Сұрақ:
Сәресі уақыты өтіп кеткенде білместікпен ішіп-
жеп қойса не болады?
Жауап:
Бұндай жағдайда «оразам бұзылды» деп ойлап,
аузын ашып жіберуіне болмайды. Оразасын әрі қарай
жалғастырады. Кейін сол күнгі оразаның қазасын өтейді.
Сұрақ:
Таң намазына 2 минут қалғанда ауыз бекітсе
бола ма?
Жауап:
Азан айтылғанға дейін ішіп-жеуге болады.
Хадисте: «Сендер Ибн Умму Мәктум азан шақырғанға дейін
ішіп-жеңдер», – деген
(Бұхари)
. Ал егер ұйықтап қалудан
қорықса, сәресін ертерек ішіп, ниет етіп, ұйықтауына
болады. Дегенмен, сәресіге тұрып тамақтанғаны абзал.
Өйткені, сәресіде береке бар.
Достарыңызбен бөлісу: |