Сұрақ:
Иғтикаф қанша уақытқа дейін созылады?
Жауап:
Уәжіп иғтикафтың ең аз уақытын имам Әбу
Ханифа бір күн деп көрсеткен. Өйткені уәжіп иғтикафта
ораза ұстау шарт. Ал, оразаның ең кемі бір күн. Соған сай
уәжіп иғтикафтың да ең аз уақыты бір күн
(Абдуллаһ ибн
Махмуд ибн Маудуд әл-Маусыли әл-Ханафи, «әл-Ихтияр ли таълилил-
Мухтар», 137 б.)
. Ал нәпіл (уәжіптен өзге) иғтикафтың ең аз
уақыты имам Мұхаммедтің (Алла оны рақымына алсын)
«Асыл» деп аталатын еңбегінде (бір күннен) аз бір уақыт
екендігі баяндалған
( Шахзада Дамад Әфәнди, «Мәжмаъул-әнһур фи
шәрхи мултақал-әбхур», І том, 377 б.)
. Тіпті Ханафи мәзһабында
пәтуаға негіз болған көзқарас бойынша отырмай түрегеп
жүріп те нәпіл иғтикаф жасауға болады
(Әбу Зәйд Шәләби, «әл-
Мифтах шәрху нурил-идах», 138 б.)
.
Сұрақ:
Достарыңызбен бөлісу: |