Бір риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түнінің жақсылығына құлшылық еткен барлық адам бөленеді. Бірақ мына төрт түрлі адам қадір түнінің жақсылығынан құр қалады», – дейді.
Олар: Ата-анасына қарсы келіп, ренжіткен адам, туған-
туыстарымен байланысын үзген адам, арақ ішіп, маскүнем
болған адам және ызақор, кек сақтап, араз болған адам.
Қадір түнінің жақсылығынан мақұрым қалмас үшін осы
істерден аулақ болып, адамдармен қарым-қатынасымызды
түзеткен дұрыс. Ренжіткен адамдардан кешірім сұрап,
татуласуға тырысқан жөн. Сұрақ: