қосып жауап қайтарады»

101


.

Пайғамбар  (с.а.с.)  саналы  ғұмырында  ізгі 

сахабаларына  мұсылманшылық  әдептің  қыр-сырын 

баяндап  түсіндірген.  Бір-біріне  Тәңірдің  тыныштығы 

мен бейбітшілігін тілеудің түбі құт-береке әкелетіндігін 

айтып өткен.

100 Ниса сүресі, 86-аят.

101 Ахмет риуаят еткен.

 :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر  ِل َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍسَنَأ ْمنَع

 ىَلَعَو  َكْميَلَع  ًةَكَرَتب ُنوُكَ� ،ْممِّلَسَف َكِلْمهَأ ىَلَع َتْملَخَد اَذِإ َّنُب ا�«

.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»َكِلْمهَأ

Әнес  (р.а.)  былай  дейді:  «Алланың  Елшісі  (с.а.с.) 

маған: «Уа, балам! Отбасыңа кірген кезде оларға сәлем бер. 

Ол өзіңе де, отбасыңа да береке әкеледі», − деді»

102


.

Пайғамбардың (с.а.с.) осы тәлімі кейінгі үмбетіне 

керемет үлгі. «Жасында көргені жоқтың өскенде айтары 

жоқ»  дегендей,  баланы  жасынан  мұсылманша  сәлем 

беруге үйрету оның болмысына имани құндылықтарды 

сіңірудің  бір  жолы.  Сондықтан  бүлдіршін  кезінен 

«атаңа  сәлем  бер»,  «әжеңмен  амандас»,  «оң  қолыңды 

беріп амандас» деп үйретіп, балауса шақтан ізеттілікке 

баулыған жөн.

Сондай-ақ,  екі  адам  емен-жарқын  амандасса, 

іштегі  көңіл  кірі,  бір-біріне  деген  өкпе-реніші  кетеді. 

Сонымен  бірге  оларға  Жаратқан  Ие  де  разы  болып, 

күнә-қателіктерін  кешіреді.  Шариғатта  шынайы 

сәлемдесудің осындай қырлары бар.

 :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِءاَرَتبْملا ِنَع

 .»اَقَِتْمفَت� ْمنَأ َلْمبَتق اَمَُل َرِفُغ َّلاِإ ِناَحَفاَصَتَيَتف ِناَيِقَتْملَت� ِْمينَمِلْمسُم ْمنِم اَم«

.َدُواَد وُبَأ ُهاَوَر

Барадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алланың  Елшісі 

(с.а.с.): «Қандай да бір екі мұсылман бір-бірімен кездескенде 

102 Термези риуаят еткен.


98

99

қол  берісіп  амандасса,  олардың  күнә-қателіктері 



кешіріледі», – деген

103


.

Араздасып  қалған  мұсылмандардың  арасын 

жарастыруға сеп болатын да осы сәлемдесу.

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر ْمنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِّيِراَصْمنَلأا َبوُّ�َأ  ِبأ ْمنَع

 ِنَاِيَقْمتتْملَت� ، ٍلَايَل  ِثَلاَث َقْموَتف ُهاَخَأ َرُجْمهَت� ْمنَأ ٍمِلْمسُمِل ُّلَِيح  َلا :َلاَق َمَّلَسَو

.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتَم .»ِم َلاَّسلاب ُأَدْمبَت� يِذَّلا اَُهُرْمتيَخَو ،اَذَه ُضِرْمعُت�َو اَذَه ُضِرْمعُتيَتف

Әбу  Аййуб  әл-Ансариден  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Алла  Елшісі  (с.а.с.)  былай  дейді:  «Ешбір  мұсылманға 



бауырымен үш күннен артық араздасуына, екеуі кездескенде 

бір-бірінен бет бұруларына болмайды. Олардың ең ізгісі − 

алғаш сәлем бергені»

104


.

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 اوُ�ِمْمؤُت� لاو ،اوُ�ِمْمؤُت�  َّتَح َةَّ�َلا اوُلُخْمدَ� لا ِهِدَيِب يِسْمفَتن يِذَّلاَو« :َمَّلَسَو

 اوُشْمفَأ ؟ ْممُتْمبَتباََت هوُمُتْملَعَتف اَذِإ ٍءيَش ىَلَع ْممُكُّلُدَأ لا َوَأ ،اوُّباََت  َّتَح

.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»مكَ�يب َملاَّسلا

Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  бірде 

Пайғамбар (с.а.с.): «Жаным қолында болғанмен ант етейін, 

жәннатқа қашан иман келтіргендеріңше кірмейсіңдер, ал 

қашан бір-бірлеріңді жақсы көрмегендеріңше толық иман 

келтірмейсіңдер.  Сендерге  соны  нығайтатын  нәрсені 

айтайын  ба?  Өз  араларыңда  сәлемді  таратыңдар  (яғни, 

бір-бірлеріңе сәлем беріңдер)», – деген

105


.

103 Әбу Дәуіт риуаят еткен.

104 Бұхари, Мүслім риуаят еткен.

105 Мүслім риуаят еткен.

 ُللها ىَّلَص ِللها  ِلوُسَر ىَلَع َّرَم ًلاُجَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 َرَشَع«  :َلاَقَتف  ،ْممُكْميَلَع  ُملاَّسلا  :َلاَقَتف  ٍسِلْمَم   ِف َوُهَو  َمَّلَسَو  ِهْميَلَع

 : َلاَقَتف ، ِللها ُةَْمحَرَو ْممُكْميَلَع ُملاَّسلا :َلاَقَتف ُرَخآ ٌلُجَر َّرَمَف .» ٍتاَ�َسَح

 ِللها ُةَْمحَرَو ْممُكْميَلَع ُملاَّسلا :َلاَقَتف ُرَخآ ٌلُجَر َرَمَف .»ًةَ�َسَح َنوُرْمشِع«

.ُّيِراَخُبلاَو ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ًةَ�َسَح َنوُثلاَث« :َلاَقَتف ،ُهُ�اَكَرَتبَو

Әбу Һурайрадан (р.а.) бірде сахабаларымен бірге 

мәжіліс  құрып  отырған  Алланың  Елшісінің  (с.а.с.) 

жанынан бір кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу алейкум!» 

– деп сәлем береді. Пайғамбар (с.а.с.): «Он жақсылық», – 

дейді. Сосын басқа бір кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу 

алейкум  уа  рахматуллаһ!»  –  дейді.  Пайғамбар  (с.а.с.): 

«Жиырма жақсылық», – дейді. Сосын тағы бір кісі өтіп 

бара  жатып:  «Ассаламу  алейкум  уа  рахматуллаһ  уа 

бәрәкәтуһ!»  –  дейді.  Сонда  Пайғамбар  (с.а.с.):  «Отыз 

жақсылық», – дейді

106


.

 َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 ُليِلَقْملاَو ،ِدِعاَقْملا ىَلَع يِشاَمْملاَو ،يِشاَمْملا ىَلَع  ِبِكاَّرلا ُمِّلَسُ�« :َلاَق

.ِهْميَلَع ٌقفَّتُم .»ِيِ�َكْملا ىَلَع

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың 

Елшісі (с.а.с.): «Аттылы жаяуға, жаяу отырғанға, азшылық 



көпшілікке сәлем береді», – деген

107


.

106 Термези, Бұхари риуаят еткен.

107 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.


100

101


 ُمِّلَسُ�« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ْمنأ ه�ع للها يضر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

.ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»ِيِ�َكْملا ىَلَع ُليِلَقْملاَو ،ِدِعاَقْملا ىَلَع ُّراَمْملاَو ،ِيِبَكْملا ىَلَع ُيِغَّصلا

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар 

(с.а.с.): «Кіші үлкенге, жүргінші отырған адамға, азшылық 



көпшілікке сәлем береді», – деген

108


.

Ата-ананы құрметтеу

Барша  адамзат  баласы  үшін  ата-ананың  орны 

ерекше. Әрбір жан өзінің өмірге келуіне себепші болған 

қымбат  жандарды  барынша  құрметтеп,  қадірлейді. 

Қазақ  халқында  да  ата-ананың  мәртебесі  айрықша. 

«Алланың  разылығы  –  ата-ананың  разылығында», 

«Жұмақ  ананың  аяғының  астында»,  «Ананың  сүтін 

ақтамаған  адам  Аллаға  жақпайды»,  «Анаңды 

Меккеге  арқалап  апарсаң  да  перзенттік  борышыңнан 

құтылмайсың»  деген  сияқты  мақал-мәтелдер  халық 

арасында кең тараған. Ислам діні ата-ананы құрметтеуді 

Құдайдың  хағымен  қатар  қояды.  Осы  тұрғыда  қазақ 

халқында  қалыптасқан  ұғымдардың  түп-төркіні  де 

келесі аят-хадистерде жатыр десек еш қателеспейміз.



 ًا�اَسْحِإ ِنْ�َدِلاَوْلاِ�َو ُهاَّ�ِإ َّلاِإ ْاوُدُ�ْعَب� َّلاَأ َكُّ�َر ىَضَ�َو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

 َلاَو ٍّفُأ اَمُهَّل لُقَب� َلاَف اَمُهَلاِك ْوَأ اَمُهُدَحَأ َرَب�ِكْلا َكَدنِع َّنَغُلْب�َب� اَّمِإ

 َنِم ِّلُّذلا َحاَنَج اَمُهَل ْضِفْخاَو * ًام�ِرَك ًلاْوَب� اَمُهَّل لُ�َو اَمُهْرَهْبنَب�

﴾ًاريِغَص يِ�اَيَّب�َر اَمَك اَمُهْمَحْرا ِّبَّر لُ�َو ِةَمْحَّرلا

108 Бұхари риуаят еткен.

Алла  Тағала  былай  бұйырады:  «Раббың  Өзінен 

басқаға  құлшылық  қылмауларыңа  және  ата-анаға 

ізгілік жасауларыңа бұйырды. Егер олардың біреуі 

не екеуі де қартайса, ол екеуіне «түһ» деп те айтпа, 

оларға  дауыс  та  көтерме,  оларға  тек  жақсы  сөз 

сөйле. * Оларға мейірімділік пен кішіпейілділіктің 

қанатын  жайып:  «Раббым!  Кішкентайымда  мені 

тәрбиелегені  секілді  оларға  Сен  де  рахым  ет»  деп 

айт»

109

.

Қасиетті  аятта  Құдай  Тағала  ата-анаға  «түһ»  деп 



айтудың  өзіне  тыйым  салып  тұр.  Кішкене  кейістіктің 

өзі ата-ананы жәбірлеудің ең жеңіл түрі саналады.

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع اَمُهْمت�َع ُهَّللا َيِضَر وٍرْممَع ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع

  ِطَخَس  ِف ِّبَّرلا ُطَخَسَو ِدِلاَوْملا ىَضِر  ِف ِّبَّرلا ىَضِر» :َلاَق َمَّلَسَو

.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .«ِدِلاَوْملا

Абдулла  ибн  Амрден  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Алланың Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алланың разылығы 

ата-ананың  разылығында,  Алланың  ашуы  ата-ананың 

ашуында»

110

Ата-ананың  алдындағы  перзенттік  борыш  өтелуі 



мүмкін емес міндеттердің бірі.

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 .»ُهُقِتْمعَتيَتف ِه�َِتْمشَيَتف اًكوُلْمَم ُهَدَِي ْمنَأ َّلاِإ اًدِلاَو ٌدَلَو ىِزْمُي َلا« :َمَّلَسَو

.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر

109 Исра сүресі, 23, 24-аяттар.

110 Термези риуаят еткен.



102

103


Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың 

Елшісі  (с.а.с.)  былай  дейді:  «Бала  әкесінің  ақысын  әкесі 



құл болып, оны құлдықтан босатқанда ғана өтей алады»

111

Абдулла  ибн  Омар  (р.а.)  анасын  мойнына  салып 



алып Қағбаны  тауап етіп жүрген  бір кісіні  көреді. Ол 

кісі  бұған:  «Уа,  Омардың  ұлы!  Не  айтасың?  Мен  осы 

қызметіммен анамның алдындағы борышымды өтедім 

бе?»  –  деп  сұрайды.  Сонда  Абдулла  ибн  Омар  (р.а.): 

«Жоқ.  Сені  босанарда  қысқан  толғағының  біреуін  де 

өтемедің.  Алайда  үлкен  ізгілік  жасадың.  Алла  қаласа, 

аз ісіңе көп сауап жазылар», – деп жауап берді.

