Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


биылғы Рамазан айы келіп қалғанда не істеуі керек?



Pdf көрінісі
бет21/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
биылғы Рамазан айы келіп қалғанда не істеуі керек?
Жауап: 
Қаза оразаны кешіктірмей өтеу қажет. Себебі, 
Рамазан оразасы парыз болғандықтан, оның қазасын өтеу 
де парыз. Сондықтан оразаның қазасын тезірек, арасын 
үзбей немесе бөліп-бөліп өтеуіне рұқсат. Алайда биылғы 
рамазанға дейін өтелмесе, әуелі кіріп келген рамазан 
оразасын ұстайды. Рамазан біткен соң өткен жылғы 
оразаның қазасын өтейді.
Сұрақ:
Намаз оқымайтын адам ораза ұстай ала ма?
Жауап: 
Ораза – намаз секілді Исламның бес парызының 
бірі. Намаз бен ораза екеуі екі түрлі ғибадат. Сол себепті, 
намаз оқымайтын адам ораза шарттарына сай ауыз бекітсе, 
оразасы қабыл болады. Ал, намаз – ұлы ғибадат әрі ол өз 
алдына бөлек парыз. 
Сұрақ:
Денсаулыққа тигізетін пайдасын ойлап, «бір ай 
ауыз бекітсем іш құрылысым тазарып, жақсы болады» 
деген оймен ауыз бекітуге бола ма?
Жауап: 
Мұндай ниетпен ораза тұтқан адамның оразасы 
дұрыс емес. Ауыз бекітудегі басты мақсат Алланың 
разылығы. Әйтпесе, сауаптан құр қалады. Ауыз бекіту 
адамның іш құрылысына белгілі бір деңгейде пайдасын 
тигізетіні сөзсіз. Алайда арықтау, денсаулығын жақсарту 
үшін ораза ұстау құлшылық емес. Бұл адамның өзінің жеке 
пайдасы. Ниеті Алла разылығы үшін болса, сол ықыласына 
сай Алла Тағала оның дертіне шипа береді.
Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер


31
Сұрақ:
Оразада күннің басым бөлігін ұйқымен өткізсе, 
ораза есептеле ме?
Жауап: 
Рамазанда күннің басым бөлігін ұйқымен өткізсе, 
ораза есептеледі. Алайда, қажетсіз осылай жасаса, сауап 
азаяды. Себебі, артық ұйқының себебінен көптеген ізгі 
амалдарды жасау мүмкіндігінен айырылады.
Сұрақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет