Сұрақ:
Ораза уақытында ауызды сумен жай ғана шаюға
бола ма?
Жауап:
Ораза кезінде ауыз қуысы мен мұрынды сумен
шаю оразаны бұзбайды. Бірақ, жұтып қойса, бұзылады.
Сол күнгі оразаның қазасын өтейді. Хадисте: «Оразадан
тыс кезде мұрныңды жақсылап шай», – делінген. Демек,
оразада ғұсыл яки дәрет алғанда, ауыз-мұрынды шайғанда
тамақтан су өтіп кетпеуіне мұқият болуы ләзім.
Сұрақ:
Дәрет алып жатқанда байқамай тамақтан су
кетіп қалса, ораза бұзыла ма?
Жауап:
Ораза екендігін біле тұра тамағынан немесе
мұрын қуысынан байқаусызда болса да су кірсе, оразасы
бұзылады. Қазасын өтеуі міндет. Алайда, «ақыры оразам
бұзылды ғой» деп ішіп-жеуіне болмайды.
Сұрақ:
Ораза уақытында гүл сияқты хош иісті
Достарыңызбен бөлісу: |