 ِِّبيَن  َلِإ ٌلُجَر َلَبْمتقَأ :َلاَق اَمُهْمت�َع ُهَّللا َيِضَر وٍرْممَع ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع

 يِغَتْمتبَأ ،ِداَهِْملاَو ِةَرْمجِْملا ىَلَع َكُعِ�اَبُأ :َلاَقَتف َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها

 ْملَب ،ْممَعَتن :َلاَق ؟ٌّيَح ٌدَحَأ َكْم�َدِلاَو ْمنِم ْملَهَتف :َلاَق ،ِللها َنِم َرْمجَلأا

  َلِإ ْمع ِجْمراَف :َلاَق ،ْممَعَتن :َلاَق ؟ِللها َنِم َرْمجَلأا ىِغَتْمبَتَتف :َلاَق ،اَُهَلاِك

.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .«اَمُهَتتَبْمحُص ْمنِسْمحَأَف َكْم�َدِلاَو

Абдулла ибн Амр (р.а.) басқа бір риуаятта былай 

деген:  «Бір  кісі  Алланың  Пайғамбарына  (с.а.с.)  келіп: 



«Саған  һижра  мен  жиһад  жасауға  серт  беремін.  Алладан 

мол  сауап  қалаймын»,  –  дейді.  Сонда  Алланың  Елшісі 

(с.а.с.): «Ата-анаңның біреуі тірі ме?» – деп сұрайды. Кісі: 

«Иә,  екеуі  де»,  –  дейді.  Алланың  Елшісі  (с.а.с.):  «Алладан 

мол  сауап  қалайсың  ба?»  –  деп  сұрайды.  Кісі:  «Иә»,  –  деп 

жауап  береді.  Сонда  Алланың  Елшісі  (с.а.с.):  «Олай  болса, 

ата-анаңа  бар  да,  ол  екеуімен  жақсы  қарым-қатынаста 

бол», – деп бұйырады»

112

111 Мүслім риуаят еткен.



112 Мүслім риуаят еткен.

Ата-анасы тірі бола тұрып оларға лайықты қызмет 

көрсете  алмау  үлкен  қасірет  болып  есептеледі.  Оған 

төмендегі хадис дәлел.

 َمِغَر» :َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهَّللا َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 ْمنِم ُباَرُّتتلا َوُهَو ِماَغِّرلاِب َقِصَل ْميَأ – ُهُفْمتنَأ َمِغَر َُّث ُهُفْمتنَأ َمِغَر َُّث ُهُفْمتنَأ

 ْموَأ َِبِكْملا َدْم�ِع ِهْم�َدِلاَو َكَرْمدَأ ْمنَم :َلاَق ؟ ِهَّللا َلوُسَر اَ� ْمنَم َليِق – ِّلُّذلا

.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»َةَّ�َْملا ِهِن َلاِخْمدُ�  َلا ْموَأ َةَّ�َْملا ْملُخْمدَ� ْمَل َُّث اَُهَدَحَأ

Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  бірде 

Пайғамбар  (с.а.с.):  «Қор  болды!  Қор  болды!  Қор  болды!» 

–  дейді.  Сахабалар:  «Уа,  Расулалла!  Ол  кім?»  –  деп 

сұрайды. Сонда ол (с.а.с.): «Ол жасы ұлғайған ата-анасы 



болып,  сосын  жәннатқа  кіре  алмаған  немесе  ол  екеуі  оны 

жәннатқа  кіргізе  алмаған  адам»,  –  деп  жауап  береді

113


Демек, ата-анаға дер кезінде қызмет ете алмай, сондай 

мүмкіндікті  пайдалана  алмау,  сондай  ізгі  істі  істеп, 

соның  сауабымен  жәннатқа  жете  алмау  орны  толмас 

қасірет екен.

 : َلاَقَتف َرِئاَبَكْملا َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َرَكَذ :َلاَق ٍسَنَأ ْمنَع

.ٌمِلْمسُمَو ،ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»ِنْم�َدِلاَوْملا ُقوُقُعَو ،ِهَّللَاِب ُكْمرِّشلا«

Әнестен  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алланың  Елшісі 

(с.а.с.) үлкен күнәлар туралы: «Олар – Аллаға серік қосу 

және ата-ананы құрметтемеу», – деген

114


113 Мүслім риуаят еткен.

114 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.


104

105


 ُةَّ�َّْملا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َلاَق :َلاَق ُهَّللا َيِضَر ٍسَنَأ ْمنَع

.ُّيِعِفاَّشلا ٍرْمكَب وُبَأ ُهاَوَر .» ِتاَهَّمُلأا ِماَدْمقَأ َتْمَت

Әнес  ибн  Мәліктен  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Пайғамбар  (с.а.с.):  «Жұмақ  –  аналардың  аяқтарының 



астында», – деген

115


  َلِإ َءاَج ه�ع للها يضر َةَِهاَج َّنَأ ،ِّيِمَلَّسلا َةَِهاَج ِنْمب َةَ�ِواَعُم ْمنَع

 ْمدَقَو َوُزْمغَأ ْمنَأ ُتْمدَرَأ ،ِهَّللا َلوُسَر اَ� :َلاَقَتف َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِِّبيَّ�لا

 اَهْممَزْملاَف« :َلاَق .ْممَعَتن :َلاَق ؟ ٍّمُأ ْمنِم َكَل ْملَه :َلاَقَتف .َكُيِشَتْمسَأ ُتْمئِج

.ُّيِئاَسَّ�لا ُهاَوَر .»اَهْمتيَلْمجِر َتْمَت َةَّ�َْملا َّنِإَف

Муғауия ибн Жаһима ас-Саламидің әкесі Жаһима 

(р.а.)  Пайғамбарға  (с.а.с.)  келіп:  «Уа,  Расулалла! 

Ғазауатқа  қатысуды  қалап,  сізбен  кеңесуге  келдім»,  − 

дейді. «Анаң бар ма?» − деп сұрайды Пайғамбар (с.а.с.). 

Жаһима:  «Иә»,  −  дейді.  Сонда  Пайғамбар  (с.а.с.): 



«Анаңның  қасында  бол.  Расында,  жұмақ  соның  аяғының 

астында», − дейді

116


.

 Ынтымақ-бірлік

«Ырыс  алды  –  ынтымақ»  деген  қағиданы  басты 

назарда ұстаған қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ-

бірлікті, татулықты ерекше бағалаған. «Ынтымақты ел 

озады,  ынтымақсыз  ел  тозады»  деп  әлеумет  арасында 

115 Әбу Бәкір әш-Шафиғи риуаят еткен.

116 Нәсәи риуаят еткен.

бірліктің  сақталуына  басымдық  берген.  Сондықтан 

қоғамдағы ынтымақты күшейтетін іс-шараларға қатты 

көңіл  бөлген.  Бір-бірінің  жетпей  жатқан  жерлерін 

жалғап,  қолынан  келгенше  жәрдем  көрсетуге 

тырысқан.  Сөйтіп,  ұлы  Абайдың  «Біріңді  қазақ  бірің 

дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ұлағатын іс жүзіне 

асырған. Қазақ қоғамындағы ынтымақтың көрінісін біз 

жәрдем шараларында көреміз. Енді соларға тоқталып 

өтейік. Олардың кейбірі қазіргі күнге дейін сақталған.

Мысалы, бұрынғы қазақ даласында  жұртшылық  

деген   әдет-ғұрып  кеңінен  тараған.  Онда  қарызға, 

шығынға батқан,  одан  шығатын жағдайы болмаған 

жақын-жұрағатқа  ағайындары,  ауылдастары  көмек-

тесетін. Бұл жәрдем ағайындардың мәслихат-кеңесінен 

кейін жасалады. Жұртшылық салты Алаш жұртының 

ауызбірлігінің,  бір-біріне  жанашырлығының  айқын 

дәлелі.


Дәстүрлі әдет-ғұрыптардың бірі –  асар. Бір адам-

ның,  не  отбасының  әлі  келмейтін  күрделі  істі  бүкіл 

жұртшылық  бірлесе  жұмылып,  бір-екі  күнде  бітіріп 

береді. Оған ешқандай ақы сұрамайды, міндет етпейді. 

Асарға  шақырылғандар  Алла  жолында  жәрдемдесу 

үшін  өз  еріктерімен  келеді.  Мысалы,  баспана  салу, 

шөп  ору,  пісіп  тұрған  егінді  дер  кезінде  жинап  алу, 

құдық  қазу  сынды  жұмыстарда  көпшіліктің  күші 

қажет  болады.  Сондай  жағдайға  тап  болған  кісілер 

ағайын-тума, көрші-көлемді жинап асар жасайды. Кей 

кездерде  асарды  үйінде  ауыр  жұмыс  істей  алмайтын 

ересек  адамдары  жоқ  отбасылар  үшін  жанашыр 

жандар өздері ұйымдастырып, істерін атқарып береді. 

Сондай-ақ,  көпшілікке  қажетті  нысандар  да  кей 

кездері  асардың  күшімен  аяқталған.  Кезінде  осындай 


106

107


сауабы көп салауатты салттың арқасында талай мешіт-

медреселер бой көтерген.

Қазақ  халқында  сақталған  игі  дәстүрлердің  бірі 

– жылу жинау. Ағайынның, не ауылдастың немесе кез 

келген адамның басына күн туғанда оған жанашырлық 

танытып,  қаржы,  көмек  жинап  береді.  Мысалы,  су 

тасқыны, зілзала, өрт сияқты табиғи апаттарда, не бір 

адам ауыр науқастан емделуге қаржы таппағанда және 

тағы басқа да жалғыз өзі шеше алмайтын қиындықтарға 

тап  болғанда  қоғам  болып  бірге  көтерісіп,  жәрдем 

берген.  Зардап  шеккен  отбасыларға  қолдан  келгенше 

көмек  көрсетіп,  мал  жинап  беріп,  ыдыс-аяқ,  киім-

кешек, көрпе-төсек апарып, қол ұшын созған.

Зұлмат жылдарында Қазақстанға жер аударылған 

мұсылман һәм мұсылман емес өзге халық өкілдерінің 

көпшілігі осындай көмектің себебінен аман-сау қалды. 

Диаспоралардың  жасы  үлкендері  «аштықта  жеген 

құйқаның  дәмі  ауыздан  кетпес»  деп  қазақ  халқының 

сондай  қайырымдылығын  әлі  күнге  дейін  ұмытпай, 

еске алып отырады.

Қоғамдағы  ынтымақ-бірлікті  бас  пайдадан  биік 

қойған  қазақ  халқында  мынадай  мақал-мәтелдер  бар. 

«Байлық  байлық  емес,  бірлік  байлық».  «Ынтымақсыз 

елді ұрысы билейді, ынтымақты елді дұрысы билейді».

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

Қазақ қазақ болғалы ел сыйлаған игі жақсылары 

мен  ақылман  абыздары  әлеуметті  мұсылманшылық 

қағидаларын бұлжытпай орындауға шақырып отырған. 

Сонау ХV ғасырдағы дала данасы Асан Қайғы Сәбитұлы 

ынтымақ-татулықтың жайын былай деп толғайды:

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа.

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа.

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа.

Ақың болса біреуде,

Айыбын тап та ала бер,

Ерегесіп ұрыспа.

Сенікі жөн болса да,

Атың шықпас дұрысқа.

Мінезі жаман адамға

Енді қайтып жуыспа.

Тәуір көрер кісіңмен

Жалған айтып суыспа.

Өлетұғын тай үшін,

Көшетұғын сай үшін,

Желке терің құрысып,

Әркімменен ұрыспа.

Ашу - дұспан, артынан

Түсіп кетсең қайтесің

Түбі терең қуысқа!

Атақты Бұхар жырау мұсылманшылықты ту етіп, 

бір-бірімен кеңесіп іс қылуға шақырады:

Мұсылманның баласы,

Сірә, бір кеңес құрыңыз,

Бір ауызды болыңыз,

Қалған елді тастаңыз.



108

109


Сыр бойында туылған атақты шайыр Тұрмағамбет 

Ізтілеуов (1882-1939) бірліктің берекеге бастайтындығын 

былайша баяндаған:

Тұлпардың тұқымының туымы бар,

Белгілі ат болуы тайдан-дағы.

Алда - аға, артта - іні жетіп тұрса,

Жігітке ол бір құрал, сайман-дағы.

Деген бар: «төртеу түгел - төрге шығар!»

Төрің сол - бақыт құстың айналғаны.

Алтау боп - аузың ала бола қалса,

Дұшпанға құл боп анық байланбағы.

Ғасырлардан  жалғасып  келе  жатқан  осы  игі 

дәстүрлердің негізі Ислам дінінде жатыр. Асыл дініміз 

ынтымақ-бірлікті  имани  қоғам  құруға  шақырады. 

Адамдарды бір-біріне жәрдемдесуге үндейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет