53
Осылайша төрт рәкағатты толық оқып, сәлем бергеннен
кейін аздап тынығады. Осы арада тарауих таспихын айту
құп саналады.
Тарауих намазын әр екі рәкағатта сәлем беріп емес,
әр төрт рәкағатта сәлем беріп оқитын болса, алғашқы
отырыста «Әт-тәхият» дұғасымен қоса, «Аллаһумма салли»,
«Аллаһумма барик» дұғасын да айтады. Сосын сәлем
берместен «Аллаһу әкбар» деп үшінші рәкағатқа тұрғанда
оны «сәна», «әғузу» және «бисмилләмен» бастап, әрі қарай
әдеттегі тәртіп бойынша оқиды.
Сұрақ: Тарауих намазы қай уақытта оқылады? Жауап: Тарауих намазының уақыты – құптан намазы мен
сәресі аралығы. Құптаннан бұрын оқылған тарауих намазы
саналмайды. Тарауих намазын оқудың ең абзал мезгілі –
түннің үшінші бөлігі кіруден бұрын. Имам тарауих намазын
оқып тұрған болса, кешігіп келген адам алдымен құптанның
парызы мен екі рәкағат сүннетін оқып, кейін тарауих
намазына тұрады. Мешітке бара алмаған жағдайда тарауих
намазын үйде оқуға болады. Алайда мешітте жамағатпен
оқығанның сауабы мол.
Сұрақ: Тарауих намазының таспихы қандай? Жауап: Оқылуы: «Субханә зил-мулки уәл-мәләкут.
Субханә зил-ъиззәти уәл-азомәти уәл қудроти уәл кибриә-и
уәл жәбәрут. Субханәл мәликил хайил-ләзи лә йәмут.
Суббухун қуддусун роббунә уә роббул мәлә-икәти уәррух.
Лә иләһә иллаллаһу нәстағфируллаһ нәс-әлукәл жәннәтә уә
нәъузу бика минән-нәр».
Мағынасы: «Патшалық және мүліктер иесі Алла кемшілік
атауынан пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет және өктемдік иесі
Алла кемшілік атауынан пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі, патша
болған Алла пәк. Мінсіз Раббымыз, әрі періштелердің
Тарауих намазы
54
Раббысы, әрі Жәбірейілдің Раббысы! Алладан басқа тәңір
жоқ, Алладан кешірім сұраймыз. Уа, Алла Тағалам, Өзіңнен
жәннатты сұрап, тозақ отына қарсы Өзіңнен пана іздейміз».